Спорт және туризм

Армысың, Рио-де-Жанейро!

Бүгін Риода олимпиялық ойындар басталды Күллі әлем тағатсыздана көз тіккен байрақты бәсеке, төртжылдықтың басты ойындары да басталды. Байрақты додада Тәуелсіз Қазақстан­нан 104 спортшы спорттың 26 түрі бойынша топқа түсіп, мықтылармен иық тірестіре жүріп, қанжы­ғасын майлауға күш салып көрмек. Бағы мен бабы қоса шапқан қазақстандықтар оза шауып бәйге алып, жасындай жар­­қырап жатса, қәне! Сонымен… Атлант мұхитының арғы бетінде орналасқан Бразилия төрінде ...

Read More »

Мотошеру Таразға табан тіреді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының ашылу құрметіне орай Алматыдан шыққан Дмитрий Петрухин бастаған байкерлердің мақсаты Қазақстанның бірнеше қаласын аралап өту еді. Олар әр қалаға аялдап, сол аймақтан Олимпиадаға қатысатын спортшыларды насихаттауға арналған акцияларға қатысып, төрт жылда бір өтетін маңызды додада ел намысын қорғайтын спортшыларға құрмет көрсетті. Мотошерушілер еліміздің жүрегі – Астанада да болды. Еліміздің бірнеше тарихи шаһарларына табан ...

Read More »

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда

Санаулы сағаттардан соң, 5-ші тамыздан 6-сына қараған түні Рио-де-Жанейрода XXXI жазғы олимпиада ойындарының алауы ресми түрде жағылып, ашылу салтанаты өткізіледі. Ал ашылу салтанатында жанкүйерлерді қандай тосын сыйлар күтіп тұрғандығы туралы аздаған шолу жасап өтейік. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Төрт жылдықтың басты додасы алғаш рет Оңтүстік Америкада өткізілгелі отыр. Бразилияның әу бастан карнавалдар мен көңілді мерекелердің отаны екені белгілі. Демек, ашылу салтанаты да ...

Read More »

Рио-2016: Тағы бір қазақстандық теннисші жарысқа қатыспайды

Олимпиадаға жолдама алған теннисшілеріміз бірінен соң бірі жарысқа қатыспайтындарын мәлімдеуде. Жекелей сында ел намысын Галина Воскобоева қорғау керек болатын. Бірақ аяқ асты алған жарақатына байланысты, 31 жастағы спортшы додаға қатысудан бас тартты. Амал жоқ, оның орнын, Ярослова Шведова алмастырады. 28 жастағы жерлесіміз алғашқы кездесуін жапондық теннисшімен өткізеді. Айта кеткен жөн, бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваның да жазғы ойындарға ...

Read More »

Боксшы Қанат Ислам Универсиада-2017 ойындарының елшісі болады

WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Халықаралық қысқы Универсиаданың елшісі болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы әкімінің Қанат Исламның үстіміздегі жылдың 29 қазанында Алматыда WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізетін жекпе-жек мәселесін талқылауы барысында белгілі болды. «Біздің міндет - әлем көз ...

Read More »

Ертең Олимпиада ойындары басталады

Олимпиада чемпионы 250 мың доллар сыйақы алады Қазақ елі Олимпиада ойындарында атой салып, алтыннан алқа таққан спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тапсырады. Сонымен қатар, күміс жүлдеге қол жеткізген саңлаққа 150 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерге 75 мың долларға дейін сыйақы ұсынылмақ. Бұдан бөлек, жүлденің сапасына қарай пәтер кілттері де табысталады деседі. Чемпиондарға құрмет көрсету жағынан бізден тек Әзірбайжан ...

Read More »

Қоржынымызда бір алтын, бір күміс

Боксшыларымыз Сербиядан екі жүлдемен оралды Сербияның Субботица қаласында бокстан жастар арасындағы дәстүрлі «Golden Glove of Vojvodina» халықаралық турнирі өткізілді. Бірнеше күнге созылған бәсі басым додаға әлемнің 12 елінен спортшылар қатысып, өзара шын мықтыны айқындады. Жүзге жуық саңлақ сынға түскен байрақты бәсекеде Қазақстанның, оның ішінде Жамбыл облысының саңлақтары да жасындай жарқырап, жүлдегерлердің қатарынан көріне білді. Атап айтсақ, 91 келі салмақ дәрежесінде ...

Read More »

Ардагер балуандар белдесті

Өскемен қала­сында Қазақстан Республикасы спорт ардагерлерінің IV спартакиадасы өткізілді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған кешенді бұқаралық спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірінен мыңнан аса спортшы қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Жарыс бағдарламасына спорттың он үш түрі енгізілді. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай әйелдер арасында 35 жастан, ерлер арасында 40 жастан бастап сынға түсті. Дуы ...

Read More »

Көк байрағымызды Жапаров желбіретеді

тараздық таэквондошы Руслан Жапаров Рио Олимпиадасына ел құрамасын бастап шығады Елбасы сенімі Міне, ертең төрткіл дүние түгел көз тіккен, талай саңлақ төрт жыл бойы тағатсыздана тосқан, барша әлемнің басты байрақты бәсекесі Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындары басталмақ. Биылғы жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекеттен 10 мыңға жуық спортшы қатысады десек, біздің еліміз спорттың 26 түрінен 100-ден астам жолдама ...

Read More »

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылып, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластарының есімдері белгілі болды. 49 келі: Біржан Жақыпов бірінші айналымда тер шығармай, екінші кезеңді күтетін болды. Екінші айналымда Әзербайжан мен Намбия боксшылары арасындағы жекпе-жектің қай жеңгені жерлесімізге қарсылас атанады. 52 келі: Олжас Сәттібаев алғашқы айналымда Пуэрто-Рико боксшысымен қолғап түйістіреді. Ол алғашқы айналымда қарсыласынан айласын асырса, екінші жекпе-жегінде ...

Read More »