Author Archives: admin

Мемлекеттік қызметші: бетегеден биік, жусаннан аласа болса, қане!

Елбасының Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні ретінде белгіленді. Мерекелік дата еліміз бойынша биыл алғаш рет аталып өтілмек. Мұның өзі мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бірден бір үлгісі екендігі даусыз. Дегенмен, мемлекет алдында ант қабылдаған қызметшілер өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр ме? Кадрлардың қарым-қабілеті қай деңгейде? Олардың мінез-құлқына, кісілігі мен кішіпейілдігіне деген көпшіліктің пікірі қандай? Міне, осындай мәселелер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ...

Read More »

Әсем “Әулиеата” әуежайын қашан көреміз?

Бюджет қаржысы қайта қаралды «Әулиеата» әуежайын қайта құру жұмыстарын дер кезінде аяқтау үшін оның басшылығына 300 миллион теңге көлемінде қысқа мерзімге несие беріледі. Облыстық бюджет есебінен қаралатын қаражат «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясында хабарлама жасаған облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әлімханов айтты. Облыс әкімі К. Көкірекбаев, ...

Read More »

Жұмыспен кімдер қамтылып отыр?

Бағдарлама жүз пайыз жүзеге асуы тиіс «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының облысымыздағы іске асырылу жайы қалай? Бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылатындар арасында әйелдердің үлесі басым ба әлде төмен бе? Бұл сұрақтардың жауабы бұрнағы күні «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың «Жұмыспен қамту және тұрғындар табысы» бағыты бойынша эксперттік топтың ...

Read More »

Бейбіт заманның мересьеві

Ауыртпалықты жеңіп, бес қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді Ұлы Отан соғысы басталған жылы өмірге келген Амангелдінің пешенесіне туылғанынан қос аяғы бірдей жүріп-тұруға бейімсіз болуына байланысты, тек балдақпен жүру жазылған екен. Әкесі Жайлаубай тұңғыш баласын дертінен жазылып кетер деген үмітпен дәрігерлер мен емші-балгерлерге бірнеше рет көрсетті. Алайда, ешқандай оң нәтиже болмады. Он екі мүшесі сау құрдастарымен Ақыртөбе орта мектебінде онжылдықты аяқтап, әкесінің ...

Read More »

Мүгедек жігіттің тауы неден шағылды?

Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек жігіт Cаят Бәтей редакцияға келіп, мұңын шақты. Сөзін бөлмей тыңдадық. Ол облыс тұрғындарын азықтық және биологиялық құндылығы жоғары, емдік қасиеті мол азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында экономикалық жағынан тиімді ешкі сүтін ел игілігіне жаратумен қатар, оның қиынан экологиялық таза органикалық тыңайтқыш өндіретін еуроталапқа сай типтік шаруашылық құрудың ғылыми-эксперименттік, инновациялық жобасын жасапты.

Read More »

Райынан қайтты

Жеңілдігі барлар қоғамдық көліктерде тегін жүреді Тараз қаласында 13 тасымалдаушы мекеме 45 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Осы бағыттарда күнделікті 527 автобус пен шағын автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру тарифі 2011 жылдың шілде айында 30-40 теңгеден 45-55 теңгеге көтерілгенде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері түсінік жұмыстарын жан-жақты жүргізуінің нәтижесінде дүрліккен ...

Read More »

Көппәтерлі үйде өмір сүре білеміз бе?

Немесе мемлекет ұсынған мүмкіндікті тоқмейілсімей пайдалана білу де мәдениеттілік Бесінші қабатта тұратын танысымыз: «Бір күні далада қатты жауын жауып, үйдің шатырынан тамшылаған судан ұйықтай алмадым. Үсті-үстіне тамған суға қарап ойланып жаттым да бір кезде инені ұзын етіп сабақтап, су ағып тұрған тесікке қадап қойдым. Су жіптің бойымен ағып, шелекке жымы білінбей тамып жатты… Кейін пәтерімнің ішкі шатырының көп жерін осылай ...

Read More »

Ең үздік Жанар Әженова топ жарды

Жалпы, облысымызда денсаулық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауына, сондай-ақ, олардың бастамалары мен шығармашылық ізденістерін қолдауға септігін тигізер шаралар – түрлі аталымдар бойынша байқаулар өткізілуі жарасымды дәстүрге айналып отыр. Мұндай сынға салада кем дегенде, он жылдық еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады әрі олардың жас ерекшеліктеріне де ешқандай шектеу қойылмайды. Биылғы «Ең үздік дәрігер» байқауы облыс орталығындағы емдеу, алдын алу мекемелері ...

Read More »

«Тараз-Пресстен» тасбақа жылдам шығар…

Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жыл сайын жергілікті бюджеттен басылымға жазылуға бөлінетін 5 миллион теңге есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, елге еңбек сіңіріп, мемлекеттік марапаттауларды иеленген зейнеткерлерге 6 түрлі газетті бір жылға тегін жаздырып береді. Биыл сол тиесілі газеттерін уақтылы ала алмай, пұшайман болған қариялар бұл жауапсыздыққа наразылығын білдіріп, ардагерлер кеңесіне күнде шағымданумен келеді. Қаланың әр аумағынан өкпе-реніштерін жеткізген ...

Read More »

Антына адал жандар

Халқы үшін жаралғандар Өңіріміздегі емдеу мекемелерінде қызмет етіп жүрген мамандар үшін «Баласағұн» орталық концерт залындағы кәсіби төл мерекелеріне орай ұйымдастырылған салтанатты шара ізеттің үлкені болды. Еңбектеріне қарай көрсетілген құрмет, жылы лебіз олардың көңілдерін көтергендей. Жалпы, елеулі болу, ескерусіз қалмау – адамзатқа ортақ тілек. Медицина қызметкерлері де сондай. Олар да қоғамға қажет екендіктерін сезініп, көпшіліктің ілтипатына бөленгісі келеді. Медицина қызметкерлерінің күні ...

Read More »