Газет тарихы

   Газет 1922 жылдың 1 мамырында Әулиеата ояздық, қалалық партия комитетінің, Кеңес атқару комитетінің органы «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде дүниеге келді. Тұңғыш редакторы — Анна Владимировна Алматинская.

   1924 жылдың тамыз айынан бастап басылым «Еңбек» деген атпен шыға бастады.

  Әулиеата оязының аудан болып қайта құрылуына байланысты 1929 жылдың 1 қаңтарынан «Диқан даусы» атты аудандық газетке айналды. «Жаппай ұжымдастыру» науқанына байланысты газеттің аты 1931 жылдың басынан «Колхозшы» деп аталса, 1938 жылы сәл өзгеріске ұшырап, «Колхоз жолына» айналды.

   1939 жылы Жамбыл облысы құрылғанда газет облыстық және Жамбыл қалалық партия комитететтері мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің органына айналып, бірінші нөміріне редактор ретінде Күзембай Сүгірбеков қол қойды.

   Заман ағымына қарай 1944 жылға дейін «Коммунист», одан кейін «Сталиндік жол» атанған басылым 1958 жылдан бастап «Еңбек туы» деген атқа ие болды.

   Хрущевтің әпербақан саясатының салқыны «Еңбек туын» да айналып өткен жоқ. 1962 жылы облыстық бірден-бір қазақ газеті жабылып, бір жылдан кейін орыс тіліндегі «Знамя труда» газетінің аудармасы ретінде жарық көрді. Тағы бір жылдан кейін ғана қайтадан дербес басылымға айналды.

  1972 жылы газет өзінің елу жылдық мерейтойына орай КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Құрмет белгісі» орденімен наградталса, он жылдан кейін, яғни Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1982 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Құрмет грамотасымен наградталды.

  Қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге байланысты 1990 жылдың 3 сәуірінен бастап газет «Ақ жол» деген атпен шыға бастады.

   1922 жылғы «Кедей еркі» аталған кезінен бері басқарған газет басшылары

Анна АЛМАТИНСКАЯ (1922-1924)

Сыдық АБЛАНОВ (1924-1936)

Ғабды АМАНҒАЛИЕВ (1936-1938)

Жайық БЕКТҰРОВ (1939-1942)

Ғайса САРМҰРЗИН(1943-1959)

Төленді ОҢҒАРБАЕВ (1959-1961)

Беген БАЙСАҚАЛОВ (1963-1964)

Баттал ЖАҢАБАЕВ (1965-1985)

Арғынбай БЕКБОСЫН (1985-1995)

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ (1995-2004)

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ (2004-2010)

Ғалым ҚАСАБАЙ (2010-2013)

Қуаныш ИЕМБЕРДИЕВ (2013-2014)

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ (2014)

 - «Ақ жолдың» негізі саналатын 1922 жылғы 1 мамырдан шыға бастаған басылымды Құлжабаев, Камалов, Бексейітов, Баширов, Бекмұратов, Жанболатов, Молдағалиев, Сапарбеков сияқты азаматтар да басқарған. Жергілікті мұрағатта олардың толық аты-жөндері жоқ, шығарған газеттерінің сандары да сақталмаған. Олардың арасында редакторлық қызметті газет ашылған алғашқы жылдары аз ғана уақыт басқарғандары да бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>