Денсаулық

Қазақстанда 11 бүлдіршіннің бауыры ауыстырылған

2016 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан хирургия қызметінің жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтуде. Оның барысында трансплантологияның өзекті мәселелері, шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері, интервенциялы кардиологиядағы, аритмологиядағы, ангиохирургиядағы жаңа бағыттар қарастырылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  баспасөз қызметінен хабарлады. ҚР ДСӘДМ А.Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық ғылыми ...

Read More »

Елімізде иппотерапияның мамандары жоқ – Жанар Алсаева

Жылқы туралы айтқанда ең әуелі оның қазы-қартасы мен қымызы еске түседі. Қарыны тоқ, қайғысы жоқ қазақ үшін жылқының қызығы осы екеуі ғана секілді болып елестейтіні де өтірік емес. Әйтпесе қаны да, жаны да жылқыдан ажырамас қазақ үшін осы бір қылқұйрықтының пайдасы шаш-етектен екенін ешкім де жоққа шығармасы анық. «Тебінгісі терге шіріп, терлігі майдай еріп» өткен кешегі бабаларымыздың тұсында жылқының емдік ...

Read More »

Ғалымдар рак ауруын жеңудің әзірге ең тиімді әдісін тапты

Иммунологиялық терапияда қолданылатын жаңа препарат рак ауруымен күресте революция жасауы мүмкін. Еуропа онкологиялық конгресінде жария етілген зерттеулердің нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Бұл туралы BBC News «Иммунотерапияға арналған препараттар ракпен күресте жаңа дәуір басталғанын білдіреді» атты мақалада жазады. Онда айтылғандай, зерттеулердің бірінде дәрігерлер бас және мойын рагімен ауыратын адамдарды жаңа препаратпен емдеп, бақылаған. Әдетте рактің бұл түрлеріне шалдыққан науқастың жазылуы өте ...

Read More »

Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды

Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды. Бұл туралы «Хабар24» жазды. Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесе жасады. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген. Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Украина мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, ...

Read More »

Соңғы 10 жылда Арал өңірінде 60 адамға ғана трансплантация жасалған

Елімізде трансплантация қызметін көрсетуге толық мүмкіндік бар. Алайда бұндай операциялар науқастар үшін әлі де қолжетімсіз болып тұр. Оған донор тапшылығы — басты себеп. Бұл туралы Қызылорда қаласында өткен қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесіне арналған семинарда айтылды. Бүгінде елімізде 3246 адам осындай мүмкіндікке зәру, олардың 51-і – Арал маңының тұрғыны. Соңғы 10 жыл ішінде өңірде 60 адамға ғана трансплантация жасалыпты. Тек ...

Read More »

Бірінші байлық –Денсаулық

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Қазақстанның әлемдік саяси аренадағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі 25 жыл ішінде еліміз елеулі табыстарға қол жеткізді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды, әлеуметтік ахуал тұрақтанды. Елбасының алдымен экономика, содан кейін саясат деген ұстанымы өз жемісін берді. Соңғы жылдарда елімізде демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылдан бастап халық саны төмендеген болса, 2000 ...

Read More »

Перзентханадан шықпай-ақ перзентінің құжатын алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қанатқақты жобаны жүзеге асыра бастады. Жаңа жоба шеңберінде жас босанған аналар баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану мен жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды перзентханада-ақ жүзеге асыра алатын болды. Жоғарыда аталған 4 бірдей қызметке перзентханада бір мезгілде өтініштер қабылданбақ. Демек, жас аналар немесе ...

Read More »

«Денсаулық» бағдарламасы дамуға бастайды

Толқын Өмірбаева, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі орынбасары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам» – Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 15 қаңтарынан бастап 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Аурушаңдықтың алдын алу, адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыру және саламатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан бағдарламадан ...

Read More »

Елімізде дәрігерге қаралу бір жыл ішінде 20 пайызға қымбаттап кеткен

Елімізде дәрігерге қаралу бір жыл ішінде 20 пайызға қымбаттап кеткен, — деп хабарлайды ranking.kz. Жаз соңында бір реттік дәрігерге қаралу ҚР бойынша орта есеппен 2041 теңгені құрап, бұрынғы бағаға қарағанда 20 пайызға өскен. Үлкен қалалар мен мегаполистер арасында бір реттік қаралу ақысы ең орта бағасы Алматыда байқалған (3677 теңге, 30,5 пайызға өскен), ең төмен баға Қарағандыда (1253 теңге, бір жылда 5,2 пайызға өскен). ...

Read More »

Денсаулық сақтау министрлігі журналистер арасында байқау жариялайды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі журналистер арасында ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша үздік жарияланымдар республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті ...

Read More »