ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. «Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, ...
Read More »Author Archives: Elvira Jarilkasinova
ҚазМұнайГаз, SINOOIL, Гелиос пен Газпромнефть сапасыз бензин сатып келген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сапасыз бензин сатып келген жанар-жағармай стансаларының тізімін жариялады. Онда елімізде кеңінен тараған ҚМГ, SINOOIL, Гелиос пен Газпромнефть стансалары да бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің автомобильге жанармай құю станцияларында өткізілетін автомобиль бензинінің сапасына мониторинг жүргізу кезінде ТР КО 013/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына 27%-ның сәйкес ...
Read More »Алтын алмай, тұрмыс құрмаймын — Жазира Жаппарқұл
Қазақстандық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл «Жас қазақ» басылымына берген сұхбатында оған алтын бұйырмағандықтан тұрмысқа шықпайтынын айтты. «Көңіл-күйім өте жақсы, бәрі ойдағыдай. Өзімнің діттеген мақсатыма жеттім. Енді арманым алдағы уақытта Токио Олимпиадасында жеңіске жету. Бұл Олимпиада мен үшін ерекше өтті. Қолдау көрсеткен барша отандастарыма алғысым шексіз. Ерекше сезімге бөлендім. Жеңістер ешқашан үзілмесе екен деймін. Әлеуметтік желідегі жеке парақшамды ашқанда, мені құттықтаған отандастарымдың ...
Read More »Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Универсиада алауын алып жүретін болды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадада алауды алып жүретін болды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Универсиада дирекциясының мәліметінше, Баландин бұл орынға конкурстан тыс тағайындалып отыр. «Дмитрий Баландин Универсиада алауын алып жүруге лайықты және барлық талапқа сәйкес келеді. Яғни, ол спортты насихаттайтын адам, спортшы, студент. Ең маңыздысы, ол алматылық және Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқиды», — деп түсіндірді менеджер Кирилл Пяртель. ...
Read More »Тамыз айында қазақстандықтар 1 күн артық демалады
2016 жылдың 30 тамызында ҚР Конститутциясына 21 жыл толады. Биылғы Конституция күні сейсенбіге сай келгендіктен, қазақстандықтар 1 күн демалады. Айта кетейік, 2011 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес, 30 тамызда тойланатын ҚР Конституция күні мемлекеттік мейрам болып саналады. Еңбек заңнамасына сәйкес, бұл күні халық демалады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданды ...
Read More »Ә.Ниязымбетов ширек финалда түбі шымкенттік боксшымен жұдырықтасады
Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BNews.kz. Vesti.kz хабарлағандай, 15 тамызда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділбек Ниязымбетов әзербайжандық Теймур Мамедовпен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат таңғы 4:45-те басталады, оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 23 жастағы Мамедов – Әзербайжанның мықты боксшыларының бірі. Оның спортта қол жеткізген табыстары айтарлықтай. Еуропа ...
Read More »Головкин мен Брук жекпе-жекке қалай дайындалуда?
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қыркүйектегі жекпе-жекте Келл Брук өзі үшін ауыр сынақ болатынын мәлім етті. «Бұл мен үшін ең үлкен сынақ, себебі ол нағыз чемпион. Ол орта салмаққа көтеріліп отыр, сол үшін оны және оның командасын сыйлаймын. Мен оңай еместігін түсінемін, бұл рас. Ол маған дайын екенін айтты, ендеше мен де оған дайынмын. Мен 10 қыркүйекке 100 пайыз ...
Read More »Ақмола облысында бассейнге Дмитрий Баландиннің есімі берілді
Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басcейнге олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, деп хабарлады 24.kz телеарнасы. Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады. Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала ...
Read More »Қажылыққа алғаш аттанғандардың визасын Саудияның өзі төлейтін болды
Сауд Арабиясының билігі қажылығын, соның ішінде, ұмрасын өтеуге келген шетелдіктердің виза ақысын көтерген болатын. Десе де, қажылығын (соның ішінде ұмрасын) бірінші рет өтеуге келгендердің виза ақысының шығынын Сауд Арабиясының өзі көтеріп алатын болды. Бұл жөнінде «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, Сауд Арабиясы виза ақысын көтерумен экономиканың шикізатқа тәуелді емес саласы арқылы бюджетті толтыруды көздеп отыр. Бір жолғы виза ...
Read More »К.Мәсімов Медведевпен кездесуде Кенесарының бас сүйегін елге қайтару мәселесін көтермек
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесіп, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектірін қайтару мәселесін көтеретінін мәлім етті. бұл туралы ол twitter-дегі жеке парақшасында жазды. «Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», — деп жазды Кәрім Мәсімов. Ақпарат көзі: Baq.kz
Read More »