Тараз қаласы

ГОЛОВКИН РИО ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСПАЙДЫ

ГОЛОВКИН РИО ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСПАЙДЫ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның чемпиондарына Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға тыйым салды, — деп хабарлайды vRINGe.com сайтына сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі. «WBC жоғары дәрежедегі кәсіби боксшылардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатыспайды деп үміттенеді. Себебі бұл өте қауіпті. Осы мәселе түбегейлі шешілмейінше, шараның форматы толықтай нықталмайынша, WBC рейтингтегі үздік 15 боксшыға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салады» делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) ...

Read More »

ҚЫРЫҚ ЖЫЛДАН СОҢ АЙТЫЛҒАН СЫР (әңгіме) -Анау-мынау емес,  қырық жылдан кейінгі кездесу ғой, бірдеңе жазатын шығарсың. Үндегем жоқ. Бір жолы бірге оқыған құрдастар жайлы жазам деп басым бәлеге қалған. Фельетон мен көркем әңгіменің ара жігін ажырата алмайтын әңгүдіктер әңгімнің ішінен өздерін «тауып», ал кеп туласын. Ат құйрығын шорт кесісетін кісілерше шапшығандары сонша, кейбірі әлі күнге дейін ожырайып жүр. Бірақ Марат ...

Read More »

Жамбыл жырау рухына тағзым

Жамбыл жырау рухына тағзым

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевт­ың туғанына 170 жыл толды. Айтыс әлемінің ақтаңгері атанған абыз ақынның мерейтойы ел көлемінде кеңінен тойлануда. Ұлы ақынның туған күніне орай Төле би көшесінің бойындағы ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Бұл күні күн көкжиектен көтерілісімен қала жұртшылығы орталық алаңға таяу маңдағы жыр алыбының еңселі ескерткішіне қарай ағылды. 

Read More »

Елімізде жаңа автомобильдер саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады

Елімізде жаңа автомобильдер саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады

Елімізде жаңа автомобиль саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автомобиль бизнесі ассоциациясына (ҚАБА) сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар айындағы ресми сауда нарығы соңғы 4,5 жылдағы (2011 жылдан бері) жаңа минимумға жетіп отыр. Жыл бойынша салыстырғанда сауда 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 55,25 пайызға дейін құлдыраған. «Осылайша, қаңтар айының нәтижесі ҚАБА-ның болжамынан төмен болып шықты. Елдегі ...

Read More »

«Жақсы адамдардан жақсы қасиеттер жұғысты болады»

«Жақсы адамдардан жақсы қасиеттер жұғысты болады»

– дейді «Бүкпесіз әңгіменің» бүгінгі қонағы белгілі журналист, публицист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген «Алғашқы мақаламды төртінші сыныпта жүргенде жазғанмын» – Мейрамбек Мылтықбайұлы, қазіргі емен-жарқын әңгімемізді сіздің балғын балалық шағыңыздан бастасақ. Журналист болсам деген ойға ең алғаш қашан, қандай жағдайға (оқиғаға) байланысты бекіндіңіз?

Read More »

Головкиннің келесі қарсыласының есімі аталды

Головкиннің келесі қарсыласының есімі аталды

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді, — деп хабарлайды Boxrec.com. Дегенмен кездесу ресми түрде расталған жоқ. Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазды. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 23 сәуір күні Калифорниядағы «Форум» аренасында өтеді. Айта кетейік, Уэйдтің Головкинге қарсы жұдырықтасатыны Туреано Джонсонның жарақат алып, кездесуден бас тартуынан кейін ...

Read More »