Бұл күнде той мәселесі басылымдарда жиі жазылып жүр. Сол кісілердің пікірін қолдай отырып, осы тақырыпта ой қозғамақпын. Той дегеніміз – мәдениет. Кемі жүздеген адамға дастархан жайған осындай жиындардан біздің болмысымыз, жауапкершілігіміз, өзгеге құрметіміз көрінеді. Бірақ, бұл орайда жауапкершіліктен гөрі жауапсыздық, мәдениеттен гөрі мәдениетсіздік көбірек көрініс табатыны қынжылтады. Ең бірінші жауапсыздық – тойға кешігіп келетініміз. Қонақтар кешігіп келген соң, ол сауық ...
Read More »Мәдениет және өнер
Сәбилер бақытты болу үшін жаралған
Барлық бала тек қуанышқа, әрдайым шат-шадыман өмір сүруге лайықты. Олардың саф, таза, сыңғырлаған жарқын күлкілерінен асқан байлық та, бақыт та жоқ. Бала – өмірдің жалғасы. Балаға бақыт сыйлау әр ата-ананың міндеті. Елімізде балалардың жайлы, жақсы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалуда. Бала денсаулығына негізделген түрлі бағдарламалар басты бақылауда десек, «Балапан» бағдарламасы аясында соңғы, жаңаша үлгідегі балабақшалардың пайдалануға берілуі, түрлі, қызықты ...
Read More »Мысырды мойындатқан Бейбарыс
Санада сарғайған сартап сағыныш. Керуендей көшкен дәуірлердің ақ таңдақ парақтарын ақтарыстыра қалсақ, ұлы далаға таласқан, көз алартқан жаудың аз болмағанын білеміз. Алмағайып кезеңде, сағымдай селдіреген 13 ғасырда Қыпшақ даласында туылып, жаугершілік дәуірде тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып, мысырлық мәмлүктермен бірге әскери дайындықтан өтіп, құлдықты, ездікті еңсеріп, мәмлүк сұлтаны болған Бейбарыспен қазақ қалай мақтанса да құп. Моңғол шапқыншылығы мен крест жорықтарында асқан ...
Read More »Ала Тоонун ар жагында кыздар ойнап жатышат
жамбылдық делегация Қырғыз Республикасындағы Шу облысын 90 жылдық мерейтойымен құттықтап қайтты Алатаудың арғы бетінде ауылы аралас, қойы қоралас жатқан айыр қалпақты ағайын бар. Ол – қырғыз халқы. Сәлемі ғана түзу емес, сөзі, салты, мәдениеті ұқсас қос халықтың достығы ғасырлар бойы бірге жасасып келеді. «Қырғыз – қазақ бір туған» деп бауырлас ағайынды ата-бабаларымыз жатсынбай, ең жақын, туыс ел деп таныған. Жуырда ...
Read More »Айлан ару Астанаға аттанады
«Бала даусында» тараздық талант өнеріне тәнті етті Биыл елімізде «Бала даусы» ұлттық балалар ән байқауы жобасы бастау алды. Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры және республикалық «Жандану әлемі» қоры қаржыландыруда. Байқаудың бас продюсері және идеяның авторы – Әлия Назарбаева.
Read More »«Ән-жырым саған, Туған Ел!»
әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы II халықаралық ән байқауы мәресіне жетті Қарт Қаратау мен асқар Алатаудың төскейін жайлаған Тараз өңірі қазақ ән көгінде қырандай самғаған таланттардан кенде емес. Солардың бірі де бірегейі «Қара кемпір» туындысымен алашты тәнті еткен ән әлемінің корифейі, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев десек, артық емес. Жуалы ауданында өткен Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, Туған Ел!» атты II ...
Read More »Жаңабаевтар – Өнерлі отбасы
Көпке үлгі, өнегесімен танылған мәуелі әулеттің бірі – жуалылық Жаңабаевтар отбасы. Өнер дарыған Жаңабаевтар отбасылық ансамбль құрып, кейіннен халықтық ансамбль деген атаққа қол жеткізді. Өнер арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Жандарбек Жаңабаев мамандығы мұғалім болғанымен, нағыз өнерлі азамат еді. Бір өзі бірнеше аспапта ойнай алатын. Ал ән орындаудағы шеберлігі жайлы талмай әңгімелеуге болады. Әттеген-айы, ...
Read More »Көрме билеті қолжетімді болмақ
«ЭКСПО – 2017» көрмесінің билеттері 10 маусымнан онлайн тәртіпте, тамыз айынан бастап кассаларда сатылады. Көрмеге қатысу құны киноға бару билетінен аса қымбат болмайды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық Компаниясы» қоғамдық кеңесінің екінші отырысында басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты. Көрме құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталады деп жоспарланған. Және қазір «ЭКСПО – 2017» көрмесінің шығыстарын оңтайландыру жалғасуда. «ЭКСПО – 2017» ...
Read More »Дәстүрлі өнердің думаны да бөлек
«Ұлы дала сазы» республикалық фестивалі тараздықтарға тамаша көңіл күй тарту етті Дәстүрлі ән мен күй – халқымыздың көне заманнан бері келе жатқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, мұң-шері, асыл қуанышы. Осы орайда «Ұлы дала сазы» республикалық дәстүрлі музыка фестивалі өткенімізге үңілуге, өшкенімізді жаңғыртуға өз үлесін қосатын болады. Аталмыш фестиваль аясында өткен баспасөз конференциясында журналистермен сұхбаттасқан облыс әкімдігі ...
Read More »Ұлы даланың ұлы әуендері
Облыс орталығында республикалық дәстүрлі музыка фестивалі өтуде Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «Ұлы дала сазы» республикалық дәстүрлі музыка фестивалі соның бір айғағындай болуда. Айтулы фестивальдің алғашқы күні «Баласағұн» орталық концерт залына көптеп жиналған тараздықтар облыстық филармонияның концерттік бағдарламасын тамашалады. Концерт аталмыш филармонияның Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің ...
Read More »