Мәдениет және өнер

Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет министріне “негативті” фильмдер туралы ойлануға кеңес берді

Қазақстанның белді әртістері “халық қаржысына негативті фильмдерді түсіруді тоқтатуға” шақырған Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиді сабырлыққа шақырды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Мәдениет министрі «Қазақстанды масқаралайтын» деп қара тізімге енгізген кино жайында пікірін білдіріп, жұртшылықты тағы бір дүрліктірген еді. Айтуынша, Эмир Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары», «Риэлтор», Әділхан Ержановтың «Қожайындар» атты туындаларын шетел түгілі елде көрсетуге қарсы. Бір адам көрмеген осы ...

Read More »

Астанада масалар туралы үрейлі фильм түсірілді

Астанада масалар жайында «Өлгендермен селфи» атты қорқынышты фильм түсірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картинаның түсірілім жұмыстары аяқталды, фильм монтаждалып жатыр. Үрейлі оқиға Астанада болады, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді. Фильм режиссері әрі сценарий авторы — Ермек Шаяхмет. «Түсірілім жұмыстары Астанадағы белгілі жерлерде өтті, оның ...

Read More »

Қазақстан мен Ресей бірігіп, телехикая түсіріп жатыр

Қазақстан мен Ресейдің киномамандары бірігіп, жаңа телехикая түсіріп жатыр. Фильм орыс тілінде, 14 сериядан тұрады және «Ничего личного» деген атауға ие. Көрермендер оны «Хабар» телеарнасынан қыркүйек айында тамашалай алады. Жобаны Қазақстан мен Ресейдің бірлескен тобы жүзеге асыруда. Ресейлік тарап «Кухня», «Анжелика», «Интерны» және «Универ» сынды танымал телехикаялардың авторы. Ал, жаңа фильмнің басты режиссері де ресейлік мамандар тарапынан таңдалып алыныпты, ол ...

Read More »

Жұлдызы жоғары Жуалы

«Жер жәннаты – Жуалы» атанған ауданның жері шұрайлы, елі шырайлы, батырлар мен ақындардың мекені екенін көпшілік жақсы біледі. Батыр Баукеңнің кіндігі буылған, Халық жазушысы Шерағаң туылған, ақын Бауыржан Үсенов секілді таланттарды қазақ өнерінің аспанына жарық жұлдыз етіп жаққан қасиетті өлке өнерлі ұл-қыздардан ешқашан кенде болған емес. Оған аталмыш ауданның облыс орталығындағы Мәдениет және өнер күндерінде тағы да көз жеткізе түстік. ...

Read More »

Жамбылдың жолбарыстары қайдасың?

 Немесе  айтыс өнерінің облыстағы  жай-күйі хақында Айтыс – қазақтың қайсар болмысын, «Сен тұр, мен атайын» мінезін, шаршы топта сүрінбей сөз бастайтын шешендігін танытатын, сөйтіп  көрерменін қара өлеңнің құдіретіне таңдай  қақтыратын ғажайып өнер. «Айтыс – сөз барымтасы» деп  заңғар  жазушы Мұхтар Әуезов дөп басып айтқан. Тіпті, айтыскерлік өнер қазақ суырып салмалылығының  баламасы  секілді айтылып  келе жатқалы да жүздеген  жылдар жылжыды.  Демек, ...

Read More »

«Асыл-Ананың» әндері Астанада қалықтады

Киелі өнер айдынына 2006 жылдың қараша айында жол тартып, бүгінде өңірдің мәдени тынысына нәр беріп жүрген ардагер аналардың «Асыл-Ана» халықтық ансамблі өнерпаздарының биыл Астана күніне орай Елордадан шақырту алғанда, қуаныштарында шек болмады. Қазағымыздың қаймағы бұзылмаған халық әндері арқылы көрермен қауымның жүрегіне жол тауып, халық әнін дәріптеп жүрген аналарамыз алып-ұшып Астанаға жол тартты. Сөйтіп Астана мерекесіне орай ұйымдастырылған «Этно — фольклорлық» ...

Read More »

Таластың тербелген толқындары

Бұл күні домбырадан төгілген күйдің күмбірі, әуезді де әсем әннің әуені бәрі-бәрі Тараздағы тұңғыш Президент саябағының аспанында шағаладай шарықтап, шалқып, айналаны думанды кешке бөледі. Алтыбақан аясындағы бозбала мен бойжеткеннің әзілі, кимешек киген әжелердің ән-жыры, қазақы киіз үй маңындағы қызу тіршілік те көрер көзге керім көрініс сыйлап тұрды. Қазақ хандығының 550 жыл мерейтойына орай облыс орталығында осындай мерекелік көңіл-күйде өрбіген Талас ...

Read More »

Бабалар хандық құрған жер…

«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» керуені Шу, Мойынқұм аудандарында болды «Мәңгілік Ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы керуен тасын түртсең тарихы сөйлейтін Шу ауданына атбасын бұрды. Облысымыздың белді тарихшылары, өлкетанушы, мәдениеттанушы және айтыс майталмандарынан құралған топ алдымен аудан орталығы Төле би ауылына тоқтап, содан соң ескі Батыс Түрік қағанатының орталықтарының бірі болған Жайсаң жайлауына жол тартты. Бұл ...

Read More »

Қайран Құнанбай

ұлы Абайдың әкесі туралы фильм несімен құнды? Өз заманының қатал да әділ билік иесі болған, ұлы Абайдың әкесі Құнанбай тағдыры ешкімді де бейжай қалдырмайды. Осы орайда Досхан Жолжақсыновтың режиссерлігімен дүниеге келген «Құнанбай» фильмі тұлғаның талайлы тағдыры туралы  жан-жақты баяндайды. Жуырда ғана қалың көрерменге жол тартқан бұл картинаны өнерсүйер қауым кино өнеріндегі үлкен оқиға ретінде қабылдап үлгерді. Фильм тұсаукесері әуелі Семей ...

Read More »

Даланың Дауылпаз жыры ДАМЫЛДАМАЙДЫ

Облысымызда алғаш рет  дастандар мен қиссаларды жатқа айтушылар байқауы өтті Қазақ хандығының 550 жылдығы және 6 шілде Астананың туған күніне орай  «Дауылпаз жыры даланың» атты дастандар мен қиссаларды жатқа айтудан облыстық байқау өтті. Шараны облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Байқауға он бес үміткер өз өтініштерін білдіріп, бақ сынады.  Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы ...

Read More »