Спорт және туризм

Италия БАҚ-тары Әлімханұлын Головкинның ізбасары деп атады

Италиялық OASport.it порталы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Геннадий Головкинның ізбасары деп атады, — деп хабарлайды Vesti.kz. 29 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде Әлімханұлы кәсіпқой бокста шаршы алаңға бірінші рет шығып, колумбиялық Мильтон Нуньесті жеңген еді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, бұл раундта қазақстандық өз қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген. «23 жасына дейін әуесқойлар арасында әлем және Азия чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының дебютін ...

Read More »

Нью-Йоркте Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велошеру өтті

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велошеру өтті, — деп хабарлайды 24 Хабар. Оған АҚШ-тағы отандастарымыз, студенттер мен дипломаттар қатысқан. Қазақстандық команданы атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастап барды.

Read More »

Ел намысын қорғаған боксшылар жарады

Бүгін «Алматы Арена» сарайында өткен бокс кешінде жеті қазақ батыры Әзірбайжан, Гана, Колумбия, Мексика және Белоруссия елдерінен келген бокс шеберлерін жеңіп, отандастарына үлкен қуаныш сыйлады. Бүгінгі кештің алғашқы кездесуінде 63 кг салмақта шаршы алаңға отандасымыз Жұман Жұмабеков пен беларуссиялық боксшы Владимир Иванов шығып, қазақстандық боксшы 1-ші раундта қарсыласын  техникалық нокаутпен жеңді. Екінші тартысты жекпе-жекте отандасымыз Айдар Шәрібаев қарсыласы Хуан Окурадан ұпай бойынша басым түссе, жартылай ауыр ...

Read More »

Қанат Ислам — Әлем чемпионы

Бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасып, қарсыласын 12 раундқа созылған кездесуде ұпай бойынша ұтты. Кәсіпқой рингтегі 22-ші кездесуінде жеңіске жеткен Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақтағы WBO Inter Continental тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетсек, «Алматы Арена» сарайында өткен бокс кешін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы. Бүгінгі бокс кешінің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 30 қазан күні  20:40-та тамашалай аласыздар.   ақпарат ...

Read More »

Тигиевтен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін тоғыз спортшының жетістігін жоққа шығарды. Бұл туралы ҚОК баспасөз қызметі хабарлады. Спортшылардың жаңа тізімінде еркін күрестен 84-96 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Қазақстан спортшысы Таймураз Тигиев те бар. ХОК-тың тәртіптік комиссиясының құрамына Денис Освальд (төраға), Гунилла Линдберг мен Угур Эрденер кірді. Комиссия Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне күміс жүлдені, дипломды және ...

Read More »

11 спортшымызда 11 жүлде

құрыш қолды жерлестер әлемді таңғалдырды Болгарияның Благоевград қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатына 59 мемлекеттің кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған әлемдік додаға Жамбыл жерінен 11 саңлақ аттанып, бәрі де жүлделі орындарға қол жеткізе білді. Бәсі басым додада 55 келідегі И.Рейсов, 60 келідегі В.Фараджов, +80 келідегі А.Лисянская, 50 келі ...

Read More »

Балуандарға 3 қола бұйырды

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында грек-рим күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дуы басым додаға біздің облыстың өрендері де қатысып, жүлде жолында таласты. Чемпионат барысында еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 260 балуан бақ, сынады. Бұл додада топқа түскен өрендерімізге үш бірдей қола жүлде бұйырды. 42 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әмір Дінмұхамет, 47 келі салмақ ...

Read More »

Жұдырығына сенген Жігіт тер

жекпе-жекке дайын 29 қазан күні Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» спорт кешенінде үлкен бокс кеші өтетіні мәлім. Бұл күні кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» лақап атымен танылған бірінші орта салмақтағы WBA fedelatin чемпионы Қанат Ислам boxrec рейтингінде 139-орында тұрған ганалық былғары қолғап шебері Патрик Аллотеймен WBO, IBO құрлықаралық белбеулерін сарапқа салады. 21 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен алаш баласы үшін бұл жаңа белес болмақ. ...

Read More »

Семейден олжалы оралдық

Семей қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын спортшылар бақ сынап, мерейімізді үстем етті. Олар командалық есепте екі алтын, алты қола медальды иеленді. Атап айтқанда 100 келі салмақта Абай Ерболұлы жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, спорт шебері нормативін орындады. 100 келіден жоғары салмақта Жамбыл Тұрғыналиев екінші мәрте ел чемпионы ...

Read More »

Астана даянынан бір алтын

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында жасөспірімдер арасында таэквондодан ел біріншілігі өтті. Еліміздің әр қиырынан кіл мықтылар топқа түскен додаға жамбылдық спортшылар да қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Астана даянында 26 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен №21 мектептің 5-сынып оқушысы Лейли Гамидова шапшаңдығымен, дәлдігімен, ерекше шеберлігімен көрермен қауымды өнеріне тәнті ете білді. Әр шайқас сайын ерекше шабыт алып, ...

Read More »