Саясат

Еліміз электронды үкіметті дамытқан 10 үздік елдің қатарына кірді

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азияның он үздік елінің қатарына кірді,  деп хабарлайды BNews.kz.  БҰҰ есебіне сәйкес, Қазақстан Азия мемлекеттерінің арасында 7 орынды иеленді. Бұдан жоғары сапта Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері орналасты. Сонымен бірге БҰҰ-ның жаһандық рейтингісі бойынша Қазақстан 33-орынды иемденіп, барлық ТМД елдерінен алда келе жатқанын атап өткен жөн. Электрондық үкіметті дамыту бойынша ...

Read More »

Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Бозымбаевпен Теңіздің өндірістік қуаттарын кеңейтуді талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, ...

Read More »

Еуропада министр болған тұңғыш қазақ қызы

Еуропада министр болған тұңғыш қазақ қызы Жәмилә Стехликованың өмірі мен қызметі «ҚАЗАҚ» газетінің ағымдағы жылғы №16-17 санында жарияланған «Әлемдегі ең іскер қазақ қызы» атты мақаламызда есімі Ангела Меркель, Елизавета ІІ, Хиллари Клинтон, Кандолиза Райс сынды әлемнің ең ықпалды әрі беделді әйелдерімен қатар аталатын Гүлжан Молдажанова туралы кеңінен жазғанбыз. Ал бүгінгі «Қандастар тынысының» кейіпкері – Еуропада министр атанған алғашқы қазақ қызы, ...

Read More »

Еуразиялық медиа-форум әлем назар аударатын алқалы жиын болып қалыптасты

2002 жылы 24 сәуір күні Алматы­да тұң­ғыш рет Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бас­тады. Оған әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден ас­там танымал саясаткерлер, білікті сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Халықаралық форумның бас­тамашысы әрі жобаның авторы Дариға Назарбаева жиынның негізгі мақсатын: «Шығыс пен Батыс көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен диалогты нығайту арқылы аймақтық және ғаламдық мәселелерді ортақ түсінуге үлес қосу», деп түсіндірді. ...

Read More »

Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса жабылды

Түркияда төтенше жағдай режімін қолдану барысында ел билігі 313 БАҚ-ты жабуды жөн санады. Олардың ішінде ондаған газет, бірнеше ақпараттық агентітк, баспа үйлері бар, — деп хабарлады CNN Turk. Үкімге сәйкес Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса, 45 газет, 15 журнал, 29 баспа үйі жабылады. Билік жабуға шешім қабылдаған баспалардың ішінде    Chian агенттігі мен радиостансасы, Nazar газеті,   Yumurcak  телеарнасы ...

Read More »

Елбасы ҚХР төрағасына көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқынына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар провинциясында көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су ...

Read More »

Эстония Британияның орнына 2017 жылы ЕО-ға төрағалық етеді

 2017 жылдың жартысынан бастап, Эстония Британияның орнына Brexit-ке байланысты Еуропалық одақ кеңесіне төрағалық ететін болады, деп хабарлады ria.ru. «Эстонияның төрағалық ету мәселесі сейсенбі күні ЕО Кеңесінде шешілді. Ведомство арызында Британия 2017 жылдың жарты жылдығында ЕО кеңесіне төрағалық етуден бас тартуына байланысты Кеңес графиктегі тізімді қарастырды. Осылайша, Британиядан кейін 2018 жылдың жартыжылдығында бірден төрағалық тізгінін қолына алуы қажет келесі ел — ...

Read More »

Клинтон ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат болып ұсынылды

Экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Демократиялық партия атынан АҚШ  президенттігіне үміткер болып ресми түрде ұсынылды. Осылайша ол ел тарихындағы президенттікке кандидат алғашқы әйел болып танылды, деп хабарлады  РИА Новости. Дауыс беру кезінде Клинтон Филадельфияда өтіп жатқан партиялық съезд делегаттарының қажетті 2383 дауысын жиды. Үдеріске сәйкес, енді Клинтон президент сайлауына қатысуға ресми келісімін беру керек. Ол бейсенбі күні сөз сөйлейді және бұл ...

Read More »

Назарбаев «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы »Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы төлем нарығындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды», — делінген жарияланған хабарламада. Сондай-ақ, Назарбаевтың заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаны айтылады. ...

Read More »

Қытайда биліктің рұқсатынсыз ғаламторға жаңалық жариялауға тыйым салынды

Қытайдың ғаламтор кеңістігінің әкімшілігі елдегі бірнеше ірі веб-порталдарға жаңалық жариялауға тыйым салды. Мәліметке сүйенсек, интернет-компаниялар ғаламтор жүйесінің ережелерін бұзып, бірнеше жаңалық жариялаған. Соның салдарынан ел арасында кері пікірлер қалыптасқан. Енді ғаламтордағы БАҚ тек билік рұқсат берген жаңалықтарды жариялай алады. Ереже сақтамаған медиа компанияларға ірі көлемде айыппұл салынады. Бұл ғаламтор жаңалықтарына қатысты билік тарапынан қойылған алғашқы тосқауыл емес. Елде шілде айының ...

Read More »