Жамбылда не жаңалық?

Тараз

131 Жаңа техника алынды Өткен 6 ай ішінде облыс бойынша барлығы 766,1 миллион теңгеге 131 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынса, оның 80-і – трактор, 9-ы – комбайн және 42 данасы – әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасы. Оның ішінде 56 дана техника 297,1 миллион теңгеге лизингтік негізде алынса, қалған 75 дана техника 468,9 миллион теңгеге шаруашылық құрылымдарының өз қаражаты есебінен алынған. ...

Read More »

Таразда оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн теңге бөлінді

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ студенттерге 22 млн астам теңге бөлініп отыр. Бұл туралы ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ерболат Саурықовтың айтуынша, жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек ...

Read More »

Жамбыл облысында екі әйелді қарақұрт шағып алды

Жамбыл облысында екі әйелді қарақұрт шағып алды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 07.07.2022 ж. сағат 19:00-де Сарысу ауданынан хабарлама түсті. Сарысу аудандық орталық ауруханасына 1952 ж.т.  азаматша «Қарақұрт шағуы» диагнозымен 06.07.2022 ж. түскен. Жалпы жағдайы орта дәрежеде. Ал екінші әйел ауруханаға 7 күні түнде сағат 03:00-те түскен. Жалпы жағдайы орта дәрежеде. Ақпарат көзі: Zhambul.News

Read More »

Шу

«Рақым жауған Рамазан» акциясы Аудандық ардагерлер ұйымы әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға қайырымдылық жасауға үндеу жариялаған еді. Үндеу аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері мен аудандық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болып, игі бастама аясында «Рақым жауған Рамазан» атты акция өтті. Ізгі мүддені мұрат тұтқан ұжымдар 30-дан аса отбасыға барып, азық-түлік толы себеттер таратып, демеушілік көрсетті.

Read More »

Талас

Күн электр стансасы орнатылады «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында ауданда мақсатты жұмыстар жүргізілмек. Соның нәтижесінде шетел инвесторларын тарту арқылы күн стансасының қуатын пайдалану жүзеге аспақшы. Алдағы уақытта «ST Power» ЖШС қуаты 50 МВт өнім өндіру әлеуетіне ие стансаның құрылысын жүргізуді қолға алмақ.

Read More »

Тараз

Қыс шанаңды жаз сайла Қала тұрғындарына қыс маусымына қызмет көрсететін 40 қазандық пен 39,5 шақырым жылу желілері бар. «Жамбыл-Жылу» мекемесі 19 қазандықтың технологиялық қондырғыларына және жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды.

Read More »

Тараз

Жолдасбеков оқулары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мырзатай Жолдасбеков оқулары» өтті. «Қазақ әдебиетінің қара нары» тақырыбында көрнекті ғалым, әдебиетші М.Жолдасбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған студенттер арасындағы эссе байқауы өтіп, онда ТарМПИ-дің студенті Нұргүл Пулатова үздік деп танылды. Құралай Әбдіназарова мен Назерке Әжетова екінші және үшінші орынға ие болды.

Read More »

Байзақ

800 мың долларға жаңа қондырғы орнатты Үшбұлақ стансасында «База-servis» ЖШС кореялық жаңа технологиямен кірпіш шығарып келеді. Серіктестік жақында «Даму» бағдарламасы бойынша несие алып, 800 мың АҚШ долларына жаңа қондырғы орнатты. Қазір жұмыс өнімділігі ұлғайып, күніне 5 мың кірпіш өткеруде.

Read More »

Мойынқұм

шөп мол, орақ жеткілікті Бітік өскен қалың шөпті шаруа қожалықтары молынан дайындауда. «Аяулым» шаруа қожалығы науқанға 8 техникамен кірісті. Қожалық 10 жұмыссыз ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып, оларға 80 мың теңге айлық жалақы төлеуде. Өзге қожалықтар да табиғат байлығын ұтымды пайдалану үшін қосымша адам күшін жалдап, уақытпен санаспай тер төгуде.

Read More »

Жамбыл

Жалпақтөбеге таза ауыз су жеткізіледі Жалпақтөбе ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы былтырғы жылдан басталған еді. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазіргі жүріп жатқан жұмыстың барысына орай бұл нысан осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Read More »