Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

«сыбағаның» берері көп «Сыбаға» бағдарламасы аясында Ботамойнақ ауылдық округінің «Заңғар» шаруа қожалығы 14,970 миллион теңге несие алып – 96 бас, Жалғызтөбе ауылдық округінен «Береке» ШҚ 9,7 миллион теңгеге – 62 бас, Жаңатұрмыс ауылының «Амангелді» ШҚ 10,050 миллион теңгеге – 60 бас, Түймекент ауылынан жеке кәсіпкер Сегізбаев 9 миллион теңге несиеге – 56 бас, осы ауылдың «Ай-Би» шаруа қожалығы 8,550 миллион ...

Read More »

Тараз

Электр желілері жаңартылды Өткен жылы облыс аумағында орналасқан электр желілерінің 1814 шақырымы (0,4-110 кВ) және 308 трансформаторлық қосалқы станса жабдықтары (108,52 МВт) күрделі жөндеуден, 7247 шақырым электр желісі мен 1188 трансформаторлық қосалқы станса ағымды жөндеуден өткізілді.

Read More »

Талас

ғылыми жобасы үздік деп танылды Қаратау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Таңшолпан Әуесбек облыстық ғылыми жобада бірінші орынды жеңіп алды. «Көптілді қоғамдағы әлеуметтік-коммуникативтік жүйелер» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғаған жеткіншек республикалық додаға жолдама алды.

Read More »

Қордай

Өндіріс қуатын арттырады «Первомайские деликатесы» ЖШС алдағы екі жылда жалпы көлемі 223 миллион теңгені құрайтын шұжық шығару цехын жаңарту жобасын іске асырып, өндіріс қуатын жылына 3 мың тоннаға жеткізбек. Құрылыс кезінде жаңадан бес жұмыс орны ашылмақ.

Read More »

Жамбыл

бағдарламаның жемісін көрді «Бизнестің жол картасы-2020» индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында «Амангелді» өндірістік кооперативінің жерінде орналасқан «Азамат» шаруа қожалығы жылыжайын газбен қамтамасыз ету жобасы бойынша республикалық бюджеттен 8,3 миллион теңге және жергілікті бюджеттен 930,2 мың теңгенің (барлығы 9,3 миллион теңге) жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді.

Read More »

Сарысу

тау-кен кешенінің құрылысы жүргізілуде «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясы Жаңатаста тау-кен кешенінің бірінші кезектегі құрылысын жүргізуде. Салынатын инвестиция көлемі 97,8 миллиард теңге болса, осы уақытқа дейін 16,2 миллиард теңге қаражаты салынды. 2013 жылдан бері 265,0 мың тонна руда өндірілді.

Read More »

Байзақ

қожалық табысы қомақты «Достық-99» шаруа қожалығы (төрағасы Бөкембай Битабаров) өткен жылды табысты аяқтады. Қожалық жыл бойы 40 миллион теңгенің өнімін өндірген. 10 миллион теңге пайда тапқан қожалық алдағы көктемде қызылша алқабын 25 гектарға ұлғайтып, 50 гектар жерге жоңышқа егуді қолға алғалы отыр.  

Read More »

Тараз

инженерлік-инфрақұрылым тартылды Өткен жылы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту аясында «Бәйтерек» мөлтек ауданы мен «Арай» тұрғын алқабында құрылыс жұмыстары атқарылды. «Құмшағал» тұрғын алқабына қиыршық тас жол төсеу, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.

Read More »

Тараз

Жобалау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында «Орталық-Оңтүстік» жобасы іске асырылады. Оның аясында облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Ресей Федерациясының шекарасы – Алматы» автожолының 210 шақырымын қайта жаңғыртуға жобалау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Read More »

Байзақ

жаңа мектеп салынуда Қазіргі таңда облыста 5 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп келеді. Осының ішінде 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның бірі – Түймекент ауылында 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Read More »