Спорт және туризм

Тоғыз жүлдемен оралды

Тоғыз жүлдемен оралды

Алматы қаласында ушу-саньдадан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің әр қиырынан кілең мықты спортшылар қатысқан додада жамбылдық шеберлер тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге ілікті. Қыздар арасындағы сында 48 келі салмақта Арайлым Әуезова, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Дильноза Сализова бабында екендіктерін танытып, чемпион атанса, ерлер сынында Исламидин Нусуров (56 келі), Азиз Қошқаров (85 келі), Асхат Жантұрсынов (90 келі салмақта) ...

Read More »

Қазақ футболшылары Қытай командасын жеңді

Қазақ футболшылары  Қытай командасын жеңді

Қазақ футболшылары сырт алаңда қытайлық футбол шеберлеріне қарсы жолдастық кездесу өткізді. Дальян қаласында өткен жолдастық кездесуде жасыл алаңға Ұлан Қонысбаев, Таңат Нөсербаев, Мақсат Байжанов, Самат Смақов, Серікжан Мұжықов секілді сайыпқырандар шықты. Жолдастық кездесуге «Қайрат» футбол клубының басшылығы құрамындағы ойыншыларды жібермейтіндігін мәлімдеген болатын. Сондықтан, жасыл алаңнан Бауыржан Исламханды көре алмадық.

Read More »

Жүзден жүйріктер

Таяуда Алматы шаһарында жеңіл атлетикадан ел кубогі үшін аламан жарыс өтті. Еліміздің барлық өңірінен кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық желаяқтар топқа түскен сында жамбылдықтар жүлдесіз қалған жоқ. 162 спортшы бақ сынаған ел кубогі жолындағы бәсекеде жерлестеріміз үш қашықтықта олжа салды. 3000 метрлік кросс жарысында Дмитрий Иванчуков қарсыластарынан қара үзіп, жеке дара мәре сызығын бірінші болып кессе, алдымен 100 ...

Read More »

Жас боксшыларымыз ел чемпионатынан олжалы оралды

Жас боксшыларымыз  ел чемпионатынан олжалы оралды

Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің он төрт облысынан 158 спортшы бақ сынаған айтулы аламанда жамбылдық былғары қолғап шеберлері толайым табыстарға қол жеткізді. Жерлестеріміз жеті салмақ дәрежесінде жүлдеге ілікті. Ел біріншілігінде 34 келі салмақ дәрежесіндегі Ислам Молдашев пен 63 келі салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Серікхан Бейсенбек дода барысында барлық қарсыластарынан мықты екендіктерін дәлелдеп, алтын жүлдеге қол жеткізсе, 34 ...

Read More »

«Тараз» тағы жерге қаратты

«Тараз» тағы жерге қаратты

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында «Тараз» футбол клубы өз алаңында өткен жылғы ел чемпиондары, ағымдағы маусымның көшбасшысы «Астана» футбол клубын қабылдады. Құрамында кіл мықты ойыншылар топтасқан, өткен маусымда УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңінде жасындай жарқыраған «Астана» ойыншылары кездесу басталғаннан ойынды бақылауда ұстады. Ойынның алғашқы минуттарынан «Тараз» қақпасының кілтін табуға ұмтылып, шабуылға лап қойды. Осындай күшті шабуылдың нәтижесінде «Тараздың» қақпасы ...

Read More »

Балғын боксшылар додасы

Балғын боксшылар додасы

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында №13 темір жол колледжінде бокстан жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті. Додаға Тараз қаласындағы спорт мектептерінен, аудандардан, Қырғыз Республикасынан ұзын саны 150-ге жуық балғын былғары қолғап шеберлері қатысты. Олар додада 19 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ашық біріншіліктің ашылу салтанатында Нұржан Нұралиев, облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Бекбол Қайыпчаев, турнирдің ...

Read More »

Алина Ауданда жүріп атақты бапкер атанды

Алина Ауданда жүріп  атақты бапкер атанды

Қордайда жүріп-ақ аудан, облыс, республика біріншіліктерінде топ жарып, ұлттық құрама сапында Еуразия ойындары мен Инчхондағы Азия ойындарында күміс жүлдеге, Бүкіләлемдік Универсиадада алтын жүлдеге қол жеткізген жеңіл атлет Светлана Иванчукованың жаттықтырушысы Алина Ахметова Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағын алды. Қордайдағы спорт мектебінде 12 жылдан бері талмай тер төгіп жүрген Алина Ахметова Светланадан өзге де болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшыларды дайындауда. ...

Read More »

«Тараз» шаңға көміліп қалды

«Тараз»  шаңға көміліп қалды

Футбол әлемде нөмірі бірінші спорт түрі саналады. Ала доптың арбауына байланған жанкүйерлер Таразда да жеткілікті. Премьер-лигада соңғы маусымдарда ілініп-салынып ойнап жүрген жергілікті командадан футбол фанаттары әлі де болса үмітін үзген жоқ. Маусым басталар алдында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев командамен кездесіп, жақсы ойын өрнегін көрсетуге шақырған болатын. Рас, облыс басшысы алғашқы алтылыққа ену туралы тапсырманы алдыға қойған жоқ. Десе де, соңғы ...

Read More »

Бұйырғаны 1-ақ ұпай

Бұйырғаны 1-ақ ұпай

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. Бірінші айналымды көш соңында аяқтаған «Тараз» футбол клубы бұл жолы сырт алаңда «Ақтөбе» командасымен жасыл алаңда кездесті. Команданың жаңа жаттықтырушысы Юрий Максимовтың бапкерлік дебюті сәтті басталды. Ең бастысы «Тараз» футбол клубының ойынында аздап болса да оң өзгеріс байқалды. Түзде ойнағанына қарамастан шабуылда сәтті өнер көрсетуге ұмтылған «Тараз» футболшылары алғаш болып есеп ашты. Виталий Евстигнеевтің ...

Read More »

шенеуніктер шықты жарысқа

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызмет істері департаменті мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада өтті. Оған 600-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Болат Исақов қатысушыларға сәттілік тіледі. Додада шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, шахмат, армрестлинг ...

Read More »