Author Archives: Elvira Jarilkasinova

Әлемдік білім бәсекесінде

Топтан озған жамбылдық жас дарындар Білім бәсекелерінің мәні спорттық додалардан бір мысқал да кем емес. Бірақ, дүйім жұрттың ықыласы спортқа көбірек ауатыны анық. Бұл білімді жастарға деген қолдау мен қошемет аз деген сөз емес, әрине. Дүниежүзілік пән олимпиадаларының маңыздылығы аз насихатталатындықтан, дарындылар көпшілік назарынан тыс қалып жатады. 30 маусым – 8 шілде аралығында Қытайдың Гонконг қаласында 57-Дүниежүзілік математика олимпиадасының өткенінен ...

Read More »

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тараз қалалық Мәдениет үйінде құрылысшылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. – Биылғы жылы бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Түрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту және жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда ...

Read More »

Дәрі-дәрмектің ақпараттық жүйесі жасалған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Жұманқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қозғады. Ағымдағы жылы әлеуметтік-демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын, бұл бағдарламада халық денсаулығына және өміріне әсер ететін аурулар айқындалғанын айта келіп, әлеуметтік мәні бар сырқаттардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Марат Жұманқұловтың ...

Read More »

Іздегенін көрмеден тапты

Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту және нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру мақсатында өткен көрме-байқауға 72 кәсіпорын өздері өндірген өнімдерін шығарды. Өңірлік ауқымды шараны облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке ашып, сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда ел экономикасының қарқынды дамуына шағын және орта бизнес өкілдері үлкен үлес ...

Read More »

Сабақтың басталуына санаулы күн қалды

Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталатын кез жақын қалды. Жылдағыдай жаңа оқу маусымының жаңалығы да аз емес. Бірінші сынып оқушылары 5 күндік оқу жүйесіне көшетінін айтпағанда, мектептерде де өзгеріс көп. Жаңа оқу жылында білім ошақтарының саны 1 мектепке артады. Бүгінге дейін облыста 449 мектеп жұмыс істеп келген. Білім күні қарсаңында Байзақ ауданы, Түймекент ауылында 300 орындық орта мектеп пайдалануға ...

Read More »

Ауыл балаларының арманы асқақ

Еркіндік – елдің иен байлығы. Мұны қазақ елі қазіргі таңда жан жүрегімен сезініп отыр. Тәуелсіздіктің ауасымен тыныстағанымызға ширек ғасыр толғалы отыр. Әр елдің өсіп-өрендеуі экономикасынан, спорты мен білім, мәдениетінің дамуынан көрінсе керек. Біздің мемлекетіміздің барлық саласы азаттық алған кезенде ерекше қарқынмен қарыштап, өркендеді. Дамуымыздың барометріндей болған оң істерді аудан халқы да сезінуде. Спорт – денсаулық кепілі. Спорттың дамуы саламатты өмір ...

Read More »

Инновациялық өнім керегімізді түгендейді

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында Тараз қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96 миллиард 627,9 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнім 9 миллиард 639,5 миллион теңгеге артқан. Жалпы, салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты мемлекеттік бюджеттегі өнеркәсіп саласының үлесі – 21,9 пайыз. Өндірілген өнімнің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Оның негізгі құраушысы – химия саласы. «Қазфосфат» жауапкершілігі ...

Read More »

Отандық ғылымның мәртебесі артуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметінің алдына ғылымды дамытуға орай жаңа талаптар қойған болатын. Бұл саладағы міндеттерді Президент «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамда» белгілеп берді. Елбасы 64-қадамда: «Өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік ...

Read More »

Ірі гипс зауыты іске қосылады

«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын №3 зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құрайтын жобаны аталмыш акционерлік қоғам мемлекеттің 2015-2019 жылдардағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр. Бұл акционерлік қоғамның жаңа зауыт құрылысын жүргізудегі серіктестері озық технология мен гипс материалдар және құрғақ қоспалар өндіретін жетекші шетелдік компаниялар болып табылады. ...

Read More »

Жеңілдіктерді тиімді пайдалану керек

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Сарысу ауданында болды Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Сарысу ауданына жасаған жұмыс сапары Жаңатастағы орталық қазандықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Қазандыққа қыс маусымында 950 тонна мазут жұмсалады екен. «Жаңатас су-жылу» кәсіпорнының директоры Ерімбет Қозыбақов мазутты күннің жылы уақытында жеткізу жөнінде өңір басшысына өтінішін айтты. Орталық қазандыққа жауаптылардың жұмысына көңілі толған Кәрім Нәсбекұлы олардың ...

Read More »