Тараз қаласы

Ұлы тойға дайындық Ұланғайыр

Өңірімізде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Еліміздің он төрт облысы мерейтойдың лайықты өтуіне атсалысып, көгалдандыру, көгеріштендіру жұмыстарына қол ұшын бермек. Оның ішінде жеті облыс, анығырақ айтсақ, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстаннан келген азаматтар жұмысқа кірісіп кетті.

Read More »

ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ!

Бейсенбі күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өз өкімімен үш ауданға жаңадан басшылар тағайындады. Кәрім Нәсбекұлы алдымен Мойынқұм өңіріне ат басын бұрып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Онда облыс басшысы ауданның бұрынғы әкімі Болат Мәдікеновтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты осы лауазымға Шу ауданының тізгінін ұстап отырған Бақытжан Нүркеновтің кандидатурасын ұсынып, өмір жолымен таныстырды. Облыс басшысының кандидатурасын аудандық мәслихаттың депутаттары бірауыздан ...

Read More »

Мемлекеттік туымыздың мәртебесі асқақтай берсін!

Ту – үлкен жауапкершілік жүктейді Соңғы жылдары рәмiздердiң қоғамдық насихатына зор мән берiлуде. 4 маусымның Мемлекеттiк рәмiздер күнi ретiнде жариялануы – осы бағыттағы аса үлкен қадам. Бұл – мемлекет үшiн айрықша атаулы күн. Мұны рәмiздерге ғана емес, сол рәмiздердiң иесi – елге деген құрмет деп бiлуiмiз керек. Мемлекеттік символика кез-келген егеменді мемлекеттің құндылықтар сәйкестігін айқындауда және ұлтты біріктіруде маңызы зор ...

Read More »

Мерекелік медальдар тапсырылды

Мемлекеттік рәміздер күнінің құрметіне орай облыстық «Достық» үйінде Қазақстан халқының бірлігін, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін бір топ азаматқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы салтанатты түрде тапсырылды. Салтанатты шараны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова ашып, жиылғандарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Елімізде тұрақтылық пен ...

Read More »

Туымыз биіктей берсін!

Еліміздің мемлекеттік рәміздері Қазақстанның мемлекет ретіндегі болмысын, бейнесін айқындай түседі. Туымыздың биіктерден көріне түсуі үшін әрбір қазақстандық борыштар. Өйткені, ол – біздің баға жетпес байлығымыз.

Read More »

Рух беретін айбарым – аспан түстес байрағым!

Әр спортшы аламанға түсер кезінде өзіне қолдау білдіретін, ағайын-туыс, жанашырлары мен  жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысады. Ал әлемдік байрақты бәсекелерде сол спортшыларымыз өзінің артында бүтіндей бір ел, бір халықтың тұрғандығын сезінеді. Сол халықтың сенімінен шығуға, үмітін ақтауға тырысады, барын салады десем, өтірік емес.

Read More »

Көк Тудың желбірегені – жаныма қуат береді

Қазіргі таңда спортшыларымыз халықаралық, әлемдік турнирлер мен бәсекелерде жеңімпаз атанған сәтте елдігіміздің айрықша белгілері – рәміздеріміз салтанат құрады. Көк байрағымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Сол сәттегі жеңімпаз атанған әр спортшының мерейі асып, көңілі таситын әсерлі сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен мұны Афины Олимпиадасындағы жеңісімде өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Бір ғана менің емес, кез-келген спортшының негізгі арманы байрақты ...

Read More »

Көк тудың желбірегені – елімнің асқақ беделі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні облысымызда кең көлемде аталып өтті Отанды сүю – рәміздерге құрметтен басталады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын елімізде асқақ рухпен, шалқар шабытпен аталып өтеді. Бұл – тәуелсіздігімізді төрткүл дүниеге танытып тұратын қасиетті құндылықтарға деген құрметтің белгісі. Биыл да солай болды. Мерекелік шаралар Тараз қаласындағы  орталық «Достық» алаңында «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Гимнім!» атты ...

Read More »

Халқы үшін туған қайраткер

Облыс ардагерлері Сәлімгерей Тоқтамысов туралы жақсы білетін болуы керек. Сонау 1965-1985 жылдары  облыс басшыларының арасында кескін-келбетті, нар тұлғалы, болмысынан тектіліктің  нышаны көрініп тұратын, тіпті, «Қазақ деген халықтың ұлдары осындай болады»  деп, мақтанышпен көрсетуге болатын бір азамат  жүрсе, міне, сол адам Сәкең болатын.

Read More »

Тараздағы қымызмұрындық

халықаралық деңгейде өткен төл мерекеге Моңғолия, Қытай, Түркия және Ресей елдеріндегі қандастарымыз келді Ақшаңқан киіз үйлер алыстан көз тартады. Екі-үш жерге құрылған алтыбақан маңында балалар асыр салып ойнап жүр. Ақ кимешегін сәнмен ораған аналардың мамырлай басқан жүрісі ақ бұйра бұлттар жер бауырлай көшіп бара жатқандай әсер қалдырады екен. Оқалы бешпент, бүрмелі көйлек киген қыздардың сыңғырлаған күлкісі тойлы ауыл­дың сәнін ашып ...

Read More »