Ағымдағы жылдың 11-16 шілдесі аралығында Херсон (Украина) қаласында бокстан Кеңестер Одағына еңбегі сіңген спорт шебері Николай Мангер атындағы «А» санатындағы Халықаралық Мемориал өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Жарысқа Белоруссия, Израил, Камерун, Молдава, Румыния, Грузия, Қазақстан және Украина мемлекеттерінен барлығы 100-ден аса спортшы қатысты. Жамбыл облысынан барлығы 3 спортшы қатысып, нәтижесінде 60 келі ...
Read More »Жамбылда не жаңалық?
Жамбыл облысында Қазақстанда жоқ «Моцарелла» өнімі өндірілуде
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы жеке кәсіпкер «Мешелова З.Е.» бүкіл Қазақстанда өндірілмейтін «Моцарелла» атты ірімшік түрін шығаруды қолға алды. Сатылымға шыққанына он күннен енді асса да аталған өнім сұранысқа ие тауардың түріне айналып үлгерген. Жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов моцарелланың құрамын өздері құрастырғанын алға тартады. Оның отбасылық кәсібі 2011 жылы өз жұмысын бастаған. Алғашқыда мал өсірумен шұғылданған Мешеловтар отбасы бүгінде сол малдан ...
Read More »Жуалылық 7 баланың анасы тігін цехын ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда
Жуалы ауданында жеке кәсіпкер «Әсемова» тігін цехын ашып, жергілікті халықты сапалы, әрі тиімді бағадағы дүниелерімен қуантып келеді. Студент шағынан бастап тігіншілікке қызыққан Гүлмира Әсемова бүгін сол қызығушылығын арманына ұластырып, арманын іс жүзіне асырып отырған жайы бар. Ол өзі тұратын үйінің жанына тігін цехын соғып, ісін дөңгелетуде. «Бұл істі нақты қолға алғаныма бес жылдай уақыт болып қалды. 2015 жылы мемлекеттік бағдарламамен ...
Read More »Тараз тұрғынына қылмыскерді ұстау кезіндегі кәсіби және батыл әрекеті үшін медаль беріледі
Тараз тұрғыны А. Маркин қарулы қылмыскерді ұстау барысында кәсіби және батыл әрекет жасағаны үшін медалмен марапатталады,-деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2016 жылдың 19 маусымында облыс орталығының «Талас» ықшамауданында орын алған атыс оқиғасы және қылмыскерді ұстау дерегі бойынша «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен қарулы қылмыскерді ұстау барысында кәсіби және батыл әрекет жасағаны үшін ...
Read More »Жамбыл облысында ұшағы апатқа ұшыраған әуе компаиясының басшысы сотталды
Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды. Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін жалмаған әуе апатына АН-2 ұшағының қожайыны кінәлі деп танылды. «OLIMP AIR» әуекомпаниясының басшысы енді 5 жылын темір торда өткізіп қана қоймай, жазасын өтеп шыққасын тағы 3 жыл авиация саласында қызмет ете алмайтын болды деп хабарлайды КТК телеарнасы. Былтыр қаңтардың 20-сы ...
Read More »Тараздағы әуежайда жаңа халықаралық рейстер ашылуда
Тараз қаласындағы «Әулие-Ата халықаралық әуежай» акционерлік қоғамында Тәжікстан және Ресейдің кейбір қалаларына тұрақты түрде ұшатын мүмкіндік пайда болды. «Худжанд-Тараз-Худжанд», «Сургут-Тараз-Сургут» бағыты бойынша жолаушылар кездесуі өтіп те үлгерді. Ұшақтың тұрақты ұшуы «SCAT» әуекомпаниясы арқылы жүргізілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, 10-шы шілдеден бастап «Нижневартовск–Тараз-Нижневартовск» және «Түмен-Тараз-Түмен» бағыттары бойынша ұшақтар тұрақты түрде ұшатын болады. Рейстер Boeng 737-300 және Boeng ...
Read More »Жамбыл облысында бір тәулікте екі автокөлік пен автобус жанып кетті
Жамбыл облысында бір тәулікте екі автокөлік пен автобус жанып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 10 маусым күні сағат 17:25-те Т. Рысқұлов ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 371-і шақырымында 1987 жылы шығарылған «Mercedes-Benz» автобусының өртенуі орын алды. Өрт сағат 18:00-де оқшауланып, сағат 18:30-да толық сөңдірілді. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен 4 адам, 1 ...
Read More »Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға сотталды
Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлады Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен. «Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы Шу АІІБ-нің жедел уәкілі мемлекеттік қызметті атқаратын тұлға бола тұра қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, А. азаматына заңсыз тергеумен анықталмаған заттарды лақтыру жолмен, кейіннен сол заттарды есірткі заттары түрінде көрсетіп ұстаған. Кейін ...
Read More »Шу
шәкірттер Құран сүрелерін жатқа оқыды Мәдениет үйінде 12-25 жас аралығындағы мешіт шәкірттері арасында Құран сүрелерін жатқа айту шарасы өтті. Жұртшылықтың алдында өткен имандылық шарасында Төле би орталық мешітінің шәкірті Дінмұхамед Желдібаев бас жүлдегер атанды. Ал бірінші орынға Қонаев ауылы мешітінің шәкірті Биләлі Кәденов, екінші орынға Төле би орталық мешітінің шәкірті Абдулла Жалалиев, үшінші орынға Жаңа жол ауылы «Күнту баба» мешітінің ...
Read More »Талас
Қаратауда 19 жоба іске асты Қаратауда шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 250 миллион теңге бөлініп, 19 жоба іске асырылды. Соның арқасында 100-ден астам адам жұмысқа тартылған болатын. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты.
Read More »