Бақша өнімі мол болады Биылғыдай жауын-шашынды маусымды диқандар үшін берекелі болмақ. Оған қазірден-ақ жайқалып өсіп тұрған бау-бақша дәлел. Мойынқұмдықтар дәнді дақылдардан бөлек 330 гектар жерге тары, 460 гектар алқапқа бау-бақша, 34 гектар күнбағыс, 177 гектар жерге көкөніс өсіріп отыр.
Read More »Жамбылда не жаңалық?
Талас
7 миллион теңге бөлінді Тамды ауылдық округінде диқаншылықпен айналысатын қожалықтардың қатары көбейіп келеді. Биылдың өзінде жүздеген гектарға бау-бақша дақылдарын өсіріп отыр. Ағын суды үнемдеу үшін осындағы Тамды су қоймасына аудандық бюджеттен 7 миллион теңге бөлініп, дамбыда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл тірлікке шаруалар дән риза.
Read More »Байзақ
500 мың долларға жаңа қондырғы орнатты Қызыл жұлдыз ауылында орналасқан «ROLA-7» ЖШС ұн өнімдерін шығару көлемін арттырды. Мұнда қазір 150 адам тұрақты еңбек етуде. Серіктестік қытай елінен инвестор тартып, олар құны 500 мың АҚШ доллары тұратын жаңа қондырғы әкеп орнатты. Бұл өз кезегінде жұмыс өнімділігі мен сапасының артуына септігін тигізбек.
Read More »Мойынқұм
Жоба құны – 800 миллион теңге Шығанақ ауылында шойын жолға қажетті қосалқы бөлшектер дайындайтын станоктарды жинақтау цехының құрылысы қолға алынбақ. Темір жол саласы үшін маңызды бұл тірлікті – «Қазақстан теміржолшылар тобы» ЖШС жүзеге асырмақ. Жоба құны – 800 миллион теңге. Шағын кәсіпорында 120 адам жұмыспен қамтылмақ.
Read More »Талас
«Жұрындысай» лагерінде 100 оқушы демалуда Қаратау бөктеріндегі «Жұрындысай» сауықтыру лагері өзінің алғашқы жаңа маусымын бастады. Қазір онда жүз оқушы демалуда. Оларға барлық жағдай жасалынған. Мұнда мәдени-спортпен айналысуын ұйымдастырып, танымдық ойларын жетілдіруге баса мән беруде. Төрт ауысыммен барлығы төрт жүз оқушыны демалдыру көзделініп отыр.
Read More »Шу
«Көкнәр-2016» операциясы Жапан дала төсін жайлаған жабайы өсімдіктің заңсыз бизнес көзіне айналғаны жасырын емес. Осыған орай ауданда «Көкнәр-2016» операциясы басталды. Ауданда өткен жылдың өзінде 35 тонна есірткі табылған. Бұл алдағы жылмен салыстырғанда 10 тоннаға артық.
Read More »Мойынқұм
207,2 миллион теңге қаралып отыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 2 бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту көзделген. Осы мақсатқа 207,2 миллион теңге қаралып, 57 адамға шағын несие беру қолға алынады.
Read More »Байзақ
Мектептерге күрделі жөндеу басталды Ауданда байырғы білім ошақтары Қазақстанның 40 жылдығы, Н.Киікбаев, Үлгілі орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осының ішінде тозығы жеткен Үлгілі орта мектебіне 93 миллион 135 мың теңге бөлініп отыр. Мердігер компания «Пырақ Құрылыс» ЖШС мектеп ғимаратының іші-сыртын, жылу және электр жүйелерін жаңарту жұмысына кірісіп кетті
Read More »Меркі
Жоба құны – 699 миллион теңге Облыста осы жылдың алғашқы жартыжылдығында құны 4,3 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылады деп күтілуде. Соның бірі – «ЦАСК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Меркі филиалы шырын тазалайтын цехты қайта жаңғыртуды көздеп отыр. Жобаның құны – 699 миллион теңге. Жылына 101 мың тонна шырын шығаруды қолға алғалы отырған кәсіпорында ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады.
Read More »Мойынқұм
Төрт түлік төлімен өсіп жатыр Осы жылдың алғашқы тоқсанында мүйізді ірі қара малы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3101 басқа, қой-ешкі саны 2538 басқа артқан. Ал жылқы саны 1052 басқа, түйе түлігі 115 басқа көбейіп отыр. Төрт түліктің өсуі – жақсылықтың нышаны. Биылғыдай табиғат молшылығы жердің де байлығын арттыруда.
Read More »