Саясат

Кәсіпкер әйелдерді қолдау – партия назарында

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыстық мәслихат депутаттарының, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, өкілетті органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша сарапшы топтың отырысы өтті. Басқосуды облыстық мәслихаттың депутаты, сарапшы топтың жетекшісі Гүлдара ...

Read More »

И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» медалімен марапатталды

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» медалімен марапатталды. Награда бүгін Астанада өтіп жатқан  ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бірлескен аймақаралық бірінші кеңесі барысында табыс етілді. «Осындай маңызды халықаралық форумды өткізу бізге үлкен мәртебе. Алдымен, астаналық үнқатысу алаңын таңдау — бұл ЮНЕСКО-ның Қазақстанға, оның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген зор сенімінің айқын көрсеткіші. ЮНЕСКО біздің еліміздің халықаралық бастамаларына үнемі ерекше ...

Read More »

ЮНЕСКО құндылықтарын алға жылжыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз — Н.Назарбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өз жұмысын бастаған ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бірлескен аймақаралық бірінші кеңесіне қатысушыларға құттықтау жолдады. Елбасы құттықтауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков оқып берді. «Біздің барлығымызды әлем мен ғаламшарымызға қамқорлық, жоғары стандарттарға, ғылыми прогресс пен тұрақты дамуға ұмтылыс біріктіреді. Аумағында 130-дан астам этнос бейбітшілікте өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық, өркениетаралық және өңіраралық сұхбаттастықты ...

Read More »

Елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі басталды

Бүгін елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі өз жұмысын бастады. Шараға ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік топтарынан, атап айтқанда, Араб мемлекеттері, Азия және Тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен 125 мемлекеттің Ұлттық комиссияларының өкілдері, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков қатысуда. Кеңес аясында сегіз қазақстандық нысанның  (Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе ...

Read More »

Биыл 4 мектеп, 7 балабақша, 1 колледж пайдалануға беріледі

Биылғы жылдың соңына дейін облысымызда 12 білім нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Оның 85 пайызы тамыз айының ішінде жаңа оқу жылына сақадай-сай болуы тиіс. Өткен аптадағы аппараттық кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков облыстық білім, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары мен аудан әкімдеріне осындай тапсырма берген болатын. Қазір нысандардағы жұмыс қарқынды жүргізілуде. 

Read More »

Ауыл-аймақ назардан тыс қалмасын

Ақынбек БЕКТАЕВ, облыстық мәслихаттың депутаты. Қазір кез-келген бұқаралық ақпарат құралы арқылы жол-көлік апаты жайлы қайғылы хабарлардың берілуі үйреншікті жағдайға айналып кетті. Облыс орталығы немесе аудан орталығын былай қойғанда, жантүршігерлік апат ауыл- аймақтың ортасына да жетті. Оған дәлел, Талас ауданында демалыс күндері болған бес бозбаланың өлімімен аяқталған жол апаты.

Read More »

Болашақ бес үй еді

Сара Мәдиева,  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы. Халқымыздың санын қайтсек 20 миллионнан асырамыз деп кешенді шараларды жүргізіп жатқан бүгінгі уақытта жол-көлік апаттарының тым жиілеп кеткені, оның салдарынан талай жанның көз жұмып жатқаны жүректі сыздатады, әрине. Күн құрғатпай автокөлік апаты. Қаншама арыстай азаматтан бейбіт күннің өзінде айырылып қалудамыз. Құзырлы органдар мұндай жағымсыз оқиғаларға қалай жол ...

Read More »

«Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа қайда?

Масат БЕРІК, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Жол мұраты – жету. Алайда, жолға шыққанда сол мұратына жете алмай қаншама адам бақилық болып кетуде. Жан түршігерлік сипаттағы жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Ащы да болса шындық, оны несіне жасырып-жабамыз? Тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір жолы бұл жайтты Сириядағы соғыспен салыстырды. Расында, бейбіт заманда тұрғындар қашанғы жол апатынан қырыла бермек?

Read More »

Тағайындау

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 229-к өкімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин тағайындалды.

Read More »

Жиналыс көп, нәтиже аз

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылау аясында дөңгелек үстел отырысы өтті. «Жемқорлықпен күрес: «Нұр Отан» партиясы ұстанған нақты бағыт» атты басқосуға партия Тараз қалалық және аудандық филиалдары жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссиясының төрағалары, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, ...

Read More »