Author Archives: Elvira Jarilkasinova

Эфирде «77» канал

Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды қалаларында бірнеше телеканалдар ашылып, республика көрермендерінің көзайымына айналғанына біршама уақыт болып қалды. Осы телеарналардың қатарына Тараз қаласындағы «77» телеканалы қосылып, жұмыс істей бастағанына онша да көп уақыт бола қойған жоқ. Осыған қарамастан, жас шығармашылық ұжымының аяқ алысы көңіл қуантады. Тараздық тележурналистердің өзіндік қолтаңбасы айқын аңғарылады. Экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған хабарлар нақтылығымен, шынайылығымен ерекше назар аударады. Экономикада ...

Read More »

Нәзік жандылар барлық істе белсенді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің қаланың іскер әйелдерімен өткен кездесуінде «Әйел және бизнес» тақырыбы кеңірек қаузалды. Кездесуге «Даму» қоры» акционерлік қоғамының, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылары, Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы, жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директорлары арнайы шақырылған екен. Олар кәсіпкер әйелдің жолында кездесетін кедергілер туралы мәселе көтеріп, ой ...

Read More »

Қайырымдылық – ізгілік белгісі

Жүрегіне мейірім нұры қонақтаған адамның қолынан қайырымдылық жасау келетіні мәлім. Қайырымдылық – сауапты іс. Қажетіне жараса пайдалансын деп астындағы атын да түсіп беретін жомарт халық қолынан келгенше әлсіздерге көмек қолын созып жүретіні де ақиқат. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың көкейтесті мәселелері қашанда сейілген емес. Осы орайда өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз брифингі «Қайырымдылық – адам жанының нұры» тақырыбында өтті. Баспасөз мәслихаты ...

Read More »

ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ ТӨЛЕУГЕ КӨМЕК

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет тарапынан ҚР Ұлттық банкіне ипотекалық несие алушылардың мәселелерін шешуге ұсыныс жасалған болатын. Осыған орай «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» бағдарламасы бекітілген еді. Оны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық банктен 130 миллиард теңге бөлінген. Ондағы мақсат – алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды төлеу талаптарын жеңілдету, проблемалық несиелер деңгейін төмендету. Бағдарлама ең алдымен халықтың әлеуметтік ...

Read More »

«Айқын» жобасына жүгінген жөн

Мемлекеттік билік пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызмет сапасын жақсарту тұрғындардың билікке деген сенімін арттырады. Сондықтан да, кез-келген мекеме қызметкерлері келушілерге сапалы қызмет ұсынып, қабылдауға келген тұлғаларға оң қабақ танытып, кеңсеге түскен өтініштерді уақтылы есепке алып, тіркеуі тиіс. Себебі, халыққа ұсынылатын қызмет арқылы мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиеті бағаланады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасының ...

Read More »

Өркендей бер, елім!

Отаны бар адам бақытты. Тәуелсіз еліңнің арайлап атқан әрбір таңын көру – үлкен қуаныш. Мінеки, бүгінгі жас ұрпақпен бірге аға буын біздер де тәуелсіздіктің тымық ауасымен тыныстап отырмыз. Жүздеген жылдар әр қазаққа арман болған асыл құндылық, мінеки, біздің өмір сүрген кезеңімізде мемлекетімізге бұйырды. Сол тәуелсіздігімізге биыл ширек ғасыр толғалы отыр. Бұл дегеніміз – баршамыз үшін үлкен мерей, айрықша көңіл толқытатын ...

Read More »

Қабылдау орталығының модераторы

Сонау тоқсаныншы жылдары ел егемендігін алып, бұрынғы Одақ құрдымға кетіп, қалыптасқан экономиканың быт-шыты шықты. Нарық заманы басталып, көпшілік аңтарылып қалды. Жекешелендіру науқаны жүріп жатты. Дүм-дүние біткен бөліске түсіп, жаңа заманның желі есті. Кеңшарлар тарап, оның қыруар малы, техникасы, жері паймен үлестірілді. Жеке бизнес пайда болды. Кіші және орта кәсіпкерлікке жол ашылып, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай серіктестіктер, қожалықтар құрылды. Енді осынау жүйені ...

Read More »

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын арттыру және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін ұлғайту мәселесі ...

Read More »

Ішкі экономикалық тұрақтылық сақталады

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Елбасы ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, республиканың банк жүйесін дамыту және екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев ...

Read More »

Әуе мен жердегі ғаламат шоу

«Отар» полигонында Армия халықаралық ойындары өтуде 40-Отар әскери базасының оқу-жаттығу полигонында Армия халықаралық ойындары салтанатты түрде ашылды. Қазақстан өз жерінде мұндай шараны алғаш рет өткізуде. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оркестрінің салтанатты маршымен «АрМИ-2016» додасының туы көтерілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жарыстың ресми басталуының шымылдығын түрді. Салтанатты шараға Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қатысты. – Біз Армия ойындарының өткізілу ауқымын кеңейткен ...

Read More »