Бірінші қыркүйек күні білім және ғылым министрі жақсы жаңалық айтты. Салтанатты шараға қатысқан Ерлан Сағадиев ұстаздардың жалақысын көбейтуге уәде берді. Бірақ, бұл жақсы жаңалықтың барлығына бірдей қатысы болмайтындығын да ескертті. Бұл туралы КТК хабарлайды.
“Біз осы жала жаңа ереже енгізіп отырмыз. Мұғалімдер бір біліктіліктен басқасына ауысқан кезде, олардың жалақылары үстемеленеді. Бұл жылы екі тілде сабақ беретін ұстаздардың да айлығын арттыруды көздеп отырмыз. Нормативтік актілер дайын болған кезде біз бұл ақпаратты барлық мұғалімдерге жариялаймыз”, – деді министр.
Ерлан Сағадиев сондай-ақ, биыл алыс аудандар мен алыс қалалардағы мектептерге де оқу кітаптары дер кезінде жеткізілгендігін де атап өтті. Осылайша жыл сайынғы ұзын-сонар кітапқа тұратын кезектен арылтқан. Келесі жылы екінші, бесінші және жетінші сынып оқушылары оқитын кітаптар мазмұны толықтай өзгертілмек.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Бос әңгіме, болашағы жоқ.
Білімді құртып біттіңіздер. Енді құртатын тағы не қалды екен?
Өзгерткеннен не пайда? Қателері өте көп. Оқулықтың мазмұндарын бала тұрмақ, оқытушылар мен үлкендерге де түсіну қиын. Бір жүйеге келтіріліп, сатылап қиындатса, алған білімдерін ешқашан ұмытпас еді.