Экономика

Өзбекстанда тәуелсіздік құрдастары әуе рейстерінде тегін жүре алады

Аталған елдегі тәуелсіздік құрдастары ішкі әуе рейстерінде ғана тегін ұша алады. Ұлттық «Узбекистон хаво йуллари» авиакомпаниясы 1991 жылдың 1 қыркүйегінде туған жастарға осындай мүмкіндік жасап отыр. «Біз тәуелсіздіктің төл құрдастарына сыйлық ретінде осындай бастаманы қолға алдық. Олар 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Өзбекстанның кез келген жеріне ұшып бара алады», – дейді аталған авиакомпания өкілдері. Айта кетейік, биыл Өзбекстанның тәуелсіздік ...

Read More »

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тараз қалалық Мәдениет үйінде құрылысшылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. – Биылғы жылы бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Түрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту және жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда ...

Read More »

Іздегенін көрмеден тапты

Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту және нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру мақсатында өткен көрме-байқауға 72 кәсіпорын өздері өндірген өнімдерін шығарды. Өңірлік ауқымды шараны облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке ашып, сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда ел экономикасының қарқынды дамуына шағын және орта бизнес өкілдері үлкен үлес ...

Read More »

Инновациялық өнім керегімізді түгендейді

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында Тараз қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96 миллиард 627,9 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнім 9 миллиард 639,5 миллион теңгеге артқан. Жалпы, салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты мемлекеттік бюджеттегі өнеркәсіп саласының үлесі – 21,9 пайыз. Өндірілген өнімнің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Оның негізгі құраушысы – химия саласы. «Қазфосфат» жауапкершілігі ...

Read More »

Ірі гипс зауыты іске қосылады

«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын №3 зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құрайтын жобаны аталмыш акционерлік қоғам мемлекеттің 2015-2019 жылдардағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр. Бұл акционерлік қоғамның жаңа зауыт құрылысын жүргізудегі серіктестері озық технология мен гипс материалдар және құрғақ қоспалар өндіретін жетекші шетелдік компаниялар болып табылады. ...

Read More »

Жеңілдіктерді тиімді пайдалану керек

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Сарысу ауданында болды Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Сарысу ауданына жасаған жұмыс сапары Жаңатастағы орталық қазандықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Қазандыққа қыс маусымында 950 тонна мазут жұмсалады екен. «Жаңатас су-жылу» кәсіпорнының директоры Ерімбет Қозыбақов мазутты күннің жылы уақытында жеткізу жөнінде өңір басшысына өтінішін айтты. Орталық қазандыққа жауаптылардың жұмысына көңілі толған Кәрім Нәсбекұлы олардың ...

Read More »

Алысты жақындатты

Жуалылықтар екі мыңыншы жылдары автомобиль жолдарының шұрық тесік, шұңқыр болып бүлінуінен діттеген жерлеріне уақтылы жете алмай қатты қиналғанын әлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Мемлекетіміздің кейінгі жылдары бұл салаға қыруар қаржы бөлуіне байланысты аудандық мәндегімен қатар, елді мекендердегі көшелердің жолдары да көптеп жөнделуде. Соның нәтижесінде, қазір Жуалыдағы аудандық мәндегі жолдардың 70 пайыздан астамы орта жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілген. Кейінгі кезде ...

Read More »

Шын жүректен алғыс білдіремін

Құрметті Кәрім Нәсбекұлы! 2016 жылғы 2-9 тамыз аралығында 40-әскери базасының «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны базасында (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск кенті) Армиялық халықаралық ойындар өткізілді. Көрсетілген іс-шараның Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық әскери және мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін маңызы зор болды, Отан қорғаушының беделін арттыруға және қазақ халқының мәдениетін насихаттауға ықпал етті. Ойындарға дайындалу және оны өткізу барысында Сіз баға жетпес көмек ...

Read More »

Түркия баламалы энергетика саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады

Анкарада ҚР Президентінің Түрік Республикасына сапары барысы шеңберінде Түркияның ЭКСПО – 2017-ге қатысу шартына қол қойылған болатын. Құжатқа «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ЭКСПО – 2017» Түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды. Кездесу кезінде Ахметжан Есімов Түркия Қазақстанның ЭКСПО – 2017-ні өткізуге құқығын қолдағандығын және көрмеге қатысу бойынша басым ...

Read More »

Жігерлі мұратына жетеді

Алмас Ибраев – мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының жемісін көріп отырған азаматтардың бірі. Әуелі шаруашылығында 8 сиыр, 53 уақ мал бар еді. 2015 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 миллион 500 мың теңге несиеге қол жеткізіп, «Алатау» асыл тұқымды 50 сиыр және «Абердинангус» асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі таңда бұл қожалықта 180 асыл тұқымды сиыр, 6 асыл тұқымды бұқа бар. Зеңгі ...

Read More »