Әлем жұлдыздарының құрамасы жеңіліп қалды

Әлем жұлдыздарының құрамасы жеңіліп қалды

«Астана Арена» стадионында өткен «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің финалында Ресей Әлем жұлдыздары құрамасын 7:4 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Қос команда арасындағы кездесу тартысты өтті. Есепті бірінші болып Әлем құрамасының ойыншысы Винсан Кандела ашты. Алайда Ресей құрамасының футболшысы Роман Широков есепті теңестірді. Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, сауатты қорғана білді. Ойында Винсан Кандела мен Роман Широков дубль жасады. Ал 12-минутта Ресей құрамасының ойыншысы Евгений Алдонин матчтағы үшінші голды салды. Осылайша, бірінші тайм 3:2 есебімен Ресейдің пайдасына шешілді.
Екінші тайм бастала салысымен, Ресей құрамасы өткір шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде 21-минутта Евгений Алдонин дубль жасаса, 22-минутта Дмитрий Сенников командасын алға шығарды. Ал 26-минутта Виктор Гулаков кездесудегі алтыншы голдың авторы атанды. 27-минутта Әлем құрамасының ойыншысы Азамат Абдураимов есеп айырмасын қысқартты. 33-минутта Яри Литманен қарсыластар қақпасына матчтағы төртінші голды салды. 38-минутта Ресей футболшысы Виктор Булатовтың соңғы голы ойынды қорытындылады.
40 минутқа созылған матчта 7:4 есебімен Ресей құрамасы жеңіске жетті. Осылайша, Ресей «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің жеңімпазы атанды. Ал Әлем жұлдыздары құрамасы екінші орынды, үшінші орынды Португалия футболшылары иеленді. Қазақстан құрамасы болса төртінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаз бен жүлделі орынға ие болған құрамаларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов құттықтап, оларды медальдармен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>