Author Archives: admin

ҚР Премьер-Министрі Астана-Бурабай тасжолында велосеруен жасады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Instagram желісі арқылы велосеруен барысында түсірілген фотосуретімен бөлісті. Үкімет басшысы фотосуретке «велосеруен» деп атау қойған. Фото Ақмола облысы Бозайғыр ауылының маңында жасалған. Кәрім Мәсімов бұл суретте «Астана» велокомандасының танымал жейдесінде тұр. Еске сала кетейік, Үкімет басшысы Instagram желісіне маусым айының соңында тіркелген болатын. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат

Read More »

Алтай Әбибуллаев Польшада қазақтың ұлттық киімін киген жас жұбайларды құттықтады

Польшадағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев тойда қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан жас жұбайлар — А.Сломян мен Т. Мазурэкані құттықтады. «Тойда қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан жас жұбайлар — А.Сломян мен Т. Мазурэкані құттықтаймын!», — делінген А.Әбибуллаевтің Твиттердегі жазбасында. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат  

Read More »

Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?

Рио олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарысты ең бірінші қай спорт түрінен бастайтыны белгілі болды. Олимпиаданың алғашқы күні жергілікті уақытпен 08:30-да (Астана уақытымен 17:30) академиялық ескек есуден ерлер мен әйелдер арасында жекелей жарыстар басталады. Онда бірінші болып ерлерден қазақстандық Владислав Яковлев жарыс жолына шықса, әйелдер арасынан Светалана Германович жарысты бастайды. Ал Олимпиада ойындарының ең соңғы күні финалға дейін сүрінбей жететін болса, боксшыларымыз ...

Read More »

Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды

Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-тан  асты, ал 207 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости. Белгілі болғандай, Кабулда электр тарату желісінің құрылысына қарсы ереуіл кезінде екі  ірі жарылыс болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш  құрылымдары атып өлтірген. Рейтер агенттігі жарылыс үшін жауапкершілікті ...

Read More »

Түркия әскери төңкеріс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

«Қанды және сатқындық төңкеріс әрекетіне қарсы болып, алғашқы сәттен-ақ елімізге қолдау және ниеттестік тілектерін жолдаған дос елдер мен мемлекеттік қайраткерлер арасында Қазақстанның және құрметті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың болғанын алғыс пен ризашылықпен қабылдағанымызды атап өткіміз келеді. Түркияда жарияланған төтенше жағдай, еліміздің басқа мемлекеттермен, сондай-ақ дос және бауырлас Қазақстанмен, ең әуелі саяхат, туризм, сауда, және инвестициялар сияқты көптеген салалардағы қарым-қатынастарымызға ешқандай теріс ...

Read More »

Facebook интернетті барлық жерде қолжетімді етпек

Facebook компаниясы күн сәулесінен қуат алатын ұшқышсыз ұшақты сынақтан өткізді, деп хабарлады  www.24.kz. Болашақта мұндай аппараттар әлемдегі миллиардтаған адамның интернет желісіне қол жеткізуіне көмек береді. Инженерлер екі жыл жұмыс істеп ойлап тапқан жаңа құрылғы «Акуилла» деген атау алған. Ол жер бетінен 20 шақырым биіктікте 3 ай бойы ұшып жүре алады. Компания өкілдері дронның әлі талай сынақтан өтіп, әуеде ұшу мерзімінің ...

Read More »

Жаттықпай жүргеніме бір ай болды, ниетім жоқ — Ильин

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жарыстардан шеттетілгеннен кейінгі өмірі жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.   Еске салайық, 16 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ильиннің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарындағы тапсырған сынамаларын қайта тексеруде оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын. Ол осыдан кейін жарыстардан шеттетіліп, Риодағы Олимпиадаға қатыса алмайтын болды.   Спорт басылымының мәліметінше, Ильин қазіргі уақытта Францияда. Ол ...

Read More »

«Шаңырақ» аллеясы шақырады

«Тараз» қонақ үйі алдынан жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» аллеясы ашылды. Қаламыздың ажарын аша түскен бұл орынның негізінен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пайдалануға берілгені баршаға мәлім. Дегенмен, оны аллеяға айналдырудың сырын шараның ашылу салтанатында білдік.  – Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында облыстық, қалалық елді мекендерде «Отбасы аллеясын» құру тапсырылған болатын. Бұл – ...

Read More »

Айткүл ананың жыры

Жуырда жергілікті баспалардың бірінен ақынжанды ана Айткүл Дүйсенбекованың «Өмір толқындары» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Айткүл Дүйсенбекова – көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері. Ол сегіз ұл-қызды өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Бала кезінен өлеңге жақын болып өскен Айткүл Саттарқызы қоғамдық өмірге әрқашан атсалысып, маңызды оқиғаларға, науқандарға өз көзқарасын білдіріп отыруды өзінің азаматтық парызы деп санайды. Тәуелсіз елінің әр жеткен ...

Read More »

Жамбылдық «жасұландықтар» жарады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 жылдығы аясында Алматы қаласында «Елбасымен бірге ел үшін» республикалық көшбасшылар слеті өткізілді. Шараның алғашқы күнінде «жасұландықтар» Алматы қаласының көрнекті жерлеріне саяхат жасаса, келесі күні «Жас Ұлан» ұйымы тұтастығын дамыту және қызметінің белсенділік үлгісін талқылау» пленарлық отырысы өткізілді. Отырыс соңы Ресей Федерациясындағы балалар мен жас­өспірім­дер ұйымдарының жұмыс істеу ...

Read More »