18 елдің ең үздік  жауынгерлері сынға түседі

18 елдің ең үздік жауынгерлері сынға түседі

Халықаралық әскери ойындар биыл Ресей, ҚХР, Қазақстан, Әзірбайжан және Беларусь сынды 5 елдің аумағында ұйымдастырылады. «АрМИ-2017» бағдарламасының үш кезеңін біздің елімізде, атап айтсақ, Қордай ауданындағы «Мәтібұлақ» полигонында өткізу ұйғарылған.
Бүгін «Мәтібұлақтағы» әскери ойындар басталды. Оны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев және өңірдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары тамашалауда. «Айтулы шараны өткізу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл бізге зор сенім артылатынын көрсетеді», – дейді өңір басшысы.
«Мерген шебі», «Артиллериялық атыс шеберлері» және бағдарламаға биыл жаңадан енгізілген ұшқышсыз ұшу аппараттарымен әуеден барлау аталымдары бойынша «Мәтібұлақта» өтетін жарыста 18 мемлекеттің 400-ге тарта ең мықты деген жауынгерлері өзара күш сынасады. Былтыр «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» атты «АрМИ-2016» ойындары бағдарламасының екі кезеңінде де қазақстандықтар бірінші орын алып, оған қатысқан он үш мемлекеттің арасында абсолютті жеңіске жеткен болатын.

«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>