Жамбылдан шыққан желаяқ сұлу

Жамбылдан шыққан желаяқ сұлу

Светлана Голендова Лондонда ел намысын қорғайды

Жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионаты 4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтеді. Дүниежүзілік додаға еліміздің атынан 13 атлет қатысады. Әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты 23 шілде күні аяқталды.
Әлем біріншілігіне осы уақытқа дейін спорттық жүрістен 4 атлет, 2 марафоншы, 2 үш қарғып секіруші, әйелдер арасында 100, 200 және 4х100 метрге командалық эстафетадан Қазақстан құрамасының спортшылары жолдама жеңіп алған болатын. Жолдамаға ие болған марафоншы Ирина Смольникова жарақатына байланысты әлем чемпионатынан бас тартты. Сондай-ақ, Виктория Зябкина жекелей сында тек 200 метрге жүгіретін болды.
Аталмыш байрақты бәсекеде жерлесіміз Светлана Голендова 4х100 эстафеталық жүгіру бойынша ел намысын қорғайтынын айта кетуіміз керек. 1993 жылы туған қордайлық Светлана Голендова (Иванчукова) 2014 жылы Инчхон қаласында өткен 17-ші жазғы Азия ойындарында эстафеталық жүгіруден күміс жүлдеге қол жеткізсе, Кореяның Кванджу қаласында өткен дүниежүзілік Универсиадада 400 метрлік дистанцияны 44.8 секунд уақытта бағындырып, ұлттық құрамаға алтын медаль алып берген болатын. Өзге де бірқатар дүбірлі додаларда бағы жанып жүрген желаяқ қызымызға жанкүйер болып, сенім артамыз.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>