Author Archives: Elvira Jarilkasinova

Олимпиаданың қалған бөлігінде кімдерден жүлде күтеміз?

Олимпиадаң аяқталуына көп уақыт қалған жоқ. Тамыздың 21-і күні жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан бүгінге дейін 10 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын. Жанкүйерлер енді кімдерден жүлде күтеміз деп дегбірсізденіп отырған болар. Біз осы сауалға жауап іздеп көрдік.  Қазіргі кезде грек-рим, велоспорт, дзюдо, ауыр атлетика, суға жүзу, үлкен теннис, үстел теннисі, нысана көздеу, велотрек, слаломдағы есу, академиялық есу, садақ ату,батутпен секіру, ...

Read More »

Қ.Тоқаев: Алтын жалатылған күміс медаль

ҚР Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында қазақстандық боксшы Василий Левитті Рио Олимпиадасындағы сәтті өнерімен құттықтады. Ол өз жазбасында Левиттің күмісі алтыннан да ардақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.  «В.Левит бокстан ақтық бәсекеде керемет өнер көрсетті. Соның нәтижесінде барша жанкүйердің зор ықылас-құрметіне ие болды. Қорытындысында — алтын жалатылған Күміс медаль», — деп жазады Сенат Төрағасы. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ...

Read More »

Рио-2016: Қазақстан тарапы Левит-Тищенко жекпе-жегіне қатысты ұстанымын жария етті

Қазақстан бокс федерациясы Рио Олимпиадасының финалында орын алған Левит пен Тищенко жекпе-жегіндегі дауға қатысты пікірімен бөлісті. «Барша қазақстандықтар секілді біз де сол кездесуді тамашалаған болатынбыз, Василийдің финалдық жекпе-жегін қарап, тақым қыстық, Василий Левит жеңіске жетті деп санаймыз, алайда төрешілердің шешімі басқа болды. AIBA президенті Чинг Куо-Ву мәлімдегеніндей, қандай болса да, қазылардың шешімін сыйлау қажет. AIBA ережесі бойынша, қазылар шешіміне қатысты ...

Read More »

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қатынасы үлгі боларлықтай

Сочиде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланып, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің барынша өзекті аспектілеріне қатысты пікір алмасты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы G20 саммиті, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі, өңіраралық ынтымақтастықтың қазақстандық-ресейлік форумы аясындағы кездесулерге дайындық барысын қарады. Мемлекет басшысы В. Путинге Ресей өңірлерін ...

Read More »

Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша қаражат берілетіні белгілі болды

Келесі жылы Алматыда өтетін Универсиада-2017 спорттық додасы барысында жүлде алған қазақстандық спортшылар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады. Бұл туралы бүгін астанада ОКҚ баспасөз мәслихатында Универсиада-2017 дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров мәлім етті. «Олимпиада Ойындарындағыдай ҚР Үкіметінің Қауылысымен студенттерге сыйақы тағайындау қарастырылған. Ойынға қатысу кезінде барлық спортшылар студент болулары шарт. Бірінші орын үшін сыйақы көлемі 15 мың АҚШ долларын құрайды, күміс — ...

Read More »

Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен қазан айында кездесетін болды

Таразда тұратын Исаак Мустопуло есімді мектеп оқушысы ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен қазан айында кездеседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Барлығыңызға сәлем! Стивеном Хокингпен кездесетін күнім жақындап жатыр. Барлығыңызға көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін рақмет! Менің сүйікті журналым астрофизикаға қызығатын адамдардың атынан қызықты сауалдарды құруға көмектеседі. Мен бұл кездесудің тек маған арналмағанын айтқым келеді. Сауалдарыңыз болса, сұраңыздар! Мен ол сұрақтарды ғалымға жеткіземін», — деп ...

Read More »

Мырзағали Айтжанов: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады

Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан кейін бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, боксшыларымыздың жекпе-жектегі айқастары туралы пікірін білдірді. - Мырзағали Құланұлы, бүгінгі шаршы алаңға шыққан боксшылар туралы айтып берсеңіз… - Біздің боксшылар елді ұялтып жатқан жоқ. Барлығы тапсырманы ойдағыдай орындап жатыр. Бірінші ретте Олжас Сәттібаев туралы айтайын. Олжастың қалай бокстасқаны бүкіл әлемге аян. Ол қарсыласынан ...

Read More »

Қазақстан мен АҚШ экстремизм мен терроризммен бірлесе күреспек

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллмен кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz.  Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен оны дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша тараптар пікір алмасты. «Мен Вашингтонда өткен кездесу үшін ...

Read More »

Шынымды айтсам, жеңдім деп ойладым – В.Левит

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Василий Левит финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұтылып қалды. Жекпе-жекке баға берген үш төрешінің бәрі де Тищенконың жеңісіне күмән келтірген жоқ. Алайда рефери Е.Тищенконың қолын көтергенде залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Тіпті, салтанатты марапаттау рәсімі кезінде ресейлік спортшыға медаль тапсырғанда халық улап-шулап, қарсылық ...

Read More »

Уашингтон Пост: «Төрелік етудің проблемалары олимпиадалық боксқа қайта оралды»

Баспасөз дүниесінің алпауыты, америкалық әйгілі газет «Уашингтон Пост» таңға жуық өткен қазақстандық Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы ауыр салмақтағы финалдық бокс кездесуін батыл айыптаған Ассашейтед Пресс агенттігінің спорт колумнисті Тим Дальбергтің мақаласын көшіріп басты. «Төрелік етудің проблемалары олимпиада боксына қайта оралды» деп тақырып қойылған сараптамада 91 келі салмақ дәрежесіндегі бокстың ақтық айқасуы барынша әділетсіз, сүреңсіз төрелік етілгені ащына айтылған ...

Read More »