«Қазпошта» аудандық филиалының бас офисінде «Баспасөзге жазылушылар күніне» орай акция өтті. Оқырмандарға газеттер мен журналдарға жазылудың саяси маңыздылығын түсіндіру көзделген шара барысында жергілікті газеттерге жеңілдікпен жазылым ұйымдастырылды. Акцияға белсенді атсалысқан Ауқатты ауылының тұрғыны Н. Шаронина аудандық пошта торабының басшысы Жамбыл Есенбаевтың қолынан арнайы жүлде алды.
Read More »Жамбылда не жаңалық?
Т. Рысқұлов
Өткен сенбіде аудан орталығы Құлан ауылында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудандағы бар ауылдық округтің шаруа қожалықтары белсене қатысты. Ет өнімдерімен қатар көкөністің түр-түрі базар бағасынан арзан саудаланды. Бұл күн 4 миллион теңгенің өнімі өткерілді.
Read More »Сарысу
Жайылма ауылдық округінде күзгі тазалық айлығы ұйымшылдықпен өтуде. Округ бойынша соңғы аптада өткізілген тазалық жұмысына 13 мекемеден 97 адам қатысқан. Қоқыс қалдықтары тиісті орындарға жеткізілді. Ауыл көшелері толықтай ретке келтірілді. Ауыл тұрғындары бұл игі істен шет қалып отырған жоқ. Олар өз аулаларын тазалап, ауыл мәдениетіне мән беруде.
Read More »Талас
Дәстүрлі ән орындаумен облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы жас талант Мәулен Нұржанов келешегінен мол үміт күттіреді. Ол Ресейде өткен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық VI халықаралық «Арт-Соло» конкурсында еліміздің атынан қатысып, «Саз аспаптары жанры» бойынша Гран-при жүлдесін иеленді.
Read More »Шу
«Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Шу локомотив жөндеу зауытының қазандығы толықтай көгілдір отынға көшті. Кәсіпорын аумағындағы жерасты, жерүстіндегі 1000 метрге жуық жылу құбырлары толығымен жаңартылды. Жылына 3984 тонна мазут жағатын кәсіпорын енді бұл қиындықтан құтылды. Осыған орай өткен салтанатты шарада зауыт директоры М. Ақжігітов жұмысшыларды құттықтады.
Read More »Шу
Аудан әкімдігінде облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қолдауымен «Гуонлен» жастар орталығы семинар өткізді. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы, дінтанушы Сәкен Омаров діни мәселелерге кеңінен тоқталып, тыйым салынған ағымдар, дін мен білімнің, дін мен саясаттың байланысы турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, семинарда «Гуонлен» жастар орталығының жетекшісі Р. Бакиров, Шу аудандық орталық мешітінің бас имамы Қ. Мұсаев, ...
Read More »Сарысу
«Игілік» өндірістік кооперативі лизингке әрқайсының құны 3 миллион 740 мың теңге тұратын екі «МТЗ-82-1» тракторын, 980 мың теңгенің бір «КУН-10» шөп тиейтін техникасын алды. Шаруашылықтың өз қаражатына алынған екі «МТЗ-82-1» тракторының бірінің 50 пайыз құны мемлекет тарапынан төленетін болды.
Read More »Мойынқұм
Бірлік ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Берке Тұрғанғали Павлодар қаласында 1989-2000 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық қазақша күрестен жүлделі үшінші орын алды. 38 салмақ дәрежесінде белдесуге шыққан жас балуан қола медаль мен грамотамен марапатталды.
Read More »Қордай
Аудан әкімдігінің қолдауымен кезінде еселі еңбегімен өңірдің экономикасын дамытуға лайықты үлес қосқан он қария Астана қаласына саяхаттап қайтты. Үш күн бойы олар Елорданың әсем көшелерін аралап, ғимараттарын тамашалап, «Бәйтерекке» көтеріліп, Президенттің мәдени орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Орталық мешіт, «Атамекен» Қазақстан картасы, «Хан шатыры» сауда кешені, «Думан» ойын-сауық орталығы, «Алжир» тәрізді белгілі орындарда болды.
Read More »Жамбыл
Әкім Тарази атындағы орта мектепте мектеп ұжымының қолдауымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты акция өткізілді. Акция барысында мектептің тоғыз оқушысы жылы күртешемен, он оқушы қысқы аяқ киіммен қамтылды.
Read More »