Денсаулық

Жүрекке жүрексінбей ем жасаған…

Кардио және қан-тамыр хирургтарының конгресі өтті Тараздағы «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» ұйымдастыруымен және Қазақстан қан-тамыр хирургтары қауымдастығының атсалысуымен Республика кардиохирургтарының IV конгресі мен қан-тамыр хирургтарының І симпозиумы өтті. Екі күнге созылған жиында жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен оны емдеу жолдары, сондай-ақ, саладағы соңғы жетістіктер мен жаңалықтар талқыға түсіп, тәжірибелер алмасылды.

Read More »

«Самалға» барсаң, сауығып кетесің…

Еліміз жылдан-жылға тамаша жетістіктерге жетумен қатар, тұрғындардың өмір сүруіне, тұрмыс-тіршілігіне, денсаулығына баса көңіл бөлуде. Мұны өзіміздің облысымыз өмірінен де жиі көріп, көз жеткізіп жүрміз. Жасты да, қартты да емдеу-сауықтыру ісі жолға қойылған. Менің өзім де жуырда Тараз қаласының көрікті жеріне орналасқан «Самал» демалыс-сауықтыру кешенінде он екі күн демалып, көтеріңкі көңіл-күймен қайттым. Мекеменің іші-сыртының мұнтаздай тазалығы, дәрігер мамандардың мінсіз қызметі, аспаздар ...

Read More »

Қамкөңіл жандар қамқоршысы

Қалай дегенде де жасы келіп, жүріп-тұруы қиындаған, тағдыр тәлкегіне ұшыраған қарт кісілерге бел жазбай қызмет көрсетіп, күтім жасауға екінің бірі шыдас бере де алмайды. Мұндайда мінездің салмақтылығы, еңбеккештік, төзімділік аса қажет болады. Міне, осы қызметте Шолпан Мырзаханқызы жеті жылдан бері аянбай еңбек етіп, қарттардың да ұжымның да ыстық ықыласына ие болумен келеді. Оның жоғары білімі бола тұра бейнеті ауыр осы ...

Read More »

Цойдың сапары ой қосты

Өңіріміздегі денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдың облыстағы жұмыс сапары Тараз қаласындағы №6 қалалық емхананың жұмысымен танысудан басталды. Облыс әкімдігінің шешімімен «Жаншуақ» медициналық орталығы сенімді басқаруына берілген емхананың бас дәрігері Дүйсекүл Керімбаева мекеме ғимаратының өткен ғасырдың елуінші жылдарында пайдалануға берілгендігін, сондықтан жұртшылыққа медициналық қызмет көрсетудің заманауи талаптарына жауап бере алмайтындығын айта ...

Read More »

Тәні саудың, жаны сау

Темір жол бекеті бойындағы орталық алаңға орын тепкен қалалық емханаға ат басын бұрушылар көп-ақ. Дертіне ем, дауа іздеген халық осында қайырылып, ақ желеңді абзал жандардың көмегіне жиі жүгініп жатады. Кешенді құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін емхана ғимаратының іші бұрнағыдан да әдемілене түскендей. Бұл да болса сырқат жандардың жайсыздық пен көңілсіздіктен арылуына сеп. Олар мекеме табалдырығын аттап кіргеннен-ақ сырқатты екендіктерін де ұмытып, ...

Read More »

Тараздықтар белсене қатысты

Өткен сенбіде облыс орталығындағы екі жарым мыңға жуық адамға арналған «Тараз-Арена» спорт сарайында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруы және облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, ішкі саясат және басқа да тиісті басқармаларының қолдау көрсетуімен «Салауатты өмір салтын ұстан» ұраны аясында «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясының ашылу салтанаты өтті. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева сөз алып, фестивальға қатысушылардың табысқа жетуіне ...

Read More »

Көкталдың емі дауа, ауасы шипа

Қарт Қаратаудың шатқалын қақ жарып етекке құлайтын, соңы созалаңдап барып Ащыкөлге құятын Көктал өзенінің бойына орналасқан Көктал емдеу-сауықтыру кешені кеншілердің жыл бойы демалып, ем қабылдауы үшін 1978 жылы ашылған. 

Read More »

Сақтансаң, сау боларсың

Конго-қырым геморрагиялық қызбасының (безгек)  вирусы адамдарға көбінесе кенеден және үй жануарларынан жұғады. Бұл індет адамнан-адамға сырқаттың қанымен, нәжісімен, ағзасының басқа да сұйықтықтарымен тығыз қарым-қатынас жағдайында болғанда, медициналық жабдықтарды, материалдарды тиісінше зарарсыздандырылмаған күйінде және инені екінші рет қолданған кезде таралуы мүмкін. Кене шаққаннан кейінгі инкубациялық кезең үш, ең әрі кеткенде 9-10 күнге созылады. Ауру белгілері адамның дене қызуы күрт көтерілуінен, бұлшықеттің, ...

Read More »

Халық денсаулығын қорғау – қастерлі міндет

«Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы». Қазақстан Конституциясы,  ІІ бөлім, 29-бап, 2-тармақша. Негізі, жүрек дертіне шалдыққандарға кардиохирургиялық көмек тегін көрсетіледі.     Жалпы, Қазақстан Конституциясы бойынша республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы. Оның ішінде кардио­хирургиялық көмекті де. Еліміздің медицина саласындағы ең басты жетістігі де осы. Кардиохирургиялық бір операцияның құны шамамен бір жарым ...

Read More »

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Барлық деңгейдегі әкімдердің жылына бір рет жергілікті мәслихаттар депутаттары алдында есеп беруі Елбасы ұсынған институционалдық реформаларды жүзеге асырудың алғышарты болып табылады. Бұл үрдіс, біріншіден, стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының орындалуын бақылауда ашық есептілікке жол ашса, екіншіден, алдағы атқарылар жұмыстарды кеңесіп шешуге мүмкіндік береді. Ортақ мақсатты көздеген қос құрылымның бірлігі облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен ХХХІХ сессиясында айқын көрініс тапты. ...

Read More »