Author Archives: admin

Алматыда 3,5 миллиард теңгенің антиквариаттары контрабандасының жолы кесілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіндегілер жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі антиквариат, асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар, маркалы шарап пен коньяк контрабандасының жолын кесті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәркіленген зергерлік бұйымдардың бөлшек бағасы 11 миллион доллардан (3,5 миллиард теңгеден аса) асатыны айтылады.   Алдын ала мәлімет бойынша, тауарлар халықаралық пошта арқылы Еуропа ...

Read More »

Қазақ тілін латын әрпіне кімдер аударады

Білім және ғылым министрлігі комитетінің төрағасы Болатбек Әбдрәсіловтің айтуынша, өзге елдердегі латын әрпіне көшу мәселесін атқарған жұмысшы  топ шақыртылатын болады. Бұған дейін филологтар мен ғалымдар қазақ тілінің латын әрпіне көшуі ондаған жылдар бойы талқыланатынын айтқан. Алайда, бұл мәселе шындап қолға алынды, деп хабарлайды Sputnik. «Бұл бастама бұған дейін де айтылды. Сол кездері арнайы топ құрылып, оған гуманитарлық институттар енді. Мамандар латын ...

Read More »

Егінші – мәрт, жер – жомарт

Байзақ ауданының егіншілері ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, нарыққа өтімтал тауар ұсыну үшін елеулі игілікті істерді қолға алып, жүзеге асыруда. Ауданда кейінгі кезде майлы дақылдар, қант қызылшасын және мал азығындық өсімдіктерді өсіруге ерекше көңіл бөлінуде. Байзақтықтар өткен жылы лизингке және нақты ақшаға – 200 миллион теңгеге 30 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Мұның өзі науқандық жұмыстарды уақтылы еңсеруге игі ықпалын ...

Read More »

Облыс дихандары биыл судан тарықпайды

 Қордайда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Қырғыз Республикасы Шу және Талас облыстарының губернаторлары Бактыбек Кудайбергенов және Дайыр Кенекеевпен кездесуі барысында соңғы жылдары өзекті болып отырған егістік суы мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Өңірлерді мемлекетаралық дамыту жөніндегі басқосуда, сондай-ақ сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, ветеринариялық, фитосанитарлық мәселелер де талқыланды. Өйткені, еліміздің қырғызбен арадағы 1241 шақырымдық шекарасының басым бөлігін алып жатқан Жамбыл облысының көршілермен бірлесе ...

Read More »

Ардагерлер тәжірибесіне сүйенбек

Қазіргі жергілікті әскери басқару органдары осыдан 99 жыл бұрын халықтық комиссарлар кеңесінің ұйғарымымен әскери істер комиссариаты болып құрылған еді. КСРО аумағында әскери және әскери-педагогикалық мамандар дайындауға баса мән беру – курсанттарға кәсіби білім беруден бұрын, оларды қысқа мерзімде ұрысқа дайындау қажеттілігінен туындаған. Кейіннен әскери училищелер, әскери мектептер мен академиялар пайда болды. Құрлық әскерлері мен теңіз әскери флотын құру, оны дамыту ...

Read More »

Білімді жастар – болашағымыз

«Парасат» колледжінде орта оқу орындарында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша құрылған №6 мобильді топтың 2016-2017 оқу жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерімен арнайы кездесу өтті. Кездесудің модераторы болған облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов бұл топтың не үшін құрылғаны туралы және негізгі мақсатына тоқталып өтті. Кездесуге «Қазфосфат» ...

Read More »

Батылхан аға

Нағашы жеңгемнің туылған күні демалыс күнімен тұспа-тұс келді. Әйелім екеуміз ертерек баруды ұйғардық. Себебі әдеттегідей кешкісін барсаң, ұзақ отырып қаларың даусыз. Алда жұмыс аптасы күтіп тұр. Бір демалыс күні істейтін жеке басыңның тірлігі шаш-етектен. Осының бәрін ескере отырып жеңгемнің үйіне таңертеңмен кіріп келдік. Жеңгеміз қуанышты көңілмен дереу шәйнегін отқа қойды. Шай қайнағанша әңгіменің шеті де тарқатыла берді. Біз отырған кең ...

Read More »

Бағдарламаның ақшасын ала салып, қайтадан қалаға қашпайық

 «Дипломмен – ауылға» –  еш елде жоқ жоба Әр аптаның аяқталуын асыға күтіп, демалыста ауылға асығамын. Сондайда сағынып барған ауылдан сыр шертісер қатар құрбымды таппай көңілім су сепкендей басылады. Көретінің – тіршіліктен қолы босамай жатқан жұрт. Жастар қалаға кеткен. Қолында «қолақпандай» дипломы бары да, жоғы да ауыл десе ат тонын ала қашатын болған бүгінде. Қаладан жақсы жұмысты тапса мейлі, құр ...

Read More »

Жас ақынның жырлары «Адырына» журналында

Әдебиет әлеміне жолдама алғанына көп болмаса да, республикалық «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы оқырмандардың талғам-талабын тап басатын рухани дүниелерді жұртшылықтың назарына ұсынып келеді. Ұлт зиялыларының, ақындар мен жазушылардың жаңа туындыларын басылым бетінде тұрақты жариялап келе жатқан «Адырна» журналының өзіндік болмысы, салған сара жолы бар. Есімі елімізге етене таныс ақын Мейірхан Ақдәулетұлы басқаратын жаңа журналдың сәуір айындағы санына газетіміздің мәдениет және спорт ...

Read More »

Мәрзия Ибрагимова… 29 жаста

Еңбек ері атанып, елге танылған Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, журналист, публицист, облыстық мәслихаттың депутаты. Атақты диқан, Социалистік Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимова сонау 1947 жылы түскен, яғни, ерен еңбегі үшін «Алтын жұлдызға» ие болған кездегі тарихи суретін 60 жылдан бері іздеп жүрген еді. «Алтын жұлдыз» алған жыл мен күнді уақыт өлшемі мен тарихи жағдаймен салыстырып қарасаң көл-көсір қуанышқа бөлеген деуден гөрі, бейнеті адам ...

Read More »