Спорт және туризм

Жаңа маусым Қарағандыдан басталады

«Астана арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының алғашқы кездесуінде Қарағандыда «Баку оттарын» қабылдайды Бүкіләлемдік бокс сериясы додасында екі мәрте топ жарған жалғыз команда «Астана арландары» екені белгілі. Бес жылда екі рет тұғырдың ең биік сатысынан көрінген қазақстандық боксшылар алтыншы маусымды да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу ниетімен бастамақ. Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымында қазақстандық команда «D» тобында әзірбайжандық «Баку оттары» және ...

Read More »

«Таразға» соны серпіліс керек

Ұлттық лиганың өткен жылғы чемпиондары «Тараз» волейбол клубы үшінші кіші турдан соң бесінші орынға тұрақтады Волейболдан ұлттық лиганың үшінші кіші туры аяқталды. «B» тобында өнер көрсететін «Тараз» волейбол клубы өткен жылғы додада қарсыластарынан қара үзіп кетіп, дебютант статусына қарамастан, чемпион атанған болатын. «Тараз» волейболшылары ағымдағы маусымда бірде жеңіп, бірде жеңіліп, ала-құла ойын көрсетіп жүр. Мәселен, Павлодарда өткен кіші турда жергілікті ...

Read More »

Жамбылдық балуандар жарап тұр

олар Алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді «Тараз – Арена» спорт кешенінде әйелдер және ерлер арасында грек-рим, еркін күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық балуандар қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз алып, балуандарға ақ жол тіледі. Мұнан соң ҚР Мәдениет және спорт министрінің ...

Read More »

Қазақ боксының қара нары болатын

Сыңғырлап аққан Сырдарияның Арал теңізі құятын тұсына жақындағанда қырға тіреліп, екпіні еселенетін жеріндегі Аманөткел ауылы – спорт саңлақтарын өмірге әкелген киелі мекен. Бокс әлемінің жарық жұлдызы Кеңес Омаров та 1936 жылы осында дүниеге келді. Ата-анасының ақ батасын алып, Ташкент жер суландыру техникумына оқуға түскен Кеңестің ол кезде қияға қанат қағып, спорт әлемінің көгінде жасындай жарқырарын, сірә, ешкім білмесе керек. Талап ...

Read More »

Елдос – «Жыл спортшысы»

Өткен жыл жамбылдық боз кілем шебері Елдос Сметов үшін сәттіліктерге толы болды. Әсіресе, ол Астанада ересектер арасында дзюдо күресінен өткен әлем чемпионатында бабы мен бағы қатар шауып, жеңістің ең биік тұғырын бағындырды. Елдостың бұл олжасы қазақ балуандары арасында дзюдо күресінің тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы шығуымен де, сол арманымыздың жерлесіміз Сметов арқылы орындалуымен де құнды. Әрине, жеңіс оңай келген жоқ. ...

Read More »

Серік Сәпиев – «Жыл менеджері»

Екі дүркін Әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев соңғы жылдары Англиядағы айтулы университеттердің бірінде білімін жетілдіріп жүрген болатын. Атап айтқанда, ел мақтанышы болған Серік «Әлеуметтік және спорттық менеджер» мамандығын халықаралық деңгейде меңгеріп шықты. Сөйтіп, Серік өзінің қайталанбас қолтаңбасы бар былғары қолғап шебері ғана емес, керемет менеджер екенін де дәлелдемек. Өткен жылдың қорытын­дысы бойынша С.Сәпиевке «Жыл менеджері» атағы берілді. Ал ...

Read More »

«Астана арландары» – «Жыл клубы»

Былтыр бүкіләлемдік бокс сериясында еліміздің намысын қорғаған «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы чемпион атанғаны белгілі. Аталған клуб сапында жерлестеріміз Олжас Сәттібаев пен Асланбек Шымбергеновтің сәтті өнер көрсеткені көрермендердің есінде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы «Жыл клубы» атанды. Бұл – үлкен абырой. Осынау абыройға жамбылдық былғары қолғап шеберлерінің де үлес қосқаны – біз үшін қуаныш. Сондай-ақ, өткен ...

Read More »

Жеңісті жорықтарымыз жалғасты болсын!

Шынын айту керек, спортшылар үшін, оның ішінде өзім үшін қой жылы жағымды жаңалыққа, үлкен жетістіктерге толы болды. 60 келі салмақ дәрежесінде Арқа төсінде, Астана төрінде өткен әлем чемпионатында қатарымнан оза шауып, бәйге алғаным, қазақ ұлтынан шыққан алғашқы әлем чемпионы болғаным әсте естен кетпейді. Одан бір жыл бұрын Инчхондағы (Оңтүстік Корея) Азия ойындарында да бағым жанған еді.

Read More »

Алда талай асу бар

 Өтіп бара жатқан 2015 жыл еліміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Спорт саласында да табыстар аз болған жоқ. Өзімнің бір жылғы ізденістерімді, төккен терімді саралайтын болсам, жеткен жетістіктеріме көңілім толады. Қой жылында бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» сапында әлем чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионы атандым. Есігімізден аттап кіргелі тұрған жыл – Олимпиада жылы. Осы жылы әлемде ең бәсі жоғары байрақты ...

Read More »

Жамбылдық шахматшы жетістігі

Мадина Дәулетбаева халықаралық дәрежедегі гроссмейстер нормативін орындады Жылдағы дәстүр бойынша ойдың ойыны шахматтан «Pavlodar Open – 2015» турнирі өткізілді. Дуы басым додаға Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан, Әзірбайжан елдерінен және еліміздің барлық өңірінен 85 шахматшы қатысып, бақтарын сынады. Оныншы мәрте жалауы желбіреген байрақты бәсекеде швейцариялық жүйе арқылы шахматтың классикалық түрі бойынша кіл мықтылар өзара кім жүйрікті анықтады. 17 халықаралық дәрежедегі ...

Read More »