елде тұратын белгілі ақын-композитор, әнші Төлеу Үшқоңыров туралы сыр Төкеңді, Төлеу Үшқоңыровты бала кезімнен білемін. Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық мүлікті талан-таражға салушыларға қарсы күрес бөлімінің бастығын милиция формасында көргенде түрі сондай сұсты көрінетін. Алайда, арагідік аудандық газетте жарияланып тұратын мақалаларымен қатар, лирикалық өлеңдерін оқығанда жүрегі нәзік жан екен-ау деп те ойлап қоямын.
Read More »Мәдениет және өнер
Әртістер салық төлеуге дайын ба?
Қой жылы басталысымен өнер адамдарына қойылар талап күшейе түсті. Еліміздің бірқатар заңнамаларына өзгерістер енгізіліп, салық жүйесіндегі кей баптар нақтыланды. Енді асабалар мен өнер адамдарының тапқан табыстары да уәкілетті органдар тарапынан есептелетін болады. Олар кәсіптерін заңдастырып, табысының белгілі бір мөлшерін салық ретінде мемлекетке төлеуі керек. Заңның орындалуы жолында салықшылар аянбайтындарын жеткізуде.
Read More »Жамбыл, Хантау мақтаныштары
Ауданның мәдениет және өнер күндері аталып өтті Ата-бабаларымыз ықылым заманнан бері ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, кемел кеңдікпен, ерен елдікпен артындағы ұрпағына аманат етіп қалдырған қазақтың ұлан-ғайыр ұлы даласының әрбір аймағының өзіндік орны, өз ерекшелігі бар десек, облысымыздың 44 пайыз аумағын алып жатқан Мойынқұм өңірінің де орны бөлек. Бақ-береке дарыған қасиетті де құтты өлкенің бір қиыры Бетпақтың белімен, ...
Read More »Тұлғаға арналған тағылымды іс-шара
2035 әскери бөлімінде Д.А.Қонаевтың туғанына 103 жыл толуына орай «Ғасыр толғантқан тұлға» атты тарихи-мәдени іс-шара өтті. Ширек ғасырдан астам қазақ елін басқарған тұлғаның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы сарбаздар мол мағлұмат алды. Іс-шара мақсаты – Д. Қонаевтың жақсы қасиеттерін жастарға айта
Read More »Айша бибі
ұлы махаббатты насихаттайтын тарихи фильм түсіруге бола ма? Кино – саясат қана емес, тарих. Әр кадрдың артында дәуір тұрады. Шыны керек, біз кино туралы көп айтамыз. «Голливудтың» фантастикасынан бастап, триллері, мелодрамасы туралы сөз еткенде, аузымыздың суы ағады. Болливудтың махаббатын жыр еткенде де таңдайымыз талмайды. Бүгін не көп, кино көп, кино
Read More »Әкелі-балалы суретшілер
халық ішіндегі дарынды жандардың біразы алыс аудан мен ауылдарда жүр. Олардың қатарына мүсінші-суретші Қойшыбай Төремұратұлы мен оның ұлы Бауыржан Тәжімұратовты қоссақ әбден болады.
Read More »Қазақ вальсінің королі
Шәмшінің әндері шырқалды «Қазақта әнші көп, бірақта Шәмші жоқ» деген сөздің өзі қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне, өнеріне деген елдің ізетін, көрерменнің құрметін аңғартып тұрса керек. Оның «Арыс жағасында», «Тамды аруы», «Сыр сұлуы», «Дүнген қызы» секілді әндері күні бүгін ретроға айналып үлгергенімен, елдің арасында әлі күнге шырқалып тұрады. Ән-ағаның әндерінен қазақ сахарасының лебі есіп, болмысы байқалып, картинасы көз алдыңа ...
Read More »Әзімбекті ардақтайық…
Әзімбек Жанқұлиев – елімізге айтыс өнері арқылы кеңінен танымал болған ақын. Халқымыз ұлттық дәстүрімізге әбден сусап, ақындар айтысын сағына, тағатсыздана күтетін сонау 1984-1990 жылдары өзіндік үнімен, жұп-жұмыр жырымен жарқ еткен Әзімбек жұртшылық жүрегінен берік орын алғаны мәлім.
Read More »Сынған кесе жамалмайды
«Күйеу мен қалыңдық» қойылымы осындай ойға қалдырды Бүгінгі таңда отбасындағы берекесіздік тарқауы қиын түйінге айналып отыр. Отбасындағы келеңсіздіктің соңы қоғамдық мәселеге ұласып жатқаны да содан. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дегеннің өзінде, ар жағында екі жастың түсініспеушілігінің соңы айырылысуға ұласып, онымыз әлеуметті әлекке салатын түйткілге айналып барады. Отбасы, ошақ қасындағы мораль, психология тәрізді мәселелердің ушыға түсуі театр сахнасынан көрініс табуы да содан.
Read More »Филармонияның киноконцерт жобасы
Көрермендердің көңілінен шықты Әрбір мазмұнды кинода бір ән немесе күй орындалатыны көрерменге жақсы белгілі. Бас кейіпкер шырқаған ән кейде өзге әншінің дауысы болатыны жасырын емес. Кино тарихында есімдері титрға жазылмай қалған әншілер де болған.
Read More »