Экономика

ШЫҰ көрмеге қатысады

Жуырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимовке ЭКСПО – 2017 ШЫҰ-ның халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шақыру хатын табыстады. Р.Алимов ШЫҰ-ның ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға барынша ынталы екенін мәлімдеді. Ол әлемдік қауымдастық үшін көрменің таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті екенін айта келе, хатшылық жасыл технология саласында жаңа идеяларын таныстыруға әзір ...

Read More »

Ынталыға тірлік табылады

Жастардың жергілікті жерде жұмыстың жоқтығын сылтауратып Астана мен Алматыға, басқа да құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан қалаларға кетіп жатқаны көп. Расында да ел болашағы деп жүрген жастарымыз екі қолға бір жұмыс таба алмай жүр ме? Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алған мәліметке қарағанда, «жастарға жұмыс жоқ» деген жай сөз сияқты. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» ...

Read More »

Елдің жағдайын жолынан білесің

Мемлекеттің дамуына «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасының ықпалы орасан зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қолға алынған бұл бағдарламада барлық саланың өркендеу жолдары тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Оның ішінде инфрақұрылымды дамыту жолдары да айқын айтылған. Шын мәнінде де жол экономиканың күретамыры екені әлімсақтан аян. Оны біз ежелгі Жібек жолы арқылы да жақсы білеміз. Ғасырлардың куәгеріне айналған Жібек ...

Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Елімізде егемендік алған жылдары 2,5 мың шақырым темір жол салынды  Бүгінде Қазақстан темір жолдарымен 80 вагонға дейін тіркелген пойыздар легі тәулік бойы зымырап өтіп жатыр. Ол вагондарда жолаушылардан бастап, еліміздің иен байлығы, транзиттік, экспорттық жүктер ерсілі-қарсылы тасымалдануда. Темір жол магистралі бұрын тек қазба байлықтарын шығаратын алқаптарды аралап өтетін. Сол себепті КСРО тарағаннан кейінгі алғашқы жылдары біз Ресейге тәуелді күйде қалғанбыз. ...

Read More »

Үздіктер МАРАПАТТАЛДЫ

Көлік қызметкерлері күніне орай теміржолшылар «Түрксіб» кешенінің аллеясында ақшаңқан киіз үйлер тігіп, мерекелік шара ұйымдастырылды. Сала қызметкерлерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құттықтады. – Баршаңызды Көлік қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі. Сондықтан, көлік саласы аса ауқымды қаражат пен еңбекті қажет етеді. «ҚТЖ» ЖТ» АҚ филиалы – Жүк тасымалдау ...

Read More »

Техникасы бардың тірлігі өнімді

Байзақтық Бөгенбай Битабаров басқаратын «Достық-99» шаруа қожалығы тұрақты жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл шаруашылықтағы жұмыстың нәтижесі биыл да жаман емес. Қожалық былтыр күзде 212 гектар алқапқа күздік бидай, биыл көктемде 440 гектарға жаздық арпа еккен екен. 50 гектар жоңышқасы және бар. Бидайдың әр гектарынан 35 центнерден, арпаның әр гектарынан 24 центнерден өнім жинаған ұжым басшысының көңілі көтеріңкі. Бидайды дер ...

Read More »

Елімізде сорадан қағаз жасау өнеркәсібі қолға алынбақ

Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Дариға Назарбаева кеңес өткізіп, оның барысында өнеркәсіп және медициналық мақсатта пайдалану үшін сораны есірткі заттардан химиялық тазарту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың мәліметінше, сораны өңдеу сызбасы ұсынылды, оның нәтижесінде есірткі зат бар күнжара жойылады. Кеңес барысында Назарбаева сәйкес ...

Read More »

Сауд Арабиясы Азия аймағы үшін мұнай бағасын арзандатты

Сауд Арабиясы Ресей, Иран және Иракпен Азия нарығындағы бәсекелестік аясында өткен аптада мұнай түріне байланысты оның бір баррелінің құнын шамамен 0,7 — 1,3 долларға арзандатты, деп хабарлады ТАСС агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап. «Бұл Сауд Арабиясының Таяу Шығыс пен Еуропаның азиялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін жасалған», — деді ақпарат көзі. Екінші тоқсанда Сауд Арабиясы Үндістанға мұнай ...

Read More »

«Самғаудан» үйренетін үлгі көп

Ерінбей еңбек етсең, еселеп өнім аласың Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінде бау-бақша және көкөніс дақылдарын тамшылатып суарудың жаңа үлгідегі техно­логиясын халықаралық деңгейде таратумен айналысатын израильдік-украиндық «АІК» және егістік зиянкестеріне қарсы химиялық препараттар шығарумен айналысатын «Август» компаниялары өкілдерінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді. Облыс әкімдігі ауыл шаруа­шылығы басқармасы басшы­сының орынбасары Мұрат Әсілбеков жүргізген жиынға облыстағы қант қызылшасын өсіретін аудандардың сала мамандары мен ...

Read More »

Тапсырыс берушілер «Пиконы» таңдайды

Құрылысты жаңа технологиямен жүргізу, оған заманауи үлгідегі материалдарды қолдану – үлкен үнем мен тиімділікке қол жеткізетіні белгілі. Мұны мердігер компания – Тараздағы «Пико» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзақ уақыттан бері іс жүзінде дәлелдеп келеді. Серіктестікте білікті мамандар шоғырланған. Сексен адам жұмыс істейді, 10 бірлік техникасы бар. Кәсіпорын мамандары жоба жасауға белсене қатысады. Қажетті құрылыс материалдарының денін, оның ішінде инновациялық өнім – ...

Read More »