Мәдениет және өнер

Таразға «Тараз» келді

Кино – саясат, кино – идеология, кино – мәдени әлемді қалыптастырушы құрал. Сондықтан болар, халықтың киноға деген ынта-ықыласы, махаббаты кеміген емес. Әлбетте, кино да халық сұранысына, талғамына лайық болғаны абзал.

Read More »

Достықты дәріптеген өнерпаздар

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Гродеково ауылының Мәдениет үйінде ауылдық округтер арасында «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Онда Гродеково, Қызылқайнар, Полатқосшы ауылдық округтерінің күміскөмей әншілері мен көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Read More »

Kazakh TV мен Білім және мәдениет қосылды .

Әлемнің 100-ден астам еліне хабар тарататын Kazakh TV арнасы жаңа форматқа көшті. Телеарна жаңалықтарды 15%-ға дейін қысқартады. Оның орнына көрерменге қызықты бағдарламалар көрсетіледі. Телеарнаның мүмкіндігі өте зор. Себебі, Kazakh TV арнасының аудиториясы – 300 млн адам. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Kazakh TV арнасы жаңа форматқа көшіп отыр. Ол ...

Read More »

Көршіміз көңілдене жыр оқыды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында ақын, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Айыпберген Балтабайұлымен кездесу өтті. Әдеби кешке аталған университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. А.Балтабайұлы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің аумағында 25 кездесу өткізуді көздеген екен. Жоспарының орындалуын Шымкенттен бастаған ақын өзінің жетінші кездесуін тараздықтарға арнапты. Ақынның осы кезге дейін «Назеркем», «Ғашықтар әні», ...

Read More »

Ямайкадан келген ұстаздар

Ямайканың қайда екенін білесіз бе? Бұл – Кариб теңізіндегі оймақтай арал-мемлекет. Қай шетіне шықсаңыз да етегін су шайып жатқан ел. Ұшар басында селдір жапырағы жалбыраған пальма ағаштары сән беріп тұрған шетсіз-шексіз жағажай. Бамбук қайығынан еңкейіп қарасаңыз су түбіндегі жауһар тастар анық көрінетін мөп-мөлдір айдынды мекен. Мұның бәрін қайдан біліп алды деп отырсаңыз, айтайын. Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Ямайка азаматтары ...

Read More »

«Меніңше, Сен киелісің, келер ғасыр, Өйткені, киелі сан – жиырма бір»

дарынды ақын, сазгер Тынышбай Рахымның 70 жылдығы салтанатты іс-шарамен аталып өтті «Қадамыңа деші, дос, жыр гүлдегір…» Екі айналып келмейді бұл күнгі өмір. Не айтады екен дегендей, құлақ түріп, Елеңдейді еміне дүлдүл көңіл!.. Елім десе қашаннан Ер еңселі, Тасиын деп тұрғандай өлең селі. Қанат жая қуансам, адал досым, Шаттығымның төрінен көрем сені, – деп ақтарыла жырлаған, қарымды қаламгер, арқалы ақын, сезімтал ...

Read More »

Тереңнен тартқан тамырын

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай облыстық драма театрында «Музей – уақыт пен ұрпақтар байланысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Театр фойесінде музей мерейтойына арналып жарыққа шыққан «Музей – тарих айнасы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Кітаптың тұсаукесеріне арналған лентаны облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен мәдениет саласының ардагері Әлібек Әмзеұлы қиды. Бұл кітаптың ...

Read More »

Жайнай бер, көне Таразым!

Жыл өткен сайын жаңарып, келбеті көркейіп келе жатқан Тараз шаһары «Тәуелсіз елім, ұлы өлкем, сүйікті қалам» атты Қала күнін орталық стадионда айрықша сән-салтанатпен атап өтті. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңындағы өткен мазмұны кең, шырайы шарықтаған мерекелік концерт жастардың «I love Taraz» атты қойылымымен басталды. Салтанатты шарада Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелерімен құттықтай келе, ...

Read More »

«Қалсын қимас бауырлар, ескерер дос!»

Сарыкемер ауылында айтыс ақыны Әзімбек Жанқұлиевтың рухына арналған айтыс өтті «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп хакім Абай жырлағандай, қамшының сабындай қысқа ғұмырда үлкен жетістіктерімен есте қалатын адамдар болады. Солардың бірі әрі бірегейі байзақтық айтыскер ақын, Ауған соғысының ардагері Әзімбек Жанқұлиев еді. «Өмір деген, меніңше, ештеңе емес, өмір, өмір – өзінше көшкен елес, қай шамада жалт ...

Read More »

«Көне Таразда» елдің кемел келешегі ұлықталды

Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен өткізілген «Тәуелсіздік – тұғырым, Қазақ хандығы – ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын мереке-думанға бөледі. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаларды қала тұрғындары қызыға тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов шараға арнайы қатысты.

Read More »