Ортамызға қайта оралған қазақ күресімен қауышып, қуанышқа кенелдік. Осы жылдар аралығында ұмытыла бастаған күрес түрінен айтулы додалар өтіп, көзайымға айналды. Жұрт «Қазақстан барысы» додасын асыға күтетін болды. Биылғы «Қазақстан барысы – 2016» турнирінің финалы ертең, 3 шілде күні Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Турнирдің бас демеушісі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жүлде қорын 42 миллион теңгеге жеткізіп отыр. Жуырда Астанада осы турнирді өткізуге ...
Read More »Спорт және туризм
Дегдар
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Серік туралы әңгіме бола қалса, «шебер» деген теңеу еріксіз ойға оралады. Өйткені, оның жекпе-жекке шыққан кездегі шеберлігі туралы талай-талай әлемдік спорт мамандары тамсана әңгімеледі, сүйсіне жазды. Қазақ боксшыларының ішінде алғаш рет КСРО, Еуропа чемпионы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған оның жекпе-жегінен төбелесті емес, тектілікті, дегдарлықты, яғни ойлы ойын-өрнекті көретінбіз. Атақты Мұхаммед Әлидің сұлу торы аттай билей басып ...
Read More »Ел сенімі- ер серігі
Облыс әкімі Рио-де-Жанейрода өтетін ХХXI жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылардың бір тобын қабылдап, сәттілік тіледі Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары жақындап келеді. Төрт жылдың басты байрақты бәсекесіне біздің өңірімізден биыл бес спортшы (төртеуі – Олимпиада, біреуі – паралимпиада) қатысып, еліміздің намысын абыроймен қорғауға барын салмақ.
Read More »Еуро – 2016: Мықтылар іріктелді
Тұңғыш рет 24 команда қатысып жатқан футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінен сүрінбей өткен мықтылардың біразы 1/8 финалдағы кездесулерін өткізіп, ширек финалға шықты. Ең қызығы, бұл додада тұңғыш рет өз тобында бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген Португалия елінің саңлақтары ширек финалға шықты. Құрамында Криштиану Роналду секілді футбол әлемінің жұлдызы бар португалиялықтар өз тобында өткізген үш ойында да тең түсті. Алдымен Исландия құрамасының ...
Read More »Көп күттірген жеңіс
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18-турында «Тараз» ойыншылары көптен күткен жеңіске қол жеткізді! Сонымен, бірінші турда алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңген «Тараз» футбол клубтары арасында бірнеше мәрте тең ойнады демесеңіз, жеңістің дәмін 17 тур бойы татпапты. Юрий Максимов баптайтын жерлестеріміздің құрамы Андрей Яковлев, Дәуренбек Тәжімбетов сынды шеберлермен толыққан сәтте жақсылықтан үміттенгенбіз. Солай болды да. Қостанайдан келген «Тобылды» тобықтан шалды.
Read More »Журналистер тастаяқтан сынға түсті
Әлемде ақсүйектердің ойыны деген бейресми атауы бар тастаяқ спортының америкалық түрі бойынша Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ТИГУ ректорының кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жоғары оқу орнының ректоры Ерболат Саурықовтың екінші мәрте ұйымдастыруымен өткізілген додаға биыл 34 журналист қатысып, шеберлік бақ сынады. Тартысты сында жеңімпаз бір кезең қорытындысы бойынша анықталып, олимпиадалық кестеге сәйкес өткізілді. Жеңілгендер жарыс жолынан шығып қалып ...
Read More »Германия құрамасы Словакияны ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты
Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Германия және Словакия құрамалары кездесті.
Read More »Бельгиядан ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты
Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Бельгия және Венгрия құрамалары кездесті. Санаулы сәттер бұрын аяқталған ойында бельгиялықтар 4:0 есебімен басым түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Ойын Тулуз қаласындағы “Стадиум де Тулуз” стадионында өтті.
Read More »Допинг қолданған Жасұлан Қыдырбаев спорттан 8 жылға шеттетілді
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер – Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті. 2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын. Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап ...
Read More »Спорт та журналис тің де бар еншісі
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесіне орай спорттың бес түрінен облыстық спартакиада ұйымдастырылды. «Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» саналатын тілшілер қауымы додасының ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Сариев, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол» газетінің директор – Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы ...
Read More »