Author Archives: admin

«Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды…»

еңбекқор және елгезек  фототілші Алтынбек Қартабаев туралы мөлтек сыр  Басқаны қайдам, біздің Алтекең қызық кісі. Кез-келген адам онымен жарты күн жолдас болса, «Өзі бір қызық кісі екен!» дер еді. Осындай өзгеше болмыс иесімен жарты тәулік, жарты жыл емес, бақандай он жыл бірге қызметтес болу менің пешенеме жазылыпты. 

Read More »

Жұлдызың жансын, «Жамбыл-Тараз»

Алаш арысы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деп қаламын қару, тілін семсер қылған журналистер қауымының қоғамдағы рөлін ежелде-ақ айтып кеткен. Иә, жылдар жылыстаған сайын қоғамдық даму үдерісі жаңашылдықты талап ететіні о бастан аян. Сол қоғамдық сілкініс БАҚ саласын да сырт айналып өтпейтіні белгілі. Жаңа медиа, басқа дейміз. Алайда, газеттің ақпарат ресурсындағы қуатын ештеңе ...

Read More »

«Ұлды жуу»

Облыстық телеарнаға жаңадан кірген кезім. Жұмыс көп, дамыл таппаймыз. Жаппай қысқартудың тұсы. Екі-үш адамның қызметін істеуге тура келеді. Өзіміз оператор, өзіміз тілші, дикторлық қызметті де қат-қабат атқарамыз. Бір күні жұмыстың соңына Исабек Күзембаев екеуміз бір «шишаны» ортаға қойып, енді ғана бастағанымыз сол еді бас редакторымыз Мұқан Әбілқайыров кіріп келді. Марқұмның жатқан жері жәннатта болсын. – Не істеп отырсыңдар, – деді ...

Read More »

«Сіз қарулы екенсіз»

Нұрғазы ұзақ жыл бұрынғы Калинин колхозында бастықтың қызметтік көлігіне жүргізуші болған. Бастықтар ауысып тұрады. Бір жылдары ол колхозға Ұлы Отан соғысының ардагері, әр қимылы батырға ұқсас Айтжан Әбішев деген кісі бастық болады. Бір жолы Айтекең егіс даласын аралап келе жатқанда көліктің артқы бір дөңгелегінің желі шығып, жарылып қалады. Жөндей қояйын десе, Нұрғазы да артық дөңгелегі болғанымен, домкраты жоқ екен. Әй, ...

Read More »

«Әй, Қайнар, көзіңе қарамайсың ба?!.»

Биыл Талас өзенінде су мол. Ол шалғайда жатқан біздің ауылға да әсер етпей қоймапты. Былтыр арықпен келетін бір қасық суға зарығып отырғандар биыл көл-көсір суға қарық болды. Бұрнағы жылы біздің жақта жерді қоршап алу деген үрдіс шыққан. Ол үрдіс бойынша әркім үйінің, шарбағының маңындағы бос жатқан жерді қоршай берген. Ол биік па, аласа ма? Ол жерге су бара ма, бармай ...

Read More »

Ақ кепкелі азамат

Бұл тілшінің жүрісі бөлек. Тыпыр-тыпыр етіп бір орнында тұр екен десең, біраздан кейін жүйрік аттай көз ұшында басындағы ақ кепкесі ағараңдап кетіп бара жатады. Ал арқалаған жүгі алты батпан. Қалжыңға да құралақан емес. Аудан орталығына Ерназар ауылынан қатынайтын Дүйсекеңнің кейде жұмысқа ертерек келіп, мекеме есігін тоқылдатып, іштегі күзетшілердің шығуын тосып тұратыны да бар. Сондай сәтте өзіне «Дүйсеке, таң алакеуімнен неғып ...

Read More »

Еуро – 2016: Мықтылар іріктелді

Тұңғыш рет 24 команда қатысып жатқан футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінен сүрінбей өткен мықтылардың біразы 1/8 финалдағы кездесулерін өткізіп, ширек финалға шықты. Ең қызығы, бұл додада тұңғыш рет өз тобында бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген Португалия елінің саңлақтары ширек финалға шықты. Құрамында Криштиану Роналду секілді футбол әлемінің жұлдызы бар португалиялықтар өз тобында өткізген үш ойында да тең түсті. Алдымен Исландия құрамасының ...

Read More »

Көп күттірген жеңіс

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18-турында «Тараз» ойыншылары көптен күткен жеңіске қол жеткізді! Сонымен, бірінші турда алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңген «Тараз» футбол клубтары арасында бірнеше мәрте тең ойнады демесеңіз, жеңістің дәмін 17 тур бойы татпапты. Юрий Максимов баптайтын жерлестеріміздің құрамы Андрей Яковлев, Дәуренбек Тәжімбетов сынды шеберлермен толыққан сәтте жақсылықтан үміттенгенбіз. Солай болды да. Қостанайдан келген «Тобылды» тобықтан шалды.

Read More »

Журналистер тастаяқтан сынға түсті

Әлемде ақсүйектердің ойыны деген бейресми атауы бар тастаяқ спортының америкалық түрі бойынша Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ТИГУ ректорының кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жоғары оқу орнының ректоры Ерболат Саурықовтың екінші мәрте ұйымдастыруымен өткізілген додаға биыл 34 журналист қатысып, шеберлік бақ сынады. Тартысты сында жеңімпаз бір кезең қорытындысы бойынша анықталып, олимпиадалық кестеге сәйкес өткізілді. Жеңілгендер жарыс жолынан шығып қалып ...

Read More »

Колледж кітапханаларына қойылар талап үлкен

Химия-технологиялық колледжінде Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен облыс әкімдігі білім беру басқармасының бастамасымен «Заманауи колледж кітапханасы: мамандар көзімен» атты семинар өтті. Облыс колледждерінің кітапханашылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісу мақсатында арнайы көрме ұйымдастырды. Көрменің таныстырылымында химия-технологиялық колледжі кітапханасының меңгерушісі Сағынкүл Нұрымбетова аталған оқу орнында 17800 кітап қоры бар екенін және бірнеше кітаптардың электронды нұсқасы жасалғанын сөз етті. Екі ...

Read More »