Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Кенен ауылындағы соғыс ардагерлері Керімқұл Қосақов пен Қасымқұл Қамбарбаев ақсақалдарға аудандағы «Ақтас-Қордай» және «Бриг Компаний» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің демеушілігімен алынған жаңа үлгідегі есту құралдарын тарту етті.
Read More »Жамбылда не жаңалық?
Т. Рысқұлов
Осы уақытқа дейін аудандық Мәдениет үйін паналап келген музей өз алдына жеке ғимаратқа көшті. 100 жылдан астам тарихы бар музей ғимаратының құрылысын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 17 миллион теңгеге «Жаз Бақыт» ЖШС жүргізген болатын. Қазір жаңа ғимаратқа экспонаттарды көшіру жұмыстары қолға алынды.
Read More »Шу
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бір топ үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің Үндеуіне орай аудандық білім мекемелерінің ұжымдары 550 түптен ағаш отырғызды. Мектептер арасында ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан Бәйдібек ауылы М. Мәметова атындағы орта мектебінің ұжымы білім ордасының ауласына 550 терек, 250 жеміс ағаштарын отырғызды.
Read More »Ақпараттар ағыны
Тараз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаменті игі істі қолға алды. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы облыстық және қалалық балалар ауруханасының маңына 300 түп жеміс ағашын отырғызды. Енді осы ауруханаға қарасты каналдың бойынан 300 түп, ал Ы.Сүлейменов атындағы көшенің бойына 800 түп ағаш егу қолға алынбақ. Жас көшеттердің күтімін «Казфосфат» мекемесі атқаратын болады. Байзақ Қазақстан ...
Read More »Байзақ
«Өнер» мектебінің шығармашылық ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай концерттік бағдарламалармен Тараз қаласындағы қарттар үйі мен аудандағы Сарыкемер орта мектебінде болды. Концерт барысында «Ай ару» бишілер тобы түрлі ұлттың биін билесе, кішкентай өнерпаздардан тұратын қобызшылар ансамблі халық күйлерін орындап, тыңдармандарын тәнті етті.
Read More »Жуалы
Аудандық «Достық» Мәдениет үйінде «Жуалы аруы-2015» аудандық байқауы болып өтті. Байқауға он үміткер қатысты. Арулардың ақылы мен парасаты, өнері мен өнегесін сарапқа салған байқау тартысты өтті. Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің озат оқушысы, қазақтың қызына тән қасиетке бай Аида Әжібай бас жүлдеге лайық деп табылды.
Read More »Қордай
Сортөбедегі Лермонтов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Амина Джимбарова биыл жыл басында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша өткен облыстық пән байқауында бірінші орын алып, республикалық жарысқа жолдама иеленген еді. Амина жуырда Атырау қаласындағы пән олимпиадасынан да бірінші орынды олжалап оралды.
Read More »Т. Рысқұлов
Ауданда өткен жылы 626,4 миллион теңгеге 54 дана әртүрлі маркалы техника лизингке және нақты қаражатқа сатып алынды. Бүгінгі күнгі комбайндар паркінің 32,4 пайызы және тракторлар паркінің 23,7 пайызы жаңаланған. Енді жыл басынан бері 306,964 миллион теңгеге әртүрлі маркалы 11 дана жаңа ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.
Read More »Шу
Аудан әкімі Бақытжан Нүркенов пен аудандық ардагерлері кеңесінің төрағасы Саруархан Зәуірбеков «Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік төсбелгілерін аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне апарып, құрметпен табыс етті. Аудан бойынша 12 соғыс ардагеріне төсбелгімен қатар, дабыл тетігі орнатылған ұялы телефондар сыйға тартылды.
Read More »Ақпараттар ағыны
Тараз ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы мерейтойлар жылына байланысты «20 ізгі іс» жобасының аясында Н.Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған мектеп-интернатына барды. Олар ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің тоқсан жылдық мерейтойына арналған мерекелік шараға қатысты. Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Ғалым Тұрсынбаев еліміздің бай тарихын, дәстүрі ...
Read More »