Author Archives: Elvira Jarilkasinova

32 168 мемлекеттік білім гранты бөлінді

оған алпыс мыңнан астам  талапкер үміт артуда Кеше ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтің төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. «Мемлекет тарапынан бiз 32168 грант бөлемiз. Оның iшiнде техникалық мамандықтарға арналған 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға  6 мың грант, ауыл шаруашылық мамандықтарына 2,5 мың грант қарастырылады. Өздерiңiз бiлетiндей, биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жоғары деңгейде ...

Read More »

Қайта құлпырған Қаратау

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының арқасында бүгінде Қаратау қаласы қайта жанданып, құлпырып келеді. Соңғы үш жылдың көлемінде қаладағы кәріз су жүйелері түгелдей дерлік қайта жаңартылды. Бірақ, жөндеу жұмыстары кезінде бірқатар көшелердің асфальт жолдары қазылып, ой-шұңқыр болып қалған еді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жол қозғалысына кедергі келтіргені де рас. Биыл сол олқылықтардың орнын толтыру үшін қаржы бөлініп, көше жолдарын жөндеу ...

Read More »

Тараздың батыс қақпасы жаңғыртылуда

Қазақ хандығының 550 жылдық    мерейтойы жақындаған сайын Таразда мерейлі датаны лайықты өткеру үшін  дайындық жұмыстары жандана  түсті.  Тарихи қаламызды көркейту, көріктендіру-абаттандыруға  үлес қоспақ ниетпен келген әр облыстың азаматтары, құрылыс шеберлері  көне шаһарда өзіндік қолтаңбаларын қалдыруға бар ықыластарымен жұмыс жүргізуде. Сондай іскер  ұжымның  бірі – Оңтүстік Қазақстан облысынан  келген   «Строй Сервис-  7»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш  серіктестік Тараздың батыс қақпасын заман ...

Read More »

Талап қылмай мұратқа жетпес

облыс әкімі К. Көкірекбаев Жамбыл ауданында болған сапарында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды. Өңір басшысының ауданға сапары Айша бибі ауылдық округінде орналасқан «Қазақстан-Қытай» Орталық Азия газ құбырының қысымын реттейтін компрессорлық стансаның жұмысымен танысудан басталды. Айта кетейік, бұл – облыста салынып жатқан үш стансаның бірі. Бұл жұмыстармен «KSS KazStroyService» жауапкершілігі ...

Read More »

Зейнетақы жаңаша есептелетін болды

Мемлекет басшысы зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  заңда базалық зейнетақының төлемін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ...

Read More »

Сапалы қызмет – кәсіби білікті қызметшіден

Данияр МЕДЕТБЕКОВ,  Халыққа қызмет көрсету орталығы                                           облыстық филиалының директоры. Шетелдік сарапшылыр Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын уақыт тынысын дөп басқан стратегиялық құжат деп қабылдауда. Расында да, «100 нақты қадам» заман көшінен қалмай, елді ілгері дамуға бастайтын бағдарлы бағыт деуге болады. Ұлт жоспарында кәсіби білікті мемлекеттік аппарат құрудың 15 қадамы айқындалған. Онда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби–біліктіліктерін арттыру, еңбек жалақыларын нәтиже бойынша төлеу және ...

Read More »

Жасампаздықтың жаңа үлгісі жұртшылық көңілінен шығады

Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең-кезеңімен бейімделіп келеді. Бірнеше онжылдықты қамтитын, үлкен бетбұрыстарға бастайтын бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатынан туындайтын Елбасы ұсынған 100 нақты қадамды жүзеге асыруға дайын екендіктерін танытуы – соның көрінісі. Қалай десек те, қазақ елі қарышты қадам жасауға дайын. Өйткені, Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспары жұртшылық көңілінен шығады. Мойынқұм Аудандық орталық ...

Read More »

Көштің көріктілігі – көсемінен

 Еліміз тәуелсіздік пен бостандықтың игі мұраттарын баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда. Бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Әлемдік деңгейде мойындалған, үлкен беделге ие болған саясаткер ел алдындағы азаматтық, саясаткерлік, қайраткерлік және перзенттік парызын адал орындап келеді. Бүгінде төрткүл дүние саясаткерлері мен журналистері Елбасының кемеңгерлігі мен көрегенділігін мойындап, әділ бағаларын беруде. Қазақстан дамушы ел ...

Read More »

Табысын жасыруға жол бермейді

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жедел режімде беруді қамтамасыз ететін, онлайн тәртіпте жұмыс жасайтын, соңғы үлгідегі бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне арналған семинар өтті. Оған «Қазақтелеком» АҚ-ның, «Оргтех» ЖШС-ның, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары, Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ аудандарының салық төлеушілері қатысты. Семинарда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары ҚР Салық кодексінің 645-бабы, 1-тармағының 4-ші тармақшасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап ...

Read More »

Дәрігерлер ауылдарға аттанды

Тараз қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңда мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға орай биыл екінші рет өткізілгелі отырған «Денсаулық жолы» акциясы бастау алды. «Жамбыл облысы саясаткер әйелдер клубының» бастамасы және облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының қолдау көрсетуімен ағымдағы жылдың 3-7 тамызы аралығында облыстың барлық аудандарындағы елді мекендерінде өтетін кең ...

Read More »