Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) президентінің орынтағына таласады. Оның қарсыласы — федерацияның қазіргі басшысы, сонымен бірге өзгелерді басқа планеталықпен байланысқандығына сендіруге тырысумен аты шыққан Кирсан Илюмжанов, деп жазады Би-би-си. ФИДЕ президентін сайлау дүйсенбі күні норвегиялық Тромседе осы ұйымның Бас Ассамблеясының бірінші жұмыс күнінде өтеді. Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясын 1995 жылдан бастап 19 жыл бойы ...
Read More »Спорт және туризм
Аренада ауыл жасөспірімдері
Республикалық додада жамбылдықтар үштікке ілінуді көздейді Төрт жылда бір рет өтетін дода бейсенбі күні «Тараз-Арена» спорт кешенінде жас спортшылардың шеруімен басталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов қатысты. Қалижан Серікұлы өз сөзінде республикалық деңгейде өтетін бұл жарыстың ауыл жеткіншектері арасында спорт түрлерін дамыту, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылатынын тілге тиек етіп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Read More »«Еурожорықты» жалғастырады
«Ақтөбе» мен «Астана» плей офф кезеңіне шықты Еуропа чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан Румынияның үздігі – «Стяуа» командасы ақтөбеліктер сияқты меймандостық танытпады. Бухарестте өткен қарымта матчта алаң иелері мәселені бірінші таймда-ақ шешіп алды. Олар үзіліске дейін Андрей Сидельников қорғаған қақпадан екі рет саңылау тапты.
Read More »Қанаттың қарқыны қатты
Кәсіпқой боксқа осыдан екі жыл бұрын ғана ауысқан Қанат Исламның қарқыны қатты. WBA тұжырымдамасы бойынша бірінші орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақ баласы бүгінгі күнге дейін 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол кеше Колумбияда өткен кезекті шайқасын да сәтті аяқтады.
Read More »Қазақстан бокс федерациясының кубогы: Жамбылдықтар ширек финалда турнир чемпиондарын жолдан тайдырды
Кеше «Қазақстан бокс федерациясы кубогының» ширек финалдық кездесулерінің екінші күні аяқталды. Бұл кезеңде «B» және «D» тобындағы командалар бақ сынасты. Орал қаласында «B» тобының (Астана, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының құрамалары) мықтылары анықталды. Елордалық құрамды Жамбыл облысының боксшылары 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Астана құрамасы бұған дейін турнирдің чемпиондары саналып келген. Қарағандыда өткен сында Алматы және Қарағанды ...
Read More »Қос қазақстандықтың есімі Күрестің даңқ залына мәңгілікке жазылды
Швейцарияда орналасқан ФИЛА-ның штаб-пәтеріндегі Күрестің даңқ залына қос қазақстандықтың есімі жазылды. Мұндай атаққа Вадим Псарев пен Жақсылық Үшкемпіров лайық деп табылыпты. Бұл Ташкентте өткен ФИЛА конгресі кезінде белгілі болды. Айта кетейік, даңқты қазақстандық жаттықтырушы Вадим Псаревтің шәкірттері халықаралық деңгейдегі 100-ге жуық марапатқа ие болған. Солардың ішінде ең жоғары дәрежеге жеткен — олимпиаданың екі дүркін чемпионы Валерий Рязанцев болды. Сондай-ақ, бұл ...
Read More »Головкин күн санап күшеюде — Санчес
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес бәсекелестік жағынан қазақстандық боксшы баяғыда-ақ Андре Уордты артқа тастады деп есептейді. Бұл жөнінде «Вконтактедегі» GGG парақшасында хабарланды. «Головкин күн санап күшеюде және өткеннің ұлы боксшыларына жақындай түсті деп сенемін», — дейді бапкер. «Андре мен промоутері арасында түсініксіз жағдайлар орын алуда, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отыр. Бірақ соған қарамастан егер ол Головкинмен жекпе-жек өткізетін болса, ...
Read More »Қазақстан УЕФА рейтингіндегі үздік нәтижесін қайталады
Елордалық «Астана» командасының Стокгольмдегі жеңісінің арқасында Қазақстан УЕФА рейтингінде 3.125 ұпай жинады. Осылайша, өткен маусымда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне Қарағандының «Шахтері» шыққан кездегі нәтиже қайталанды. Биылғы жылы қазақстандық клубтар Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында 20 ойын өткізді, оның 11-інде жеңісті қолдан бермей, бесеуі тең ойынмен аяқталып, 4-еуінде ұтылды. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Read More »Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады
Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті. «Бізде халықпен жұмыс жасайтын спорт нұсқаушылары жетіспейді. Сонымен қатар елде спорт комментаторларын даярлау саласында кәсіби стандарттар жасалуда. Мәселе шешімін табуда, Білім және ғылым министрлігіне тиісті ұсыныс жасалды, болашақта олар аталмыш мамандарды даярлауды қолға алады. Спорт комментаторлары бойынша ...
Read More »Сом білек. Хопкинс Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ тастаймын дейді
Кәсіпқой бокс шаршы алаңында Бейбіт Шүменовті жеңген америкалық былғары қолғап шебері Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бернардтың біздің Генадан жасы да, салмағы да үлкен. Бірақ, ол қазақ боксшысымен жұдырықтасу үшін салмақ тастауға әзір көрінеді. Негізі 49 жастағы америкалық боксшы келесі шайқасын қараша айында ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Хопкинс осы жекпе-жектен кейінгі қарсыласының Андре Уорд ...
Read More »