Мәдениет және өнер

«Тыңда, дала, Жамбылды!»

Тараз  төрінде  жыршы-термешілердің  республикалық  байқауы  өтті Қазақ сахарасын ғаламға әйгілеген ұлы абыз Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты республикалық жыршы-термешілер додасының түңлігі баспасөз мәслихатымен түрілді.

Read More »

Алып Ақын шығармаларына арналды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Ж.Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын шығармаларын зерттеудің теориялық мәселелерін қарастыру мақсатында ақынның 170 жылдығына орай «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Онлайн жүйеде өткен шараны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рахат Елубаева ашып, жүргізіп отырды. Жиында ақын шығармашылығы хақында Алмасбек Белботаев, Азиза Кәрібаева, Меңдібай Әбілұлы, Темірбай Мұқашевтар баяндама жасап, келелі пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, онлайн жүйеде байланысқа шығып отырған Әл-Фараби атындағы ...

Read More »

Кереге қанат Қырандар

Құсбегілер додасында Бағдәулеттің бүркіті озды Ұлттық спорт түрлерін дамыту басты назарда десек, атадан мұра болып келе жатқан ғажайып өнер құсбегіліктің қызығы да, қиындығы да бір басқа. Біз оны Б.Момышұлы атындағы «Атшабарда» екі күн бойы тамашалаған кісінің қанын қыздырып, рухын жаныған құсбегілер арасындағы республикалық турнирде жан жүрегімізбен сезіндік.

Read More »

«Жиендік» жасау жақсы емес

Қазір не керек, ән әлеміндегі көшірмелерден жаңылысатын жағдайға жеттік. «Есте сақта» деп аталатын паспорт әнімен елге танылған Ғаділбек Жанайдың «Ханшайымым» әні армян әніне ұқсаса да, «Меломен» тобының шырқайтын «Неге жылайды ару?» «шедеврі» «Wonder girls» тобының «Nobody» әнінің көшірмесі болса да, қыңқ демейтін күйге жеттік. Түрік, өзбек, молдаван, қырғыз әндерінен жасалған «жиендікті» тізейік пе? Жә, жетер.

Read More »

Көрермен көңілін сергіткен сазгер

Облыс орталығында мойынқұмдық ақын, сазгер Болатбек Әбішевтің «Қазағым» атты ән кеші өтті Бұл күні Мойынқұмнан ескен майда самалмен бірге Тараз төріне сиқырлы саз ырғақтары да жеткендей күй кештік. Әуелеген әндердің әдемі әсері көпшіліктің көңіл көкжиегін көктетіп, жүректерін жалындай шарпи түсті. Әуезді әннің сазынан, мағыналы мәтінінен елге, жерге деген махаббатты сезінгендей болдық. Зал толы көрермен де оқтын-оқтын қол шапалақтап ризалық білдіріп ...

Read More »

Ән өнерінің ардақтысы еді

Ән өнері үшін жаралған нағыз таланттар болады. Ондай дарын иесін тыңдағанда сан рет толқып, әлденеше рет тебіренетінің, көңіліңді ерекше саздың күйі тербеп, өзгеше әлемге еніп кететінің анық. Сондай сирек таланттың бірі – Алтынбек Оразбеков еді. Облыстық «Ақ жол» газетінің №18 (18212) санында жарияланған «Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын» атты мақаланы оқып, ерекше әсерге бөлендім. Дәстүрлі әннің бағына туылған, қазақтың екінші ...

Read More »

Ән-жырымен құрметке бөленген

Қай кезде де ел арасында ерлікті жырлап, кейінгіге үлгі ететін терме, жыр айтушылар болған. Асыл сөздің маржаны мен терең ойдың тұнығын әуезді әуенмен жеткізе отырып, тыңдаушыны асқақ рухқа, адамгершілікке, тазалыққа, қайырым мен мейірім сияқты адами қасиеттерге тәрбиелеу – жыршы-термешілердің негізгі мақсаты. Өз өнерімен көпшіліктің көңілін тауып жүрген сондай жандардың бірі – ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры, ...

Read More »

Жиырма — елдің береке-бірлігін ойлайтын жас

Айтыс өнері арқылы аты шыққан ақтаңгер ақын Мұхамеджан Тазабек жастармен ой бөлісті Тараз қалалық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек жамбылдық студент-жастармен кездесті. «Жастар. Қоғам. Болашақ» тақырыбында өткен басқосуды облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. 

Read More »

Құдайбергенмен нағашылы-жиен едік

Менің балалық шағымның басым бөлігі нағашым, «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаевпен өтті. Құдайбергеннің әкесінің (бәріміз «әке» дейтінбіз) төрт қызы болатын. Ең үлкен қызы Айшын Тәуекелова – менің анам. Ес білген кезде анамнан неге фамилияң Тәуекелова деп сұрасам, «барлығы Сұлтанбаевтар болып, мен ғана әкемнің атын шығару мақсатында осылай жаздым» деп мақтанышпен айтатын. Анам Құдайбергенді көргенде: «Арпа ішінде бір бидайым», – деп маңдайынан ...

Read More »

Ақиық ақынды еске алды

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігі мен ТарМПИ-дің «Жасын» әдеби-шығармашылық бірлестігі бірлесіп, ақиық ақынды еске алып, әдеби шара өткізді. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов сөз сөйлеп, ақиық ақынмен сан мәрте жүздесіп сырласқанын, Мұқаңның болмысы бөлек, орны ерек ақын болғанын сөз етіп, оралмас шақтарды сағынышпен еске алды. ...

Read More »