Спорт және туризм

Қазақстанның тікұшақшылары «Авиадартста» үшінші орынды еншіледі

Ресейдің Рязань облысының «Дубровичи» полигонында «Авиадартс - 2016″ ұшу экипаждарының халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстың үздіктері қатарында қазақстандық тікұшақшылар. Олар құрметті үшінші орынды еншіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. «Жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану» сайысының соңғы кезеңі шеңберінде ұшқыштар межелердің әртүрлі үлгілері бойынша зымыран-зеңбіректік және бомбалық қару-жарақты жауынгерлік қолдануға сынақ ұшуларды орындады. Қазақстанның командалары арасында армиялық авиацияның ұшқыштары ...

Read More »

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтық сында Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен белдесті. Негізгі төрт минут уақытта екі палуан да сақ болды. Ескерту де, ұпай да берілмеген еді. Алайда, қосымша уақыт басталғанда ресейлік спортшы басымдығын байқатты. Айта кетейік, Қазақстан тарихында Олимпиадада ешкім алтын медаль алмаған. Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен ...

Read More »

Рио-2016: Елдос Сметов жартылай финалда Орхан Сафаровпен кездеседі

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жартылай финалында татамиде әзербайжандық Орхан Ильхам оғлы Сафаровпен кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл сайыс 7 тамызда түнгі сағат 01.19-да (Астана уақытымен) өтеді. Еске сала кетейік, 60 келі салмақ санатындағы Сметов жартылай финалда өзінің қарсыласы — өзбек спортшысы Диербек Урозбоевтен басым түсті. Бұл жеңіс қосымша уақыт кезінде есепке алынды. Бұдан бұрын Елдос ливиялық ...

Read More »

Айдар Махметов: Бүгін Елдос Сметов Риода күміс алуы мүмкін

 «Astana Cycling Team-ның» бұрынғы коммерциялық директоры, каратэден және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың бірінші жарыс күніне қатысты болжам жасады. Оның айтуынша, бүгін жеңіл салмақтағы біздің дзюдошыларымыздың мүмкіндігі мол. «Ерлер арасында 60 келі салмақта елдің намысын әлем және Азия чемпионы Елдос Сметов қорғайды. Меніңше, жеребе тартуда оның асығы алшысынан түсті. Ол ширек финалға дейін еш қиындықсыз жетеді, ...

Read More »

Кореялық садақшы Олимпиадада әлем рекордын орнатты

5 тамызда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында кореялық садақшы Ким У Джин әдемдік рекордты орнатты. Ол 700 ұпай жинады. Бұған дейінгі рекорд 699 балл болған еді. Енді 2016 жылғы Олимпиада барысында Ким У Джин осы рекордты жаңартып отыр. Жарыста екінші нәтижені америкалық Брэди Эллисон (690 балл) көрсетсе, ал үшінші орыннан итальяндық Давид Паскалуччи (685 балл) көрінді. Жалпы, жарыстарға 64 спортшы қатысты. Айта ...

Read More »

РИО-2016: Бүгін Қазақстан балуандары боз кілемге шығады

Бүгін, 6 тамыз күні Рио Олимпиадасында Қазақстан дзюдошылары жарысқа шығады. Бұл күні 10.00-де(Астана уақытымен 19.00-де) әйелдер арасында 48 келіде О. Галбадрах пен ерлер арасында қазақ елі үкілеп үміт артып отырған Елдос Сметов сынға түседі. Финал 15.30-да (Астана уақытымен 7 тамыз, 00.30-да). Еске сала кетейік, 60 келідегі әлем чемпионы Елдос Сметовтың алғашқы айналымда ливиялық балуан Элкабиса Мохамед Елхадимен белдеседі. Ақпарат көзі: ...

Read More »

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның олимпиадашыларына сәттілік тіледі

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан спортшыларына Бразилиядағы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі. «Риодағы біздің спортшыларға сәттілік тілейміз! #Rio2016 #Kaz #Bra», — деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі жеке аккаунтында. Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Жазғы Олимпиада ойындарына біздің елдің атынан 104 спортшы қатысады. Қазақстандықтар 26 спорт түрі бойынша 108 жолдама жеңіп алды. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Read More »

Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы жарқын жеңістермен сүйінші сұрайтын орталыққа айналады — Арыстанбек Мұхамедиұлы

Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы жарқын жеңістермен сүйінші сұрайтын орталыққа айналады. Бұл туралы Рио-де-Жанейро қаласында ашылған Қазақстан баспасөз орталығына журналистермен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Бұл туралы Рио-де-Жанейродан ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. «Біздің Риода ел намысын қорғайтын атлеттеріміз ең таңдаулы, талай сыннан сүрінбей жолдаманы жеңіп алған спортшылар. Сондықтан, төрткіл дүние көз тігіп отырған басты додада табысты өнер ...

Read More »

6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады

6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшылар бірінші жарыс күні бірнеше спорт түрінен қатысады. Әйелдер арасынағы ауыр атлетикадан 48 келіге дейінгі салмақта Маргарита Елисеева медальға таласады. Сонымен қатар, медальдар велоспортта ойнатылады — мұнда қазақстандықтар Бақтияр Қожатаев пен Андрей Зейц бақ сынамақ. Сонымен қатар, дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэгцэг күреседі. 6 тамыздың кестесі: ...

Read More »

Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың ашылу салтанаты болып өтті

Рио-де-Жанейроның атақты «Маракана» стадионында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz. Шоудың қоюшысы бразилиялық режиссер Фернанду Мейрейллеш, ол 2002 жылы «Құдай қаласы» фильмі үшін «Оскар» жүлдесіне ұсынылған еді. Шараның бюджеті 20 миллион доллар болды, бұл Лондондағы 2012 жылғы шараға жұмсалған қаражаттан екі есе аз. Шоуға 35 мың әртіс жұмылды, оның ішінде бразилиялық 12 самба биі мектебінің ...

Read More »