Владимир Кличко  рингпен қоштасты

Владимир Кличко рингпен қоштасты

Украиналық аңызға айналған спортшы, аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы Владимир Кличко спорттан кетпек. Даңқты боксшы бұл туралы өзі хабарлаған.
«Бұл шешімді қабылдау маған оңай болған жоқ. Бірақ кәсіби боксшы ретінде өз арманыма жеттім деп ойлаймын. Енді қалған өмірімді спорттан басқа салада жалғастырғым келеді», – дейді боксшы.
Ол сонымен қатар өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтуды да ұмытпады. «Мені қолдаған, жақсы көрген жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Әсіресе, отбасыма, менің командама және көптеген жанкүйерлеріме рахметтен басқа айтарым жоқ», – деді Владимир Кличко.
Естеріңізде болса 41 жастағы боксшы биыл 29 сәуір күні Уэмбли алаңында британдық Энтони Джошуадан жеңілген болатын. Дегенмен Кличконың қараша айында Энтонимен кездесуге тағы бір мүмкіндігі бар еді. Бірақ боксшы Лас-Вегаста өтетін додадан бас тартты.
Владимир Кличко өзінің спорттық өмірінде 69 жекпе-жек өткізіп, оның 64-інде жеңіске жеткен. Соның ішінде 54 рет нокаутпен басым түскен болатын. Спорттан кететін боксшы алдағы уақытта нақты немен айналысатынын айтқан жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>