Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Жұманқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қозғады. Ағымдағы жылы әлеуметтік-демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын, бұл бағдарламада халық денсаулығына және өміріне әсер ететін аурулар айқындалғанын айта келіп, әлеуметтік мәні бар сырқаттардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Марат Жұманқұловтың ...
Read More »Денсаулық
Ем алушылар да, демалушылар да дән риза
Денсаулық қазынадан да қымбат. Ал адам денсаулығын жақсартуда, сан түрлі сырқаттан сауықтыруда шипажайлардың игі әсері мол. Редакциямызға Оңғарбек Сәлімбай есімді зейнеткер ақсақал келіп, өзінің ем алып, демалып жатқан қала ішінде орналасқан «Taraz Resort & SPA» шипажайы туралы жазуымызды сұранып, ондағы қызметтің сапалылығы мен қызметкерлердің ілтипатты екенін жеткізді. «Өзімнің әрі демалушылар атынан шипажайдың жақсы тұстары жайлы, оның басшылары мен жетекші жәрдемшілері ...
Read More »Тағдырына мойымаған Салтанат
Біреу шіріген бай болса, біреу тақыр кедей. Біреудің дені сау, енді бірі таңға көз ілмей, жанына батқан сырқатын сылып тастай алмай күн кешеді. Тегінде сап-сау адамның жазым болып, мүгедекке айналғаны қиын. Әп-сәтте сағы сынып, өмірден баз кешіп кете жаздайды. Қиындықпен күресіп, ауруынан айығып, аяғынан тұру – ілуде біреудің ғана қолынан келетін іс. Салтанат Сәдуақасова – сол аздың бірі. Тағдыр қанша ...
Read More »Зерттеу нәтижесінде қатерлі ісіктің шипасы сәждеден табылды
Каир қаласының (Мысыр) Сәулелер технологиясы ұлттық орталығы сәжденің адамды қатерлі ісіктен сақтайтынын анықтады. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі сәжденің, әсіресе, жүкті әйелдерге барынша пайдалы екенін және түсік тастау қаупінің алдын алатынын, сонымен қатар, бірқатар физикалық және психологиялық ауруларға да оңтайлы әсер ететінін дәлелдеп отыр. Сәулелер технологиясы орталығының бөлім бастығы, биология профессоры Мұхаммед Зияддин Хамид бүгінде адамдарды жан-жағынан электромагниттік толқындар қоршап ...
Read More »Бір жасар сәби бензин ішіп, қайтыс болды
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның мәлімдегеніндей Балқаш қаласының бір жасар тұрғыны бензин ішіп қойып, қайтыс болды – дейді BAQ.kz порталы. «30 шілде күні таңғы 5.40-та бензин ішіп ауруханаға түскен сәби қайтыс болды. Ауруханаға түскенде жағдайы тым ауыр еді. Қатты уланған, бас миы ісінген, осының бәрі өлімге алып келді», — деді Айжан Иса. Бала 28 шілде күні ...
Read More »Сеулде қазақстандық баланың жүрегіне тегін операция жасалды .
Сеул қаласындағы «Северанс» ауруханасы қазақстандық балаға жүректің қан айналдыратын тетігін ауыстыру операциясын тегін жасады. Көп балалы отбасы клиниканың қайырымдылық шаралар бағдарламасына ілікті. Омар Ситербаев шыр етіп дүниеге келгеннен бастап жүрегінде кінәраты бары анықталды. Небәрі 9 айлық нәрестеге алғаш рет операция жасалады. Екі жылдан кейін оны тағы қайталау керек болды. Алайда екінші операциядан кейін де ағзасы жетіліп келе жатқан баланың жағдайы ...
Read More »Ауру жұқтырып, емделмей отыр
Алматыда туберкулез жұқтырған 22 науқас ем алудан бас тартып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. Прокуратурадағылар азаматтық істер бойынша туберкулез ауруына шалдығып, ем алудан бас тартып отырған азаматтарды еріксіз емдеу туралы сараптама жүргізді. Қаладағы туберкулезге қарсы ұйымдардың мәліметінше, Алматыда шілде айында туберкулезбен ауыратын 42 науқас ем алудан бас тартқан. Соттың шешімі бойынша 20 науқас ауруханаға ...
Read More »Жошыбаевтың жүрек орталығы
Президент қолдауымен ашылған болатын Кардиохирург-ғалым, Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейітхан Жошыбаевты білмейтіндер кемде-кем шығар. Халық алтын қолды дәрігер атайтын жерлесіміздің Тараздағы жекеменшік кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының жаңа ғимаратқа көшкеніне де біраз уақыт болып қалды. Осы кезге дейін кардиоорталық облыс орталығының шет жағындағы Тұрар Рысқұлов атындағы санаторийдің екі қабатты корпусын жалға алып келген еді. Алматыдағы ...
Read More »Саламат ты өмір – денсаулық кепілі
Жыл сайын жүрек қан тамырлары ауруларына шалдыққандарды анықтау мақсатында скринингтік тексерулер жүргізілетіні белгілі. Мәліметке сүйенсек, биыл 100807 тұрғын медициналық тексеруден өтуі тиіс екен. Бес айдың ішінде 46879 адам тексеруден өткізілген. Нәтижесінде 2045 жамбылдық жүрек дертінен зардап шегіп жүргені белгілі болып отыр. Туберкулез ауруының алдын алу үшін ұйымдастырылған осындай 1478 тексеруден 61376 адам өткен. Тараз қаласы №5 мөлтек ауданындағы жатақхана тұрғындары ...
Read More »Жүрегіміз ауырмасын
Соңғы жеті жылдан бері жүректің ишемия ауыруына шалдығып, асқынып, бойға күш түсіргенде, одан бетер мазалайтынды шығарды. Әр аурудың бір емі бар дегендей, мен сауығып кетуді бір Құдайдан тілеп, үмітімді үзген емеспін. Содан жуырда облыстық аурухананың кардиология бөліміне қаралып, ота жасаттым. Бөлім меңгерушісі, білікті кардиолог Рауза Жұбандықова ауруымнан құлантаза айықтырып жібермесе де, жағдайым жақсарып, бұрынғыға қарағанда әжептәуір өмір сүруге құлшынысым артты. ...
Read More »