Жамбылда не жаңалық?

Т. Рысқұлов

бройлер еті бойыңызға жұқ болсын Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жеке кәсіпкер Д.Еркебаланов неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру кешенінің» жобасын жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізуде. Оның жобалық қуаты жылына 10 мың тонна ет өндіру болып табылады. Бүгінгі күні жобаны іске асыру үшін 80 гектар жер бөлінді. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жылға жоспарланған.

Read More »

Жамбыл

тәтті түбір өткен жылғыдан көп Ауданда қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Түсім жылдағыдан мол. Әр гектар алқаптан 300-350 центнерден тәтті түбір жиналуда. Бұған Франциядан әкелінген сапалы қант қызылшасының тұқымы ықпал еткен. Ауданда биыл 1200 гектар жерге тәтті түбір егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық.

Read More »

Шу ауданы

20 адам жұмыспен қамтылды «Алпар групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шу қаласында «Petrol mobil» жанар-жағармай орталығын ашты. Жаңа жұмыс орнында 20 адам жұмыспен қамтылды. Серіктестік басшысы – Ерқанат Қожахметов. Еуростандартпен соғылған бұл кешенде көлік жуу, май айырбастау және шағын маркет те қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Шу ауданының әкімі Рүстем Дәулет арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды.

Read More »

Талас

шағын бизнес шапағаты Ойық ауылында шағын бизнесті дамыту үшін қам жасалынуда. 4 ауыл тұрғыны 6,5 миллион теңге шағын несие алып, тірліктерін бастап кетті. «Нұрислам» ШҚ 2,4 миллион теңгеге 8 бас құлынды бие, «Ерлан» ШҚ 1,3 миллион теңгеге 8 бас құлынды бие, «Ерасыл» 1,5 миллион теңгеге 4 бас бие, 30 бас қой, ауыл тұрғыны Бердіхан Аманбаев 1,3 миллион теңгеге асыл тұқымды ...

Read More »

Байзақ

акциядан айналып өтпе Тамыз айынан бастау алған «Мектепке жол» атты республикалық акция «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранмен өтуде. Қоғамда маңызға ие аталмыш акцияға аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешіті де қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж 28 оқушыны мектеп құралдарымен қамтамасыз етті.

Read More »

Тараз

жол үсті өткелі Көлік кептелісінен жаяу жүргіншілерге қиындық туып жатады. Осыған орай Төле би көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысында жүргіншілерге арналып жол үсті өткелін салуды қолға алды. Бұл құрылысқа 30 миллион теңге бөлініп отыр.

Read More »

Жамбылда…

Тараз Жерлес әртістің жетістігі Семей өңірінде Жарма ауданының орталығы Қалбатауда ұлы Абайдың әжесі Зереге арналып ескерткіш орнатылды. Дүбірлі жиынға қатысушылар «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досхан Жолжақсыновпен, Жамбыл облыстық драма театрының әртісі, осы кинода Зере рөлін сомдаған Нүрсипат Салықовамен кездесті. Талас «Мектепке жол» акциясы өтті Ауданда тамыздан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Қайырымдылық шара аясында ...

Read More »

Жамбылда…

Қордай Ғасырлық тарихы бар зауыт Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінде Қордай өңіріндегі алғашқы цемент зауытының жүз жылдығына арналған мерейтойлық шара өтті. Патшалы Ресейдің Шу өңірін мелиорациялау нысандарын – су плотиналары мен каналдарының құрылысына қажетті цемент өндіру үшін құрылысы 1909 жылдан басталып, 1916 жылдан өнім бере бастаған зауыт кезінде Орта Азиядағы бірегей өндіріс орны саналған еді. Меркі «Мега меркі» орталығы ашылады Ауданда ...

Read More »

Жамбылда…

Тараз Мәдени мұралар жаңарады Скрябин үй-мұражайын қайта жаңғырту жұмысына 35 миллион теңге, «Руханият» музейінің реэкспозициясына 70 миллион теңге, Қарахан кесенесі маңындағы орта ғасырлық мешітті реставрациядан өткізу үшін 30 миллион теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Талас Су үнемдеудің жолы осы Бостандық ауылында су үнемдеу технологиясын енгізген «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектар егістікті жаңбырлатып суғарып отыр. Қаратау қаласында кәсіпкер А.Сейдалиев 1 гектар ...

Read More »

Жамбылда…

Тараз Жылу жүйелері жаңғыртылуда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына Ұлттық қор есебінен 3,6 миллиард теңге қаржы бөлінген еді. Осыған орай «Таразтрансэнерго» кәсіпорны жылу желілерін қайта жаңғыртуда. Қала көшелерінің бойында ұзақтығы 6,7 шақырым құбырлар ауыстырылуда. Қордай Жаңа ықшам аудандардың инфрақұрылымдары жүргізіледі Жер телімін алу кезегіне тіркелгендердің саны аудан орталығы бойынша 6422 адамға жетті. Биыл «Шығыс-2» және «Солтүстік» жаңа ...

Read More »