Author Archives: Elvira Jarilkasinova

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті. Тіпті кей облыстарда сұйық отын 125 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы. Бұл сәтті пайдаланып қалуға тырысқан кейбір жанармай құю стансаларының  қожайындары таблодағы бағаны жиі өзгертуде. Елімізде дизель бағасының еркіндікке жіберілуі үлкен дүрбелеңмен басталды. Әсіресе, оралдық жүргізушілер таңда жанармай құю бекетіне келгенде, өз көздеріне өздері сенбей естерінен тана жаздаған. Себебі көп сұранысқа ие солярка ...

Read More »

«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды

Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып ...

Read More »

ШЫҰ көрмеге қатысады

Жуырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимовке ЭКСПО – 2017 ШЫҰ-ның халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шақыру хатын табыстады. Р.Алимов ШЫҰ-ның ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға барынша ынталы екенін мәлімдеді. Ол әлемдік қауымдастық үшін көрменің таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті екенін айта келе, хатшылық жасыл технология саласында жаңа идеяларын таныстыруға әзір ...

Read More »

Ирандықтар бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Иран Ислам Республикасынан келген инвесторларды қабылдап, еркін сұхбат құрды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке және бірқатар басқарма басшылары қатысты. Өңір басшысы сөзінің басында шетелдіктерге облыс туралы жан-жақты мәлімет берді. – Құрметті қонақтар, сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Елімізге, оның ішінде Жамбыл өңіріне қош келдіңіздер. Сіздерге ең алдымен облыс туралы мағлұмат беріп өтейін. Біздің облыс еліміздің онтүстігінде ...

Read More »

Ширек ғасырдағы басты жетістіктің бірі

- кәсіби техникалық білім беру жүйесінің дамуы Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жағдайына қарап, шүкіршілік айтасың. Себебі, көпшілік тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау кезеңнің ауыртпашылығын әлі ұмыта қойған жоқ. Тоқырау кезеңінің салқыны білім саласына да тиген-ді. Алдымен, балабақшалар жабыла бастады. Кейіннен кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары қысқарды. Бұл сатылы түрде жүргізілетін үздіксіз білім беру үдерісі үзіліп қалғандай кезең еді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап, нарықтық экономикаға ...

Read More »

Ынталыға тірлік табылады

Жастардың жергілікті жерде жұмыстың жоқтығын сылтауратып Астана мен Алматыға, басқа да құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан қалаларға кетіп жатқаны көп. Расында да ел болашағы деп жүрген жастарымыз екі қолға бір жұмыс таба алмай жүр ме? Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алған мәліметке қарағанда, «жастарға жұмыс жоқ» деген жай сөз сияқты. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» ...

Read More »

Елдің жағдайын жолынан білесің

Мемлекеттің дамуына «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасының ықпалы орасан зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қолға алынған бұл бағдарламада барлық саланың өркендеу жолдары тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Оның ішінде инфрақұрылымды дамыту жолдары да айқын айтылған. Шын мәнінде де жол экономиканың күретамыры екені әлімсақтан аян. Оны біз ежелгі Жібек жолы арқылы да жақсы білеміз. Ғасырлардың куәгеріне айналған Жібек ...

Read More »

Астаналық инженердің өнертабысына Америкадан тапсырыс түсті

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған «Technation» байқауында жеңімпаз болған астаналық инженер Евгений Щербатовтың өнертабысы кеңінен танымал болды. Оның ойлап тапқан трекеріне Сан-Францискодағы Аутист балалар қауымдастығынан тапсырыс түсті. «Мангуст» трекері өте берік: сынбайды және су астында да жұмыс істейді, энергияға тиімді (бір рет толтырған қуаты 20 күнге жетеді), өте ықшам, қауіпсіз. Әлемнің ұялы байланысы бар кез-келген жерінде жұмыс істейді. Бұған ...

Read More »

Жапонияда жүргізушісіз автобустар қызмет көрсетеді

Жапонияда жүргізушісіз  автобустар қызмет көрсетеді

Жапония инженерлері тек электр қуатымен жүретін және адамның басқаруын қажет етпейтін шағын автобус ойлап тапты. Ол 12 жолаушыны қажет жеріне жеткізе алады. Көлік қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды мінгізіп-түсіруге арналған арнайы құрылғымен жабықталған. Сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүретін автобус артқа қарай GPS навигация көмегімен қозғала алады. Өнертапқыш инженерлер бұл автобустармен 2020 жылы Токио Олимпиадасына келгендерді тасымалдамақ ниетте.  

Read More »

Uber жұмысын бастады

Шілде айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтары смартфондағы бір нүкте арқылы автомобиль шақыра алады. UberX-ті мынадай тарифтер бойынша пайдалана алады: автомобиль келгені үшін – 170 теңге, 1 шақырымға 40 теңге және 1 минутқа – 5 теңге (шақырым мен минут құны бірге есептеледі). Мысалы, Жібек жолы көшесінің жүргінші аумағынан («Арбат») Республика алаңына дейінгі (Жаңа алаң) баға 400 теңгеге тең. М.Әуезов атындағы ...

Read More »