Author Archives: Elvira Jarilkasinova

Рио-2016: Ең әдемі форма – Қазақстан спортшыларында

Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың киімі «ең әдемі» деген атқа ие болды. Ресейлік «Боец» телеарнасының журналисі қазақстандықтардың спорттық киімін осылай бағалады. Бұдан бөлек, журналистің пікірінше, Рио-2016 Олимпиадасындағы ең жарқын жанкүйерлер қазақстандықтар екен. «Бұдан асқан керемет жанкүйер мен бұдан асқан әдемі спорттық киімді басқа ешкімнен көрмедім. Меніңше, спортшыларды қолдау мәселесіне келгенде қазақстандық делегация ең ұйымшыл», – деп мәлімдеді ресейлік журналист. Естеріңізге сала ...

Read More »

45 «Алтын белгі» иегері биыл грантсыз қалды

45 «Алтын белгі» иегері биыл білім беру грантын ала алмады. Бұл туралыTengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Ұлттық тестілеу орталығының берген жауабында айтылған. «Конкурсқа 2208 «Алтын белгі» иегері тапсырыс берген, олардың 45-і грантты жеңе алмады», — деді Тестілеу орталығының өкілдері. Сонымен қатар, орталықтың мәліметінше, 2015 жылы білім беру грантын 47 «Алтын белгі» иегері ала алмаған. ҰТО-тың мәліметінше, «Алтын белгі» иегерлері мынадай мамандықтарды таңдаған: жалпы медицина; ақпараттық ...

Read More »

Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі

2017 жылдан бастап ауыл мектептерінің мұғалімдері «Болашақ» арқылы оқытылмақ. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов осылай мәлім етті. «Бүгінгі комиссияның отырысында бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы қаралды. Оның ішінде оқуға шетелдің беделді жоғары оқу орындарына магистратура мен докторантураға «өз бетінше түскендер» санаты бойынша ...

Read More »

ҚР Паралимпиадалық құрамасы соңғы жаттығуларын Бразилияда тәмамдайды

АҚШ-та үш апталық жаттығу өткізген Қазақстанның паралимпиада құрамасы 16 тамызда соңғы дайындықтарын пысықтау үшін Бразилияның Аракажу қаласына аттанады. Олар 1-18 қыркүйек күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына дайындықты сол жерде тәмамдайды. Еліміздің Ұлттық паралимпиада комитеті «ҚазАқпарат» агенттігіне хабарлағанындай, Колорадо-Спрингс пен Аракажу қалалары тегіннен тегін таңдалған жоқ. Соңғы үш аптада еліміздің паралимпиадашылары мүгедек-спортшылар үшін лайықталған әлемнің ең үздік жаттығу орталығында ...

Read More »

Рио-2016: Паралимпиада ойындары қаржы тапшылығынан қысқаруы мүмкін.

Бразилия үкіметі Риодағы ойындарды өткізу үшін бюджетте 250 млн реал (шамамен 80 млн доллар) жетіспейтінін ресми түрде жариялады, ал билеттер болса өтпей жатыр. Демеушілер көмектесуге асығар емес. 7-18 қыркүйек аралығында Риода өтетін Паралимпиала ойындарының бағдарламасы қаржы тапшылығына байланысты қысқаруы мүмкін, деп жазды centralasian.org порталы Wall Street Journal-ына сілтеме жасап. Бірақ спорттың нақты қай түрлері қысқаратыны әзірге белгісіз. Халықаралық паралимпиада комитетінің ...

Read More »

Бастауыш сыныпқа жаңа білім беру бағдарламасы енгізіледі

Бастауыш сыныпқа білім берудің жаңа әдісі өзінің тиімділігін көрсетті. Арнайы жүргізілген бақылау нәтижесі осыған дәлел. Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа білім бағдарламасының нәтижесі талқыға түсті. Оған елдегі жаңа білім беру стандартынан сынақтан өткен 30 мектептің 140-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жиын барысында ұстаздар сынақ қорытындысын талқылап, жаңа оқу жылына дайындықтарын тағы бір пысықтады. Себебі биылдан бастап бұл бағдарлама еліміздің ...

Read More »

Назарбаев Путинмен кездеседі

16 тамызда Сочи қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде. Осыған дейін де Назарбаев Путинмен халықаралық мәселелерді талқылаған болатын. »Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, ...

Read More »

Рио-2016: Бүгін Александр Зайчиков Риодағы ауыр атлеттеріміздің жарысын қорытындылайды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін Александр Зайчиков Риодағы ауыр атлеттеріміздің жарысын қорытындылайды,  деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Риода ауыр атлеттеріміз үшін соңғы күн. Осыған дейін жеті ауыр атлетіміз өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Айталық, Олимпиаданың үшінші ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы ...

Read More »

Рио-2016: Бүгін грек-рим күресінен Нұрмахан Тінәлиев жарыс жолына шығады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен үшінші балуанымыз аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Ол Рио уақытымен таңғы сағат 10:00-де (Астана уақытымен сағат 19:00) жарысын бастайды. Рио Олимпиадасына грек-рим күресінен бар жоғы үш-ақ балуанымыз жолдама алған болатын. Екеуі кеше ұтылып қалды. Олар Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов. Естеріңізге сала ...

Read More »

Рио-2016: Бүгін ел қоржынына кем дегенде екі медаль түсуі тиіс

Бүгін, тамыздың 15-сі күні Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында боксшымыз Василий Левит финалда ресейлік боксшымен кездесіп, алтын медаль үшін таласып көрмек. Сондай-ақ 105 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін зілтеміршіміз Александр Зайчиков жарыс жолына шығады. Baq.kz порталы бүгінгі күннің толық кестесін ұсынып отыр.  Байдарка және каноэ есу. Спринт. Ерлер. Біркісілік каноэ. 1000 метр Спортшы: Тимур Хайдаров Уақыты: Басталуы сағат 18:00-де; ...

Read More »