Тараз қаласы

“Ақ жолды” асыға күтеміз

Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. Жасыратыны жоқ, біздің өңірде облыстық «Ақ жол» газетінің алатын орны ерекше. Басылым уақыт тынысын дөп басып, қасиетті Әулиеата өңірінің жұртшылығымен біте қайнасып келеді. Әсіресе, газет бетіндегі кейінгі тың ізденістер, жаңа айдарлар мен жобалар көптің көңілінен шығуда. «Оқырман отауынан» ел-жұрттың ой-пікірлерін, көкейде жүрген түйткілдерін кездестіруге болады. Жалпы, газеттің әрбір санында оқырман хаттарына көбірек ...

Read More »

Облыстың алғашқы ақпарат агенттігі

Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыста алғашқы ақпарат агенттігі жұмыс істей бастайды. «Zhambyl News» ақпарат агенттігі (www.zhambylnews.kz) облыстың тыныс-тіршілігін аймағымыздан бөлек, республикаға тарататын болады.

Read More »

Ата-аналардың алаңдауына негіз жоқ

Үстіміздегі жылғы 17 қарашада Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәні кабинетінде орын алған оқыс оқиға қалың жұртшылықтың, оның ішінде ата-аналардың айрықша алаңдаушылығын туғызған. аталмыш оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылып, өңірлерге оқу гранаталарын сабақта қолданбауға және теориялық бөліммен оқыту тапсырылған. Бұл мәселе кеше облыстық әкімдікте өткен кеңестің күн тәртібіне де өткір қойылды. Осыған байланысты облыс әкімдігі ...

Read More »

Ұлт көшбасшысыНЫҢ жеңісі

Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті ретінде елін белестен-белеске шығарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қазірдің өзінде тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып тұр. Оның жөні де бар. Елбасының елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірудің өзі неге тұрады?! Елордасын Еуразия орталығына көшіруге көп жұрт қарсы тұрды. Сонда біздің Тұңғыш Президент өзінің туған күніне орай, сессия шақырып, Жоғарғы Кеңес мүшелеріне түсіндіре отырып орданы – ...

Read More »

Жобалардың жүзеге асуын желтоқсан айтады

Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың жайы қалай? Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімі аппаратының кеңесі өтті. Онда облыстың үстіміздегі жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне дайындық барысы күн тәртібіне қойылды. Алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов хабарлама жасады.

Read More »

ЕРТЕҢІМІЗ НҰРЛЫ БОЛУЫ ҮШІН

Қайырбек АСАНОВ, ақын.  Егер біз жұмыр жерді ортақ үйіміз десек – онда сол үйдің бір мүшесі ретінде қазақ елін де айтар едік. Өйткені, баршамызға ортақ – жалғыз аспан, жалғыз жер, жалғыз ауа екендігі белгілі. Осы үйге қатысты барлық ішкі және сыртқы саясаттың мәселелері біздің елге де қатысты. Одан өзіңді сырт ұстау – әлемдік өркениеттен қалыс қалу деген сөз.

Read More »

ОЙЫМЫЗДАҒЫНЫ ДӨП БАСТЫ

Кенже  БАЙТЫҚОВА, жеке кәсіпкер. Қай заманда да ерінбей еңбек еткеннің екі бүйірі шыққан. Ешкімге алақан жаймаған. Әсіресе, еліміз Тәуелсіздігін жариялағалы бері жеке кәсіпкерлікке кең жол ашылды. Тірліктің көзін тапқандар, табыстың өзін тапты. Елбасының кәсіпкерлерге деген қамқорлығы орта және шағын бизнестің қанат жаюына мол мүмкіндіктер беріп отыр. Мысалы, биыл кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялауы құлшынысымызды одан сайын арттырды.

Read More »

АЛЫсымыз жақындайтын болды

Соның арқасында шағын және орта бизнес те өркендейді Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие…» деп атап көрсетуі Шу ...

Read More »

Баламасы жоқ «База-servis»

Соңғы жылдары облыста құрылыстың қарқыны артып келеді. Мемлекеттік нысандарды айтпағанның өзінде, жеке үй құрылыстары қалада да, ауылда да бір-бірімен жарысып тұр. Бұған Тараз қаласы мен аудандардың бас жоспарларының бекітіліп, сол бойынша жүргізілген егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстарының септігі тиген шығар. Себебі, елді мекендердің бас жоспарлары негізінде тұрғын үй салу мақсатына мыңдаған гектар жерлер бөлініп, ол учаскелер кезекте тұрған азаматтарға беріліп жатыр. Сондықтан, ...

Read More »

2014 жылғы қаңтар-қазандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ 2014 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 221629,6 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 2013 жылғы сәйкес кезеңге 102,5%-ды құрады.

Read More »