Спорт және туризм

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесті

Бүгін Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық қалашықта ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. «Құрметті ел намысын қорғауға келген спортшылар! Арттарыңда сендерден үлкен үміт күтіп отырған елдерің бар. Сендер сол үмітті ақтауларың керек. Мен барлықтарыңа сәттілік тілеймін. Жеңістеріңіз көп болсын. Сендердің жеңістерің елдің қуанышы», — деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Сонымен қатар ...

Read More »

Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін — АҚШ тілшісі

Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Рио-де-Жанейро Олимпиадасына АҚШ-тан келген журналист мәлім етті.Олимпиадалық қалашықта Қазақстан тілшілерінен бөлек, өзге де елдерден келген журналистер де қызу жұмыс жасап жатыр. Бүгін үстіміздегі киіп жүрген формамыздан Қазақстан азаматы екенімізді білген бір журналист алдымыздан шығып, «Сіздер Қазақстаннан келдіңіздер ме?» деп сұрады. Иә деп басымызды изедік. Ол осы кезде «Геннадий Головкин»  ...

Read More »

БАҚ: 40-қа жуық мемлекет пен үкімет басшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Өз кезегінде Бразилия сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі «Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Олимпиада ашылуына келетін әлемдік көшбасшылардың нақты саны мен аты-жөндерін ашық айтылмайды», — деген ...

Read More »

Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр — Елсияр Қанағатов

Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті. «Рионың ауа райы өте тамаша. Біз ыстық болады деп ойлаған едік. Спортшыларымыз келгелі күн салқын болды. Олимпиада ойындары біткенше осы ауа райы сақталса тіптен жақсы болар еді. Біздің спортшыларға да, өзімізге ...

Read More »

Олимпиада астанасында Қазақстанның көк байрағы көтерілді

Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Риодан хабарлады. Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті. Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ...

Read More »

Олимпиада алауы Рио-де-Жанейроға жеткізілді

Олимпиада алауы 2016 жылғы Жазғы Ойындардың астанасы Рио-де-Жанейроға жеткізілді. Енді ол шаһардың барлық көшелерімен өткізіліп, 5тамызда әлемдік доданың ашылу салтанатында елдің басты «Маракана» стадионына әкелінеді. Риоға жеткізілмес бұрын Олимпиада алауы сан өткелектен өтті. Олимпиада алауын жағалауға желкенді қайық спортынан Бразилия құрамасының 7 мүшесі жеткізді. Олардың арасында осы елден шыққан бірнеше дүркін Олимпиада жеңімпаздары бар. Спортшылар алауды жеткізу үшін 20 мың ...

Read More »

Олимпиада-2016 ұйымдастыру комитеті мектеп оқушыларына 240 мың билетті тегін таратады

Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары мектеп оқушыларына Олимпиада-2016 спорттық шараларына 240 мың билетті тегін таратады, гольф, регби секілді спорт түрлеріне басымдық беріледі, деп хабарлады РИА Новости британдық Guardian газетіне сілтеме жасай отырып. Бұған дейін спорттың көптеген түрі бойынша, оның ішінде жеңіл атлетика жарыстарына 1,5 миллион билеттің сатылмай қалғаны хабарланған еді. Әзірге теннис турниріне, жүзу және триатлон жарыстарына, волейболдың (оның ішінде ...

Read More »

Рио олимпиадасына 1,5 млн билет сатылмай қалды

Риодағы Олимпиада ойындарының 1,5 миллион билеті сатылмай қалды. Сондықтан мінбелердегі бос орындарға мектеп оқушыларын отырғызбақ, деп хабарлайды The Times. Ойын бағдарламасының ішінде әсіресе, жеңіл атлетика сайысының жанкүйерлер қарасы аз. Ал, теннис пен жүзу, триатлон, валейбол, футбол мен баскетбол жарыстарына деген сұраныс көп болған.   Ақпарат көзі: Stan.kz

Read More »

Ниязымбетов Рио-2016 ойындарындағы «қазақша допинг» туралы айтып берді

2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарындағы «қазақша допинг» туралы айтып берді, — деп жазады tengrinews.kz. «Бес күн бұрын келдік және осы жақтың ауа райы мен климатына бейімделіп үлгердік. Ойындардың басталуын тағатсыздана күтудеміз. Жақсы орналастық. Жаттығулар олимпиадалық ауылдан алыс емес жерде өтіп жатыр. Он минуттай жүреміз», — деді ол. Сонымен қатар, боксшы Лондон мен ...

Read More »

Бразилияның Олимпиадаға дайындығы спортшыларды шошытып жатыр

Рио-де-Жанеродадағы Олимпиада ойындары басталмай жатып спортшылар тоналуда. Жергілікті қарақшылар жарысқа қатысушылардың банк карточкасы, ноутбук сынды құнды заттарын қолды қылған. Бұл аздай олипиадашыларға арнайы салынған көпқабатты үйден өрт шықты. Қатысушылардың құрылысы аяқталмаған жаттығу залдарына да көңілі толмай отыр. Ал су спортынан сайыстар өтетін Гуанабара шығанағында өлген адамның дене мүшелері мен нәжіс қалқып жүр. Риодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына небары екі күн ...

Read More »