Author Archives: admin

Қош бол, Франция!

«Еуро – 2016» додасында Португалия командасы топ жарды Төрт жыл бойы сарыла күткен футболдан Еуропа чемпионаты төрт аптада өте шықты. Бәс қабылдауға машық букмекерлер басты фаворит ретінде біріншілік қожайындары Франция мен әлем чемпиондары Германияны санаған болатын. Алайда, алтын жүлде құрамында Криштиану Роналду секілді жарық жұлдызы бар Португалия құрама­сының қанжығасында кетті.

Read More »

Болат деген беренмен мақтанатынбыз

өйткені ол олимпиада ойындарының күміс медалін екі дүркін иеленді Белгілі боксшы Болат Жұмаділов 1992 жылғы Барселонада өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдаманы жеңіп алса да, өнер көрсетудің сәті түспеді. Олимпиадаға жолдама алып тұрып қатыспау – қиянат. Қанша жерден мықты спортшы болсаң да, алдыңды орап, аяқтан шалатын КСРО-ның кертартпа саясатынан Қазақстанның әлі арыла алмағанының көрінісі еді бұл.  Болаттың жолын кескен Константин Копцов ...

Read More »

27 жастағы жігіт покерден миллион еуро ұтып алды

Лас-Вегаста өтіп жатқан WSOP покердан бейресми әлем чемпионатында финн Йенс Кюллёнен бірінші орын алып, 1,12 миллион доллар ұтты, ол миллион еуроға тең,- деп хабарлайды yle.fi сайты. 27 жастағы Кюллёнен бастапқы жарнасы 25 мың доллар болатын «Омаха» турнирінде 184 ойыншыны жеңді. Соңғы сында ол америкалық Томми Лиге қарсы шықты, екінші орын алған америкалықтың ұтысы 600 мың доллар. Қазір финн салық қызметіне ірі ұтысты ...

Read More »

Португалия тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионы болды

Еуропа чемпионатының финалдық матчында Португалия құрамасы Франция командасын жеңіп Еуропа чемпионы атанды. Париж маңындағы Сен-Денидегі «Стед де Франс» стадионындағы кездесудің қосымша уақытында португалдар 1:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Қазақпарат жазды. Алғашқы минуттан бастап Франция құрамасы белсенді болды, португалдар қорғануға көшті. 8 минутта Криштиану Роналду Франция құрамасының ойыншысы Димитри Пайетпен соқтығысып қалды. Француз құрамасының ойыншысы португалдықты тізесінен соғып өткен. Бастапқыда Роналду жарақаты жеңіл ...

Read More »

Роналдудың көз жасы мен Эдераның голы: Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды

Футболдан Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда португалдар турнир қожайындары Франция құрамасын жеңді. Ойынның алғашқы бес минутында Нани қауіпті соққы жасап, мүлт кетті. Доп қақпадан биік кетті. Ал оныншы минутта портулиялық ойыншы Руй Патрисиу сейв жасап, Антуанн Гризманның тепкен добын қайтара білді. Кейін Криштиану Роналду жарақат алып қалды. 17-ші минутта Дмитри Пайемен допқа таласта ол ...

Read More »

Головкин: Орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмеймін

Геннадий Головкин орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. «Менің мақсатым бар — орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеудің иегері болу. Осы мақсатқа жету үшін қолдан келгенін жасаймын. Қазіргі салмақ дәрежемде жақсы боксшылар, чемпиондар бар. Менің ой-ауаным да, мақсатым да осы жайлы. Мұны жүзеге асырмайынша, жоғары көтерілмеймін», — деп білдірді пікірін Геннадий Головкин. Айта ...

Read More »

Испанияда бұқа 29 жастағы тореадорды тікелей эфирде сүзіп өлтірді

Испанияның Теруэль қаласында бұқа 29 жастағы кәсіпқой матадор Виктор Баррионы сүзіп өлтірді. Қайғылы оқиға сенбіде, 9 шілдеде жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсетіп отырған коррида кезінде болды, — деп хабарлайды El Mundo. 

Read More »

Мексикада Головкинге WBC белбеуі ресми түрде табыс етілді

Кеше, 9 шілдеде Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде қазақстандық боксшымен жекпе-жектен бас тартқан мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі чемпиондық белбеуді табыс етудің және орта салмақтағы WBC (Дүние жүзілік бокс кеңесі — WorldBoxingCouncil) нұсқасы бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл іс-шара WBC ҚР Мексикадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылыпты. Табыс ету салтанатына ...

Read More »