Төрт түлік төлімен өсіп жатыр Осы жылдың алғашқы тоқсанында мүйізді ірі қара малы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3101 басқа, қой-ешкі саны 2538 басқа артқан. Ал жылқы саны 1052 басқа, түйе түлігі 115 басқа көбейіп отыр. Төрт түліктің өсуі – жақсылықтың нышаны. Биылғыдай табиғат молшылығы жердің де байлығын арттыруда.
Read More »Жамбылда не жаңалық?
Байзақ
Мемориалдық ескерткіш орнатылды Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан ауылында Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш орнатылды. Биіктігі 11 метр келетін ескерткішке ауылдан майданға аттанып оралмаған боздақтар мен соғыстан соң тер төккен аға буын ардагерлерінің, тыл ардагерлерінің есімдері қашалып жазылған. Ескерткішке Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, тараздық кәсіпкер Тәуірбек Қарауылов және бір топ ауыл тұрғындары демеушілік еткен.
Read More »Меркі
Байығың келсе, бағдарламадан құр қалма Аудан шаруалары мемлекеттік бағдарламалар бойынша шаруасын тіктеп жатыр. Атап айтсақ, жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 203 бас сиыр, 6 бас асыл тұқымды бұқа, «Құлан» бағдарламасы бойынша 149 бас бие, 12 бас айғыр, «Алтын асық» бағдарламасымен 937 бас қой сатып алынған. Өткен жылы жоспарды артығымен орындаған меркілік шаруалар жыл аяғына дейін асыл тұқымды мал басын ...
Read More »Мойынқұм
үш айда 160 мың тонна цемент өндірді «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС осы жылдың үш айында 1682,2 миллион теңгеге 160,0 мың тонна цемент және 77,2 мың тонна клинер өндірді. Енді көктем маусымы басталып, құрылыс қарқын ала бастауына орай зауыт цемент өндірудің көлемін арттырмақ. Зауыт өніміне тапсырыс берушілердің қатары артуда.
Read More »Сарысу
262 миллион теңгеге зауыт салынады Жаңатас қаласынан «SODIUN» ЖШС жаңа зауыттың құрылысын бастамақ. Жобаның құны 262 миллион теңгені құрайды. Жоба жүзеге асқанда натрийдің гидроксиді-тұрмыста каустикалық сода деп аталатын күшті сілті, сабын жасау, құбырларды тазалау суларын дайындау, металдық алюминийді алу, мұнай өнеркәсібіне қажетті заттар шығару, халық тұтынатын өзге де тұрмыстық бұйымдарды шығармақ.
Read More »Талас
«Наурыз бағы» жаңғыртылды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен ауыл әкімдігі және аудандық мәслихат депутаты Мұрат Несіпбайдың ұйымдастыруымен Ақкөл ауылында «Наурыз бағы» қайта қалпына келтірілді. Бақтың қоршаулары оңдалып, үлкен қақпа орнатылды. Жаңа алма көшеттері отырғызылды. Мұндай саялы бақ осындағы О.Иманалиев атындағы Мәдениет үйінің маңынан да бой көтерді. Ол жерге 1000 түп түрлі ағаштар отырғызылып, «Талас-Таза су» мекемесінің күшімен құбырлы құдық ...
Read More »Сарысу
130 дана нан тегін таратылды Жаңатас қаласында әлеуметтік көмек беру мақсатында жағдайы төмен отбасылардың тізімі дайындалып, әр отбасыға кететін нан көлемі есептелді. Қалада әлеуметтік «Рахмет» дүкені арқылы тәулігіне 130 бөлке нан тегін таратылуда. Сонымен қатар, осы дүкенде картоп, пияз, макарон тауарлары да тегін беріледі. Бұл қамқорлық ауданда белсенді азаматтардың тұрмысы төмен адамдарға өз еріктерімен жинаған қаражаты арқылы іске асуда.
Read More »Қордай
Тағы бір алтын кеніші ашылады Елімізді мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Қарасай ауылдық округінің «Қырғау» кен орнында «Алатау-Қордай» ЖШС жылына 1500 килограмм болатын алтын мен күмістің 75 пайыздық концентратын шығаратын зауыт құрылысын бастамақ. Жалпы сомасы 1692,2 миллион теңгені құрайтын жобаның алғашқы кезегі барлау жұмыстарына, жерді игеру құжаттарын дайындауға, екінші кезегі қондырғыларды сатып алу, әкелу және орнатуға арналады.
Read More »Сарысу
ауыл бизнесіне 89 миллион 60 мың теңге несие Жыл басынан бері «ҚазМикроФинанс» шағын несие ұйымы тарапынан аудан көлемінде бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығына және тұтынушылық мақсаттарға 377 адамға 89 миллион 60 мың теңге несие берілді. Оның ішінде 114 адамға 53 миллион 470 мың теңге – бизнесті дамытуға, ал 134 адамға 35 миллион 590 мың теңге ауыл шаруашылығын дамытуға беріліп отыр.
Read More »Тараз
Тараздық ардагерлер таңғалдырды Республикалық аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдары арасында өткізілген конкурс мәресіне жетті. «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада бірнеше аталым бойынша ардагерлер бірлестіктерінің жұмыстарына баға берілді. Аталған байқауға өз жұмыстарын ұсынған Тараз қалалық ардагерлер ұйымы 1-орынды жеңіп алып, 50 мың теңге сыйлыққа ие болды. Олар жастарға патриоттық тәрбие беру ісін дұрыс ұйымдастырғаны және өз жұмыстарын кеңірек насихаттағаны үшін ...
Read More »