Тараз қаласы

Қазақстан аймақтарында қайтадан күн жылынады

“Қазгидромет” РМК ақпаратына сәйкес, күздің алғашқы айы аяқталуда, бірақ жазғы жылу Қазақстанның кейбір аудандарында сақталып тұр. Қазіргі таңда республиканың батыс өңірінде ауа температурасы +26-30 градусты көрсетуде деп хабарлайды AlmatyNews. Синоптиктердің болжамынша, батыста жылы ауа райы алдағы үш күн бойы сақталады. Ал шығыстағы таулы аудандарда түнде жауын-шашынды, кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Сынап бағанасы 3-8º көрсетеді. 29 қыркүйек күні Алматыда күн ...

Read More »

AlmaTV: cандық технологиялар дәуірінің стандарттары

AlmaTV сандық телевизиясы көрермендерге осы сала­дағы заманауи технологиялардың барлық артықшы­лықтарын: жоғары сапалы бейне мен дыбыс, қосымша нүктелер рахатын көруге мүмкіндік береді. Енді оны үйдегі немесе пәтердегі басқа бөлмелерден көруге болады. Бүгінгі сандық ТВ – бейне мен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз ететін сигнал берудің заманауи стандарттары. Сандық ТВ көрерменге теледидарды рахаттанып көруге жағдай жасайды. Сандық телевизияның осы сияқты басқа телевизияның алдындағы ...

Read More »

Көне Тараздың қақпасы

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына кіреберісте қақпа орнату құрылысын алматылық «Базис А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Нысанның әсемдігі алыстан көзге оттай басылады.  Ерекше нысан жобасын Алматыдағы Қазақ мемлекеттік архитектуралық академиясының ғалымдары жасаған. Тамызда басталған құрылыс аяқталуға таяу. 50 құрылысшы және қызметкер нысан басында уақытпен санаспай еңбек етуде. Сөйтіп, ...

Read More »

Қазақтың домбырасы

Профессор Ғалым Исабаевтың жобасы аяқталып келеді Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында бірнеше жоба құрылысы аяқталуға жақын. Солардың бірі – «Домбыра» алаңшасы мен «Тараз әуендері» стеласы. Бұл екі нысан бір жобаның аясында жүзеге асуда. Жобаның авторы – алматылық профессор Ғалым Исабаев. Мердігері – алматылық «Эверест Инвест-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалпы, құрылыс тамыз айының орта тұсында басталған. ...

Read More »

Шаһардың шырайын ашқан «Мыңбұлақ»

Тарихи тойға тарту ретінде қолға алынған нысанның бірі – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы «Мыңбұлақ» гүлзары. Бұл құрылысқа Батыс Қазақстан облысы 100 миллион теңге қаражат бөліп отыр.  «Мыңбұлақ» жобасының авторы – академик Ескендір Мүсілімұлы. Бұрын «Жібек жолы» бойында хандар демалатын «Мыңбұлақ» демалыс орны болған екен. Гүлзар атауы сол тарихи жағдайға байланысты алынған. Гүлзар құрылысының жұмысына Жандос Бекмұратов басқаратын «Темір-байлық» жауапкершілігі шектеулі ...

Read More »

Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім…

Тұлпарлар тұяғының дүбірі естілетін атшабардағы жұмыс аяқталып келеді Мұндағы тынымсыз тіршіліктің қарқынын байқау мақсатымен атшабар маңына барғанымызда мердігер компания – «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-ның құрылыс менеджері Еркебұлан Айтқұловты құрылыс басынан жолықтырдық.

Read More »

Қазақ әйелі

Ең ықпалды бірнеше президентті шаң қаптырды Әлемнің ең ықпалды әйелдері рейтингінде Гүлжан Молдажанова АҚШ ханымы Лора Буш пен Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветаны және бірнеше президенттерді шаң қаптырған. Әлемнің ең ықпалды әйелдер тізімін үш жыл қатарынан Германия канцлері Ангела Меркель бастап келеді. 2005 жылы бірінші орында болған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгінде 7 орынға түскен. 17 орында Украинаның премьер-министрі Юлия ...

Read More »

тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ

Атшабардағы сенбілікке 750 адам белсене қатысты Өткен сенбіде облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласындағы Атшабарда сенбілік ұйымдастырылып, ондағы мерейтой қарсаңындағы дайындық жұмыстарының барынша тиянақты әрі жылдам аяқталуы қаперге алынды. Облыс әкімдігінің барлық басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылған сенбілікке жеті жүз елу адам қатысып, таңның атысынан күннің батысына дейін аянбай тер төкті. Олардың жартысынан астамы өңіріміздегі спорт мекемелерінің қызметкерлері екенін айтып өткен жөн. Сенбілікке ...

Read More »

Шолу мұнарасы биіктеп барады

Елордалықтар Таразға тартуын сәтті аяқтап келеді «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы шолу мұнарасының құрылысына 122 миллион теңге бөлінген. Құрылысқа қажетті қаражатты Астана қаласы бөліп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз үлестерін қосып отыр. Мердігер компания – Тимур Манашев басқаратын «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Read More »

«Көне Тараз» мұражайы алыстан көз тартады

нысан уақтылы іске қосылады Қазақ  хандығының  550  жылдық мерейтойы жақындаған сайын дайындық жұмыстары  қыза түсуде. Қазіргі  таңда Тараз  қаласындағы негізгі  құрылыстардың көпшілігі аяқталуға  жақын. Мерейтой  аясында  құрылысы бітуі  тиіс  ең үлкен  нысанның  бірі –  «Көне Тараз» ашық  аспан астындағы мұражайы. Мұндағы  жұмыс мамырда басталған. Қазіргі  таңда бірнеше компания іске  қызу кіріскен. Жалпы,  бұл этноорталықта  бірнеше  жоба қарқынды  жүзеге  асып   ...

Read More »